Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет227/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Пастиланы кептіру. Кеппеген пастила жабысқақ болады. 
Сондықтан пастиланың ылғалдылығын 16-18%-ға дейін кептіреді. 
Пастила кеуекті болғандықтан тез кебеді. Бірақ, агар, сірне пасти-
ласы ылғалды жақсы ұстайтын болғандықтан, ақырындап кептіреді. 
Оларды шахталы немесе немесе туннельді кептіргіштерде кептіреді. 
Олар кептіргіш жəне суыту камераларынан тұрады. Кептіру екі са-
тыда жүргізіледі. Камерада калориферде ысытылған ауа алдымен 
бірінші аймаққа жетеді. Оның температурасы 40-45°С, ауасының са-
лыстырмалы ылғалдылығы 50%, қозғалу жылдамдығы 1 м/сек. Сон-
да пастила 2,0-2,5 сағат кебеді. Екінші аймақта температура 50-55°С, 
ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 20-25%-дан төмен, қозғалу 
жылдамдығы 1м/сек, кептіру мерзімі 2 сағат. 
Кепкен пастила содан соң суыту камерасынан шығарылып, 
30 мин 25-30°С-та кебеді. Кепкен пастиланың ылғалдылығы 17-19%-
ға дейін төмендейді, инвертті заттардың мөлшері 8-12% болады.
Камералы кептіргіште пастиланы 45-55°С-та 4-6 сағат кептіріп, 2 
сағат суытады.
Пастилаға қант ұнтағын себу, оны қораптарға салу. Пастила кеп-
кен соң оның бетіне қанттың ұнтағын себеді. Ол пастиланың бірімен 
бірінің жабысуынан сақтайды. Ол автоматтар арқылы жүреді. 
Пастиланы ленталы транспортерде електен түсіріп, оның үстіне 
ұнтақ түсіп тұратын шанақтың астынан өткізеді. Ондағы артық 
ұнтақты щеткамен сыпырып алады. Кететін ұнтақтың мөлшері 
пастиланың салмағынан 6-8%-ға тең болу керек. Дайын пастиланың 
ылғалдылығы 16-18%, редуцирленген заттардың мөлшері 7-14%, 
пастиланың тығыздығы 700 кг/м
2
артық болмайды. Пастиланы шо-
колад глазурмен жағып та шығарады. 
Дайын пастиланы 100-500г, қалындығы 2 қатардан қорапқа сала-
ды. Оның ішіне парафинделген қағаз төселеді. 
Егер пастила фанерадан немесе картоннан істелген қораптарға 
салынатын болса, олардың салмағы 5 кг-нан, қатар саны 6-дан 
артық болмау керек. Содан соң оларды үлкен сиымды жəшіктерге 
орналастыруға болады. 
24–298


370


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет