379
• галета – жай,
жақсартылған, диеталық;
• крекер – майлы ашытқы қосылып ашытылған немесе химиялық
көбіршіктендіргіштер қосылған, майсыз ашытылған немесе
химиялық көбіршіктендіргіштер жəне дəмдік
заттар қосылған;
• сдоба печеньесі – құмшекерлі, құмшекерлі бұлғанған, бадам-
жаңғақты, кептірілген сухарик;
• пряниктер –
өңделмеген, қайнатылған;
• пирожныйлар – құмшекерлі, бисквитті жеңіл, қабатталған,
бадам-жаңғақты, ақуызды бұлғанған (меренги тəрізді), себет тəрізді
(тарталетка), қайнатылған («Эклер» типті), қоқымданған;
• торттар – құмшекерлі,
бисквитті, қабатталған, бадам-жаңғақты,
ақуызбен бұлғанған, қытырлақ тəтті нанды, жемісті;
• кекс – ашытқы салынған немесе химиялық көбіршіктендіргіштер
қосылған деп бөлінеді.
Кондитер тағамдардың бəрін механикаландырылған
желілерде
пісіреді.
Олардың ішіндегі ең көп тарағаны печенье. Пряник екінші орын-
да, оны наубайханаларда пісіреді.
6.5.1 Печенье жəне галета өндірісі
Печенье деп əртүрлі жұқа, іш құрылысы кеуекті кебу, қант, май,
жұмыртқа, сүт, хош иісті заттар қосылған, ұннан пісірілген тəтті
тағамдарды айтады. Қантты печеньені
серпімді созылғыш қамырдан
пісіреді. Олар өздерінің құрылысы бойынша морт жəне жақсы кеу-
ектелген болады.
Созылмалы печенье деп, салыстырмалы жағдайда қатты, кеуектігі
төмендеу, серпімді тығыз қамырдан пісірілген өнімдерді айтады.
Сдоба печеньесі деп əртүрлі ұсақ, əртүрлі пішінді, дəмі де əртүрлі
тəтті тағамдарды айтады.
Галета деп нан орнына пайдаланатын
төртбұрышты жалпақ,
құрғақ тағамды айтады. Оны тығыз серпімді қамырдан пісіреді. Жай
галета («Поход») деп қантсыз, майсыз, жақсартылған галета («Ар-
ктика») деп майлы қамырдан пісірілген тағамды, ал диеталық деп
майлы, қантты жəне олар аз ғана қосылған тəтті тағамдарын айтады.
Галета түр-тармағына крекер құрғақ төртбұрышты немесе
дөңгелек,
майлы қабатталған, морт құрылысты, беті көбіршіктелген
печеньелері жатады.