Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет102/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

3.11- сурет. Дəнді дақыл желісі
1 – ауалы електі сепаратор; 2 – 
электрлі магнитті сепаратор; 3 
– 
ұнтақтағыш алдындағы қораптар; 
4 – ұнтақтағыш; 5 – білікті станок; 
6 – електі сепаратор.


190
мөлшері 2% аспауы керек, ал алынған қалдық жемдік қалдыққа жат-
пайды деп есептелініп, жойылуға жіберіледі.
Ары қарай шикізат электрлі-магнитті сепараторға (2) түсіп, 
онда металды-магнитті қоспадан тазаланады. Жиналған металды 
қоспа зертханаға жіберіліп, оны арнайы дəптерге жазады. Қоспадан 
тазаланған дəнді дақыл ұнтақтағыш алдындағы қорапқа (3) түсіп, одан 
ұнтақтағышқа (4) немесе білікті станокқа (5) ұнтақтауға барады.
Ұнтақтағыштың біркелкі жұмыс істеуі үшін автоматты реттейтін 
қондырғы орнату ұсынылады. Балғалы ұнтақтағыштағы елек 
саңылауының өлшемін өңделетін дақылдың түрі мен құрама жемнің 
мақсатына байланысты таңдайды; ол 2-ден 8 мм дейін ауытқиды. 
Ұнтақталған өнімдер бірден мөлшерлегіш алдындағы қорапқа неме-
се (қажет болғанда) електі сепаратор немесе басқа елеуіш машинада 
(6) еленіп, одан кейін мөлшерлегіш алдындағы қорапқа жіберіледі. 
Сырғыма қайтадан ұнтақтауға жіберіліп, ал өткені – мөлшерлегіш 
алдындағы қорапқа жіберіледі.
Қауызды дақылдарды қауыздау желісі. Қауызды дақылдарды 
қауыздаудың бірнеше сызбасы қолданылады, қабығынан аршу мына 
əдістердің бірі арқылы жүргізіледі: а) арпа мен сұлыны ұнтақтап, 
ары қарай қабығын бөліп алу; б) арпа мен сұлыны арнайы машинада 
қабығын бөліп қауыздау.
Қырғылау машинасында қауыздау сызбасы (3.12-сурет). Ав-
томатты таразыда (1) өлшенгеннен кейін дəн таразы астындағы 
қорапқа (2) түсіп, одан ауалы – електі сепараторда (3) бір жағынан 
тазаланып, ал екінші жағынан ұсақ жəне шөпек дəндері бөлініп 
алынады. Тазаланған дəн магнитті қондырғыдан өтіп, қырғылау ма-
шинасына (5) түседі (бірінші өту), одан кейін аспираторға түсіп (6), 
онда жеңіл қоспалар (ұншық пен қауыз) бөлінеді.
Қауыздалған жəне қауыздалмаған дəн қоспалары триерде (7) екі 
ағынға бөлінеді: қауыздалғаны - өлшену үшін автоматты таразыға 
(11), ал қауыздалмағаны, магнитті қондырғыдан (8) өтіп, қырғылау 
машинасына (9) (екінші өту) толық қауыздалуы үшін барады. Екінші 
өткен өнімдер аспираторда (10) желдетіліп, қауыздалған дəн авто-
матты таразыға (11) барады. Қауыздалу тиімділігі 85% кем болмауы 
керек. Негізгі ұнтақталған өнімде клетчатка мөлшері аспауы керек: 
сұлыда – 5,3%, арпада – 3,5%.
Қауыз бен ұсақ дəнді ұнтақтап, араластырып жем қоспасын 
дайындауға жеке сыйымдылыққа жібереді.


191


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет