192
өткізгенде) немесе білікті станокта (5) (екі өткізіп) ұнтақтайды,
біліктеріндегі 1 см 4-6 бұдыр, бұдырлардың орналасуы– 4-5% жəне
біліктердің айналу жылдамдығының қатынасы 1:2,5.
Ұнтақталған
өнімдер елеуіш машинада (6) еленеді, сырғыма эндоспермнің
қиыршықты бөлшегінен қауызды бөліп алу үшін аспирациялық
қондырғыға түседі. Тазаланған жарманы екінші қайтара ұнтақтауға
жібереді. Қауызды клетчатканы көп сақтайтын құрама жем
түріне қолданады. Елеуіш машинадан
өткенін өлшегеннен кейін
мөлшерлегіш алдындағы қорапқа жібереді.
Ұншықты шикізат желісі (3.14-сурет). Ұншықты шикізат
желісі кебек, ұншық, қажет болған жағдайда шөп ұны жəне басқа
да ұнтақтауды қажет етпейтін ұншықты өнімдерді қоспалардан
тазалауға арналған. Бұл желіде
құрғақ қызылша сығындысы, бар-
да, жемдік жүгері азығы мен басқа да тамақ өндірісінің өнімдерін
тазалауға болады. Өнімділігі жоғары зауыттарда тамақ өндірісінің
өнімдерін тазалауға арнайы желі бөлінуі ұсынылады.
Ұншықты шикізаттарды тазалау үшін əртүрлі құрылымды тор-
лы төсем немесе №18 сым тор орнатылған елеуіш машиналар
қолданылады. Өндірістік шошқа кешендеріне
арналған құрама жем
өндіру үшін кебекті қажетті ірілікті қамтамасыз ететіндей електе та-
залайды, ал сырғыманы басқа құрама жем рецебіне қолданады.
Ұншықты шикізатты
қоймадан тазалау үшін
елеуіш машинаға (1)
жібереді. Сырғыма –
жемдік емес қалдықтар, ал
өткені – негізгі шикізатты
– электрлі-магнитті се-
паратор (2) арқылы
өткізіп, металды-магнитті
қоспадан тазалап, мөл-
шер
легіш алдындағы қо-
рапқа жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: