381
Сүтті 0,5 мм електе сүзіп, ал ұнтағын пайдаланатын болса, оны
ерітіп қосады.
Сірне мен балды 40-50°С-қа
дейін ысытып, 2 мм електе сүзеді.
Жеміс салмаларын, қайнатпаларын алдын-ала жылытып немесе
қант шырынын қосып, езіп 3 мм тордан өткізеді.
Жүзімді тазалап, жуып пайдаланады.
Жаңғақ, бадам т.б. майлы жемістерді қолмен немесе машинада
тазалап пайдаланады.
Құрғақ иісті заттарды микродиірменде тартады да, 1,5 мм елек-
тен өткізіп пайдаланады.
Екікөмірқышқылды соданы, көмірқышқылды аммоний жəне
тұзды ұнтақтап, 2 мм електе елеп немесе ерітіп, 0,5 мм тор арқы-
лы сүзіп пайдаланады. Ол үшін 25°С-тағы судың 100
бөлігіне
35 бөлік тұз, 25 бөлік көмірқышқылды аммоний жəне 10 бөлік
екікөмірқышқылды сода қосады.
Достарыңызбен бөлісу: