Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Салма салынған жəне əртүрлі пішінді шоколадтарды қалыпқа



Pdf көрінісі
бет233/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Салма салынған жəне əртүрлі пішінді шоколадтарды қалыпқа 
құю. Іші қуыс, ішіне салма салынған батондар, əшекейленген ішіне 
салма салынған шоколадтарды əртүрлі автоматтарда қалыпқа құйып 
шығарады. 
Ондай автоматтарға «Кавемиль-крем 600-275» жатады. Онда сал-
ма салынған шоколад жəне ассорти жасайды. 
Онда алдын-ала 28-30°С-қа дейін жылытылған қалыпқа шо-
колад массасы құйылып, одан кейін оны суытып шығарады. Онда 
екі бағытта – төменнен жоғары, жоғарыдан төмен жүріп тұратын 
транспортер орнатылған тоңазытқыш қойылған. Алдымен шоколад 


378
қалыптың түбіне құйылып, содан соң оған салма салып, оның үстіне 
қайтадан шоколад құйылып, шеті көмкеріледі. 
Міне осылай барлық шоколадтарды шығара беруге болады. 
Іші кеуек шоколад шығару. Кеуекті шоколадты десертті шоко-
лад сияқты дайындайды. Оның температурасы 28-30°С-қа жеткізіп, 
30°С-қа дейін ысыған қалыпқа, оның биіктігінің ¾ бөлігіне дейін 
құйып, ауасыз кеңістік туғызатын камераға жіберіледі. Ондағы си-
рек ауада шоколадтың ішіндегі ауа көпіршіктерінің көлемі өсіп, шо-
коладты керіледі де, қалыпқа толады. Содан соң оны тез 5-10°С-қа 
дейін суытады. Сонда шоколад кеуектеніп дайын болады. 
Стандарт бойынша десертті шоколадтың ылғалдылығы 1,2%-дан 
жоғары емес, жай шоколадтың ылғалдылығы 1,2-1,5% болу керек. 
Шоколадты орау, буып-түю, сақтау
Шоколад тақтайшаларын орау машиналарында парафинделген, 
пергамент астарлы қағазға, алюминий фольгасына жəне түрлі түсті 
жарлықтарға орайды. Олар оны ылғалданудан, хош иістерінің ұшып 
шығып кетуінен сақтайды. 
Шоколадтың құрамындағы қанттың кристаллға айналып кетуін 
алдын алу үшін сақтау қоймада температурасы 15-18°С аралығында, 
ал салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан жоғары болмауы керек.
Əртүрлі пішінді шоколадтарды целлофанға, фольгаға орайды. 
Ассорти 100-500 г-нан кішігірім қораптарға, оларды 2,0-2,5 кг-нан 
біріктіріп қаптамаларға, содан соң жəшікке салады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет