282
Осы барлық өзгерістер қамыр
дайындамасының қызуының
нəтижесінде жылуфизикалық, микробиологиялық,
биохимиялық
жəне коллоидтық үдерістердің əсерінен жүреді.
Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін жы
лу-
физикалық үдерістер. Пісіру кезіндегі жүретін үдерістердің ішінде
барлық үдерістер мен өзгерістерге қарағанда пісіру камерасының
жылуберу элементтерімен жылуалмасу нəтижесінде
пісіру камера-
сына салынған ПҚД-ның қызуы ең негізгі жылуфизикалық үдеріс
болып табылады.
ПҚД-на қызу конвекциялы жəне кондукциялы (тікелей
жылуөткізгіштік) сəулеленумен жіберіледі.
Нанды пісіргенде қызу табаннан жоғары қарай қозғалады. Пеш
300-400
о
С қызғанда одан ыстық энергия ұшқыны ұша бастайды.
Осы ұшқынның толқындарының ұзындығы 5-4,3 мкм тең. Осы
электромагниттік тербелістер көзге көрінбейтін толқындарының
ұзындығы 0,77-340 мкм арасында болатын инфрақызыл сəулелерден
тұрады. Осы қызу нан пісіру үдерісінде негізгі орын алады. Энер-
гия қозғалыстарымен қатар, пештің
ішінде конвективтік ыстық
газдың қозғалу үдерісі де жүреді жəне қамыр дайындамасының
кондукциялық табаннан ыстықтың бірден өтуі де қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: