Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Қамыр бөлшектерін домалақтау



Pdf көрінісі
бет166/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Қамыр бөлшектерін домалақтау. Қамырды домалақтау, яғни 
шар тəрізді пішін беру əдетте қамырды бөлшектерге бөлген соң 
бірден жасалады. Бұл операция домалақ нандарды пісіру кезінде 
қамыр бөліктерін соңғы пішіндеп, бір рет жетілдіруге қою опера-
циясынан тұрады. Мұндай жағдай домалақ бөлішкелер мен домалақ 
нандарда жүреді. 
Бидай ұнының жоғары, бірінші жəне екінші сұрыптарынан 
дайындалатын көптеген өнімдер өндірісінде (батон, бөлке, өрме 
жəне бұрамалы өнімдері, гүлді бөлішкелер, мүйізшелер, тағалар 
жəне т.б.) домалақтау өнімдерді пішіндеудің аралық сатысының 
(домалақтанған қамыр бөліктері алғашқы жетілдіруге қойылады) 
біріншісі болып табылады. 
Мұндай жағдайда домалақтау операциясының мақсаты – жұмсақ 
ортасы ұсақ жəне біркелкі кеуекті өнім алуға қабілеті бар қамырдың 
құрылысын жақсарту. 
Қамыр дайындамаларын алғашқы жетілдіру. Бидай 
қамырының бөліктерін бөлшектеу операциясы мен соңғы пішіндеу 
арасында алғашқы немесе аралық жетілдіру жүргізіледі. 


280
Бөлішке жəне сдобалы өнімдерді бөлшектеу үдерісіндегі 
соңғы пішіндеудің алдында домалақтап, алғашқы жетілдіру 
қарастырылған. Бұл операцияның мақсаты – қамыр дайындамасын 
соңғы пішінделуге оптимал жағдай туғызу. 
Алғашқы жетілдіру кезінде қамырдың ішкі құрылысы тарты-
лып, қайта орнына келеді. Сондықтан да қамырдың реологиялық 
қасиеті, оның құрылысы жəне газ ұстап тұру қабілеті жоғарылайды 
да, нанның көлемі үлкейіп, жұмсақ ортасының жағдайы жақсарады. 
Алғашқы жетілдіру өнімнің түріне қарай 5-20 минут арасында 
ашық ауада жүреді. Ағымды желілерде қамырды алғашқы жетілді-
ру таспалы жəне шынжырлы бесікшелі шкафта тұрғызылады. 
Кейде алғашқы жетілдіру қамырды домалақтағыштан созып-
жаймалау машинасына жіберетін ұзын таспалы тасымалдағышта 
жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет