Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Макарон өнімдерін сорттау жəне қаптау



Pdf көрінісі
бет201/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

5.10. Макарон өнімдерін сорттау жəне қаптау
Макарон өнімдерін қаптау макаронды қаптау столына немесе 
қорабына жеткізуден, оларды сорттаудан, ол қысқа кесілген макарон 
болса, магнитті тазалаудан өткізуден, қапшықтарға, қораптарға салу, 
оларды тербеткіш-вибраторға қоюдан, таразыға тарту, жəшіктің 
қақпағын кағу жəне оған жарлықты жапсырудан тұрады.
Макаронды сорттағанда, оның ішінде кездесетін стандарттық 
талаптарға сай келмейтін макарондарды белгілеп шығарып тастай-
ды. Жақсы дайындалған макарондардың негізгі көрсеткіштеріне 
олардың ішінде илектенген, біріне-бірі жабысып қалған түтікше 
макарондардың, вермишель талшықтарының, кеспелердің болмауы 
жатады. Макарон түтікшелері бірінен бірі жеңіл ажырайтын болу ке-
рек. Егер жақсы кеппеген макарондар кездессе, оларды бөліп алып, 
кайтадан кептіру камерасына жібереді. 
Макарондарды қорапқа салу үшін таразыға тарту керек болса, оны 
салмағы 
белгілі болаттан немесе алюминийден істелген күрекшеге 
салып өлшейді. Ол күрекшенің сызықтық өлшемдері сол салынатын 
қораптың ішкі өлшемдеріне сəйкес болу керек, өлшенген макаронды 
қораптың ішіне еңкейтіп түсіреді.
Егерде желілерде шығарылған, бастундарда ілініп кептірілген 
макарондар болса, оны автоматты жəне жартылай автоматты 
қаптағыштарда каптайды. Оларды бастуннан шығарып алып, 
оның иінін бөліп, екі шетін тегістейді. Сонан соң олар автоматты 
түрде қапталады. Қысқа макарон өнімдерін автоматты жəне картон 
қапшықтарға қаптайды.
5.11. Макарон өнімдерін сақтау
Макарон өнімдерін қоймада сақтаған кезде олар бұзылып, қойма 
зиянкестерімен зақымдануы мүмкін.
Егер макаронның ылғалдығы жоғарыласа, онда өңез пайда бола 
бастайды. Сондықтан олардың ылғалдығы неғұрлым төмен болса, 
соғұрлым, өзінің тағамдық жəне дəмік қабілеттерін төмендетпей, 
ұзақ сақталады. Сондықтан ұзақ сақтауға арналған макаронның 
ылғалдығы 11%-дан аспау керек, ол 16%-дан жоғары болса, онда 
өңездену қаупі туады.
Макарон өнімдері ылғалды өзіне ауадан тартып, сіңіргіш келеді. 
Ауаның салыстырмалы ылғалдығы өскен сайын макаронның 


334
да ылғалдығы өседі. Сондықтан олар сақталатын қойма кұрғақ, 
жақсы желдетілетін болу керек. Егер макаронның ылғалдығы өсіп 
бара жатса, оны қарқындата желдетіп, бүлінуден сақтап қалуға 
болады.
Макарон өнімдері төмен температурадан қорықпайды, сондықтан 
да салқын қоймаларда да сақтауға болады.
Макарон өнімдері ылғалмен қатар, өзіне бөтен иісті де сіңіріп, 
сақтап қала алады.
Картон жəшіктерге, қапқа қапталған макаронды текшелеп жинай-
ды. Олардың биіктігі 6 жəшік немесе 7 қаптан аспау керек.
Қоспа қосылмаған макарон өнімдерін қолайлы жағдайда бір 
жылға дейін сақтауға болады. Осы текшелердің астында да бөтен 
иіс болмауы керек. 
Макаронның зиянкестеріне диірмен жəне ұн көбелектері, ірі жəне 
ұсақ зауза қоңыздары, күріш бізтұмсығы жəне ұн кенесі жатады. 
Макарон зиянкестерімен күресу үшін, ең алдымен, мекеменің ау-
ласы, қойма, цехтың іші-сырты таза болу керек. Екіншіден макарон-
ды сақтағанда мына талаптар қойылады: 
• ылғал жəне зиянды жəндіктер кіріп кетпеу үшін макаронның 
ылғалдылығы өз деңгейінде болып, олар мықты саңылаусыз тығыз 
жабылған ыдысқа салынып сақталу керек;
• айналадағы температураның жылдам алмасуы макаронның 
бетінің шытынап кету үдерісіне əкеліп соғуы мүмкін, сондықтан 
кептіргіш камерадан шыққан макарондарды жайлап суытып содан 
соң ғана қоймаға жіберуге болады;
• жəшіктерді тасығанда, орнын ауыстырғанда оларды сын-
дырып немесе кесіп алмай қозғау керек. Оларды ылғалданудан, 
жəндіктерден сақтау керек; 
• макарон өнімдерін улы, жаман мүңкіген иісті, шаңды мол 
шығаратын заттармен бірге сақтауға немесе тасуға болмайды;
• макарон өнімдерін құрғақ, жазда салқын, жақсы желдетілетін, 
ішкі төбесі, қабырғалары тегіс, ақталған бөлмеде сақтайды;
• қоймадағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60-65 % болып, 
қыста суық, бірақ желдетуге, ал кейде, керек бола қалған жағдайда 
жылу жіберу тетіктері болу керек; 
• қоймадағы жəшіктердің қатарлары жақсы желдетілген болу 
керек.


335


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет