283
болғанша булану зонасына айналады. ПҚД-ның үстіңгі қабығы тез
суалып, үстінің температурасы 100
о
С деңгейде тұрақталмайды.
Пісіру
камерасында ПҚД-ның қызуы, оның жылдамдығы жəне
қарқындылығы көптеген факторларға, сонымен қатар пісіру каме-
ра сындағы кинетика мен массаалмасу, қамырдың
реологиялық
қасиетіне байланысты.
Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін микро
био-
ло гия лық үдерістер. Қамырдағы ашитын микроорганизмдердің
тіршілігі (ашытқы клеткалары мен қышқылдандырғыш бактерия-
лар) пісірілетін қамыр дайындамасын (ПҚД) қыздыру барысына
қарай өзгереді.
Қамырдың 35ºC дейінгі қыздырылуы
кезінде қамырдағы ашу
жəне газ түзу үдерістері тездетіліп, максимумға дейін жетеді. Ша-
мамен 40ºC жеткен кезде пісіп жатқан қамырдың қабаттарында
ашытқының өмір сүруі əлі де болса қарқынды күйде болады. Ал
температура 45ºC асқанда ашытқы арқылы түзілетін газ мөлшері
күрт төмендейді.
Бұған дейін қамырдың температурасы 50ºC
деңгейіне жеткен кез-
де ашытқы клеткаларының тіршілігі жойылады деп саналып келген.
Қамырдағы температураның жағдайына қарай, оның қышқыл
түзгіш микрофлорасындағы тіршіліктің өту барысы (термофильді
емес бактериялар үшін 35ºC, ал термофильді бактериялар үшін
48-54ºC) қыздырылу деңгейіне қарай алдымен жылдам жүреді, ал
кейіннен, температураның олардың өмір сүру жағдайының оптимал
қалпынан асқаннан кейін бəсеңдейді, соңында барып мүлдем жой-
ылады.
Қамырдағы қышқыл түзгіш микрофлораның тіршілігі 60ºC
дейін
қыздырылу кезінде мүлдем тоқтатылады деп саналып келген.
Достарыңызбен бөлісу: