398
ІІІ БӨЛІМ
ҚАНТ ЖƏНЕ КРАХМАЛ
ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
7-ТАРАУ
ҚАНТ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Қант өндірудің шикізаты ретінде өнеркəсіптік деңгейде қант
құрағы мен қант қызылшасы қолданылады. Қант құрағы дақылдық
топқа жатады жəне Кубада, Мексикада, Үндістанда, Австралия-
да жəне басқа да ауа-райы ыстық елдерде өндіріледі. Бүгінгі таңда
əлемде өндірілетін қанттың үштен екі бөлігі қант құрағынан алы-
нады. Осы керемет дақылдың биіктігі 6 м жəне жуандығы 50 мм
дейін жетеді. Құрақтың сабағындағы сахарозаның мөлшері қант
қызылшасымен салыстырғанда біршама төмен, алайда осы дақылдың
қант қызылшасына қарағанда өнімділігі əлдеқайда жоғары, 1 га қант
құрағынан қант қызылшасымен салыстырғанда 2 есеге дейін көп
қант алынады. Ресейде қант өндірісі өнеркəсібінде негізінен қант
қызылшасы қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: