«Қазақстан тарихы» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы



бет2/5
Дата05.06.2023
өлшемі0,64 Mb.
#98912
түріСабақ
1   2   3   4   5

I тоқсан




Бөлім: Қазақ-жоңғар соғыстары



Тақырып

Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы

Оқу мақсаты

7.2.2.1 Халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығына баға береді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Дерекпен жұмыс. «Елім-ай» әніннің сөзін оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.


«Елім-ай» - қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, босқан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды өлең. Кейінгі зерттеулерде оның нақты авторы - Қожаберген жырау Толыбайұлы деп беріледі.
Елім-ай
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Елім-ай, Елім-ай.
Ел-жұртынан айрылған жаман екен,
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді,
Елім-ай, Елім-ай.
Мына заман қай заман? Бағы заман,
Баяғыдай болсайшы тағы заман,
Елім-ай, Елім-ай.
Атадан ұл, енеден қыз айрылды,
Көздің жасын көлғылып ағызамын,
Елім-ай, Елім-ай.
Мына заман қай заман? Қысқан заман,
Бақыт құсы алаштан ұшқан заман,
Елім-ай, Елім-ай.
Көк аспаннан топырақ, шаң борады,
Күні суық қаңтардан, қыстан жаман,
Елім-ай, Елім-ай

Өлең жолдарынан қандай тарихи оқиға туралы ақпарат алуға болады, қысқаша тоқталыңыз. _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Осы тарихи кезеңдегі қазақ халқының жағдайын төменде берілген салалар бойынша талдап жазыңыз.

Қортынды ой жазыңыз: ________________________________________________



Дескриптор

Білім алушы:




  • берілген әндегі тарихи оқиғаны сипаттайды;

  • қазақ халқының әлеуметтік жағдайын талдайды;

  • қазақ халқының саяси жағдайын талдайды;

  • қазақ халқының экономикалық жағдайын талдайды;

  • қорытынды ой жазады.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет