193
арналған. Қаптан ұнды босату шаң ұстағыш шкафта немесе қаптан
босатқыш машинада жүргізіледі.
Нориялар, таспалы жəне
шынжырлы тасымалдауыштар
шөп ұнын өндіріске кіргізуге жарамайды, өйткені қандай жақсы
жабылған жабдық болса да шаң бөлініп, ауа шөп шаңына толады.
Соны болдырмау үшін шөп ұны үшін пневмотасымалдауышты
қондырғыны қолданады.
Шөп ұнын механикаландырылған
қоймадан өндіріске беру
қоректендіргіш – көлденеңді қабылдағыш ОТИ (1) типті өнім
құбыры (Ø 300 мм), түсіргіш (3) (ЦОЛ - 6) арқылы жүргізіледі.
Пневмотасымалдауыш қондырғы жоғары қысымдағы ЦВ –
18 №8 айналу жиілігі 2500 айн/мин, ауаның жылдамдығы 18 м/с
жəне қысымы 1400кг/м
2
жабдықталған. Шөп ұны жүк түсіргіштен
тазалауға барады. Шөп ұнын кездейсоқ қоспалардан елеуіш ма-
шиналарда (А1 – АКМ, А1 – ДМП 20, А1-БПК, бурат жəне басқа)
тазалайды, онда торлы төсем – тип 1 №100 немесе торлы сым №8
орнатылған. Металды-магнитті қоспадан тазалау үшін магнитті
қалқа немесе электрлі – магнитті сепаратор (6) қолданылады.
Жүк түсіргіштерден кейінгі ауаны тазалау батареялы қондырғы
орнатылған циклонда (8) УЦ – 500-2×3 жүзеге асырылады.
3.15– сурет. Шөп ұны желісі:
1 – көлденеңді
қабылдағыш ОТИ типті; 2 – өнім құбыры; 3 – жүк түсіргіш; 4
– ысырма; 5 – елеуіш машина; 6 – электрлі-магнитті сепаратор; 7 – жоғарғы
қысымды
желдеткіш; 8 – циклон.
13–298
194
Тамақ өндірісінің жемдік өнімдері желісі (3.16-сурет). Тамақ
өндірісінің жемдік өнімдері жəне малтекті азықтар желісінде мына
шикізаттарды тазалап, сұрыптап жəне ұнтақтайды: құрғақ қызылша
сығындысы,
құрғақ барда, құрғақ жүгері азығы, күнжара, иірлікті
сығымдағышта алынған – еттісүйек, қан, ет, балық жəне кит ұндары,
құрғақ жемдік ашытқы, сонымен қатар құрғақ теңіз балдырлары
жəне т.б.
Шикізатты
екі елегі бар електі сепаратор, елеуіш машиналар-
да А1 – ДМП-20, А1 – ДМП-15 жəне т.б. тазалап, сұрыптайды. Ірі
қоспаларды бөліп алу үшін №150-200 торлы төсем немесе №14-18
тор орнатады, сырғымасы қалдыққа жіберіледі. Онда жарамды өнім
2% аспауы керек. Сұрыптағыш елекке №30-60 торлы төсем немесе
№2,5-5 тор орнатады. Електен өткені
мен ұнтақталған сырғыманы
қосып мөлшерлеуге жібереді. Иірлікті сығымдағышта алынған
күнжараны сұрыптағанда, сырғымасын ұнтақтауға жібереді.
Келіп түскен өнімдерді електі сепараторда (1) елейді. Ірі фрак-
цияны электрлі – магнитті сепаратордан (2) өткізіп, балғалы
ұнтақтағышта (3) ұнтақтауға жібереді.
Ұнтақталған өнімдер мен
електен өткен өнімдерді мөлшерлегіш алдындағы қорапқа жібереді.
Шрот желісі (3.17-сурет). Шротты тазалау жəне сұрыптау Д1
– ДМП-20 типті елеуіш машинада (1) жүргізіледі, онда екі елек
қатарын қояды: жоғарғыға торлы төсем №150-200 немесе торлы
Достарыңызбен бөлісу: