336
өлшеуге анықтауға
арналған өлшем бөліп алады, ал қалғанын №
27 жібек елегінен өткізіп, одан өтпей қалған бөлігін араластырып,
қышқылдығын анықтауға пайдаланады.
Дайын макаронның ылғалдылығын стандарттық тəсілмен 130
0
С-
та 40 мин ішінде кептіріп, ал қышқылдықты титрлеп табады.
Макаронның беріктілігін бағалау. Мемлекеттік стандартқа
сəйкес тек ұзын макарондардың беріктігін анықтау берілген. Бірақ
өнімдердің өз пішінін, өз мөлшерін ұстап тұру қабілеті де көрнекті
орын алады.
Ұзын макаронның беріктігін анықтаудың ең дұрыс тəсілін В. В.
Лукьянов жасаған. Стандартта бұл сөзді сынғыштығы деген сөзбен
ауыстырады.
Макаронның сынғыштығын, ара қашықтығы 150 мм
екі діңгек орнатылған автоматты таразыға, діңгектің үстіне қойып,
ортасынан басып сындырып өлшейді. Онда оны сынған кездегі
жүк көтеру мөлшері, оның сынғыштық көрсеткіші ретінде алынған.
Макаронның сынғыштығын 10 макаронды сындырып, олардың ор-
таша көрсеткішін шығарып, өлшеу арқылы табады.
Макаронның сынығы мен үгіндісін анықтау. Макарон
сынықтарының мөлшерін сапа күлділігін толтырудың алдында 1-2
жəшікті ашып, талдап анықтайды, ол үшін жəшіктегі
қораптағы
макарондарды ақырын столдың үстіне немесе таза қағаздың үстіне
аударып, оның ішіндегі сынықтарын формасы бұзылғандарын,
үгітіндісін бөлек өлшейді де, олардың пайызын табады.
ݖ ൌ
כ ͳͲͲ
ଵ
ǡ
(5.4)
Мұндағы, В – сынықтар мен үгітінділер массасы, г;
В
1
– жəшіктегі макаронның массасы, г.
Металл сынықтарын анықтау үшін таға формалы магнитті пай-
даланады. Оның жүк көтеру күші 1 кг магниттің массасына есепте-
генде 8 кг кем болмау керек. Макарон өнімдерін жаймалап, оның əр
қатарына магнитті екі реттен ұзынынан жəне көлденеңінен жүргізіп,
оған жабысқан металл заттарын қағаздың үстіне сыпырып түсіріп
алып, сағат əйнегіне салып, аналитикалық таразыға тартады. Содан
соң 1 кг макаронға келетін металл ұнтақтарының мг мөлшерін та-
бады.
Ботқа жасағандағы макаронның өзгеру жағдайы. 50-100 г мака-
337
ронды
өлшеп алып, оған 10 есе көп су құйып, ботқа дайын болғанша
қайнатып пісіреді. Ботқа піскен соң оны електің үстіне аударып
сүзеді, суы сорғып болған соң, оны жай көзбен қарап, пішінінің
өзгеру күйін анықтайды.
Ботқаны макаронның қалыңдығына, т.б. өлшемдеріне қарай,
10-20 мин қайнатады. Мұнда оның
көлемінің өсу мөлшерінің
ботқамен, соны жасауға жұмсалған макарон көлемдерінің
арасындағы қатынасты табады. Оларды өлшеуіш цилиндрді пайда-
ланып өлшеп табады. Ол үшін цилиндрге су құйып алып, оған піскен
ботқаны немесе құрғақ макаронды салып, сонда судың көлемінің
өсуіне қарай табады. Оларды салған соң аздап сілкіп, ішіндегі
ауаның көпіршіктерін шығарып жіберу керек.
Достарыңызбен бөлісу: