Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет100/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

3.9-сурет 
ДГ – 1 қондырғы сының 
сызбасы: 
1 – қоректендіргіш; 
2 – араластырғыш; 
3 – сығымдағыш-
түйіршіктегіш.


187
Буланған құрама жем сығымдау камерасына түседі. Камера-
дан шыққан түйіршіктің ылғалы 16-17 %, температурасы 50-80
0
С. 
Суытқыш камерадан кейін ылғалы 14% (көп емес), температурасы 
қоршаған ортаның температурасынан 5-10 
0
С артық болмауы қажет. 
Түйіршіктелген құрама жем жəне ақуызды –витаминді қосымша 
технологиясында буды қолданбаған жағдайда тұзды гидролды, ме-
лассаны, жүгері экстрактысын жəне сұйық желімдегіш жемдік зат-
тарды пайдаланады. Суытылған түйіршіктерді майда заттардан бөлу 
үшін 1-типті саңылауы № 20-25 мм қаңылтыр немесе саңылауы 
№1,6-2 металлсымды електерде елеуден өткізеді, одан кейін даяр 
өнімдер қоймасына жібереді. 
Өндірілетін түйіршіктердің диаметрлері: 4,7; 7,7; 9,7; 12,7 жəне 
19 мм етіп шығарады.
Ірі, диаметрі 10-19 мм түйіршіктерді шығару тиімді келеді. Май-
да түйіршіктерді өндіруде сығымдағыштың қуаты төмендейді жəне 
қуат шығыны артады. Құстар жəне балапандарды қоректендіруде 
майда түйіршіктер қажет. Майдаланған ұсақ түйіршіктерді бала-
пандар жақсы қабылдайды, сіңімділігі артады, сондықтан оларды 
өндірудің маңызы зор. 
Сулы əдіспен алынған түйіршіктер құрғақ əдіске қарағанда ты-
ғыз, берік болып, суда біртіндеп ісінеді, ал ол балықты азықтандыру 
үшін ең басты шарт.
Сулы əдіспен алынған түйіршіктердің беріктігін
 тек қыздырыл-
ған ауамен кептіргенде алады, өйткені түйіршіктің бетінде жұқа 
қабық пайда болып, ол оны ауа мен судың механикалық əсерінен 
қорғайды.
3.10-сурет. Құрғақ əдіспен 
құрама жемді түйіршіктеудің 
сызбасы:
1 – автоматты таразы; 
2 – қорап; 3 – сепаратор; 
4 – магнитті қалқа; 5 – 
сығымдағыш алдындағы 
қорап; 6 – сығымдағыш – 
түйіршіктегіш; 7 – суытқыш 
колонка; 8 – ұнтақтағыш; 9 
– елеуіш машина.


188
Бұл кептіру əдісінде түйіршіктер тез ылғал жоғалтып, кебеді. 
Құрама жем құрамында крахмал болғандықтан, ол ылғалдау кезінде 
ыстық сумен клейстерленіп, түйіршіктер түзілуіне əсер етеді.
Сығымдағыш - түйіршіктегіштің тиімді жұмысының тұрақты 
жұмыс істеуіне əсер ететін құрама жемнің бастапқы ылғалдылығы 
11-12% болуы керек.
Түйіршіктелген құрама жемді өндіруде құрауыштарды қоспа-
лардан мұқият тазалау қажет, əсіресе матрица саңылауын бекітетін 
металл қоспаларынан, сұлы жəне арпа дəндерінің қауыздарынан. 
Сығымдау алдындағы булау құрама жемнің ылғалын, темпе-
ратурасын көтеріп, жабысқақтығын төмендетеді, бұл жағдайлар 
түйіршіктің сапасын жақсартады жəне қондырғының қуатын артты-
рады, сондай-ақ қуат шығыны үнемделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет