186
жəне бу беретін құбырлардан тұрады. Құрғақ əдіс бойынша шашы-
ранды құрама жем қысымы 0,35 – 0,40 МПа құрғақ бумен өңделеді.
Шашыранды құрама жемді түйіршіктеу жəне қиыршықтарды
құрғақ əдіспен өндірудің технологиялық желісі 3.10-сурет-
те келтірілген. Шашыранды құрама жем таразыда (1)
өлшеніп
қораптарға (2) түседі, одан кейін елеуіште (3) еленеді, магниттен (4)
өтіп сығымдағыш алдындағы қорапқа (5) беріледі. Осылай дайын-
даудан кейін шашыранды жем сығымдағыш – түйіршіктегіште (6)
түйіршіктеледі. Түйіршіктелген өнім суыту колонкасында (7) суы-
тылады. Суыту ұзақтығы диаметрі 4,7 мм түйіршік үшін - 5-6 мин,
8-7,7 мм-10 мин, 19 мм -18 мин. Теңдеу У = 13,1 + 0,81 Х арқылы
суыту колонкасының жұмысын бақылауға болады. Егер суытылған
түйіршіктің температурасы теңдеумен есептелінген мəнге сəйкес
келсе, онда үдеріс
тиімді өтеді, ал кері жағдайда оның жұмысын
реттеу шараларын жүргізеді: У – суытылған түйіршіктің температу-
расы; Х – сыртқы ауаның температурасы. Суытылған түйіршік (жем)
електі бетте (9) тексеруден өтеді, майда заттар бөлінеді.
Балапандарға арналған түйіршіктелген
құрама жемді суытқыш-
тан кейін арнайы білікті станокта (8 )ұнтақтап, сепараторда елеп,
майдаларын бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: