Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет251/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

7.1.3. Қызылшаны зауыттарға жеткізу жəне қоспалардан та-
зарту
Қызылша өндіріске гидротасымалдағыш арқылы жеткізіледі, 
ол болаттан, бетоннан, кірпіштен немесе өзге де материалдардан 
жасалған астаушалар түрінде болады жəне зауытқа қарай құлама 
қалыпта орналастырылады. Қызылшамен араласқан сулы қоспа 
астауша арқылы жоғары деңгейдегі 0,2-0,3 МПа қысымда гидрант-


403
тар көмегімен зауытқа қарай жөнелтіледі. Судың шығыны қызылша 
салмағына шаққанда 600-700% құрайды. Өңдеуге жеткізілген 
қызылшада 5 тен 10% дейін қоспалар болады, олар: қызылша 
сабағынан, құмнан, тастардан, топырақтан тұрады. Зауытта осы 
қоспалардан тазартуға ерекше көңіл бөлінеді, өйткені олардың 
араласып кетуі жабдықтардың жұмысын тежейді, диффузионды 
шырынның бөлінуін төмендетеді, қанттың шығындалуын көбейтеді. 
Қоспалардан тазарту гидротасымалдағышта жүре бастайды, мұнда 
арнайы қаққыш-құрылғылар орнатылған (сабағын, саламшөбін-, 
құмын- жəне тасқаққыштар). 
Қызылша мен қоспалардың гидротасымалдағыштың бойы-
мен жылжи бастауы кезінде олардың ағынның биіктігі бойын-
ша бөліну үрдісі жүзеге асады. Əр түрлі тығыздықтағы ауыр 
қоспалар (тас, құм) судың түбіне шөгеді, қызылша өзінің тығыздық 
деңгейіне қарай сумен араласқан күйде қалқып жүреді, ал жеңіл 
қоспалар болса (арамшөптер, сабағы, саламдар) – ағынның жоғарғы 
бетіне шығады. Сабағын, саламшөбін қаққыштар осы жеңіл 
қалқып шыққан қоспаларды ұстауға арналған. Осы қаққыштарды 
гидротасымалдағыштың металл астаушаларына орнатады. Сабағын, 
саламшөбін қаққыштардың жұмыс атқаратын бөліктеріне екі 
тартқыш шынжырлар жатады, олар жұлдызшаларға артылған жəне 
өзара шанышқылармен біріктірілген. Шанышқыларға тісті тырнау-
ыштар бекітілген, олар сабақтар мен саламдарды ұстап қалу үшін 
суға 150-200 мм тереңдікке батырылады да қызылшалы сулы қоспаға 
қарама-қарсы бағытта жылжиды, жеңіл қоспаларды жинап алып, ар-
найы жинақтағышқа лақтырып тастап отырады. Ауыр қоспаларды 
ұстап қалу үшін ағынға қарсы қозғалатын барабанды тасқаққыштар 
пайдаланылады, олардың қызметі гидравликалық негізде қимылдай 
отырып əр түрлі тығыздықтағы қоспаларды бөлу əрекеті. Тасқаққыш 
елеуіш түріндегі айналып тұратын барабан болып табылады, оның 
ішкі жəне сыртқы жақтарында винтті қалақшалар орналастырылған. 
Қызылша мен ауыр қоспалар гидро-тасымалдағышпен тасқаққышқа 
беріледі, ағынның жылдамдығы бəсеңдейді, тастар шөге бастай-
ды жəне ішкі винтті қалақшалармен ағынға қарсы жылжи отырып 
арнайы жинақтағышқа түсіп отырады, ал ұсақ қосындылар (құм) 
барабанның сыртқы елеуішті бөлігінен ішке өтіп, тура сол бағытта 
қалақшалар көмегімен жылжи береді, ал қызылшалар болса, қалқыма 
күйде қала отырып, əрі қарай гидротасымалдағыш бойымен жүре 
береді. Тасқаққыштар 98% ірі қосындыларды жəне 92% шамасында 


404
ұсақ қосындыларды бөлуді жүзеге асырып отырады, үздіксіз жұмыс 
атқарады жəне қосымша су жұмсауды қажет етпейді.
7.1.4. Қызылшаны жуу
Қызылшаны жууға ерекше мəн беріледі, өйткені қалдық 
қосындылар диффузионды шырынның сапасына кері əсер етеді əрі 
ластайды жəне қызылша ұсақтағыштың жұмысын нашарлатады. 
Осы мақсатта əр түрлі жүйедегі жуғыш машиналарды пайдаланады: 
судың жоғары немесе төмен деңгейіндегі, не болмаса құрама түрдегі 
жуғыш машиналарды қолданады.
Бұлардың арасындағы ең кең тарағаны КМЗ-57М, ол су деңгейін 
жоғары өнімділікпен пайдалануды қамтамасыз етеді, сəйкесіне 1,5 
мың т қызылшаны жуады. Осы жуу машинасы (7.3-сурет) астаушаға 
ұқсас ыдыстан 
1, бөлгіш қалқалардан 4, екі бөлімнен: жуу жəне 
шығару бөлімінен тұрады.
Жуу бөлімінде қызылшаларды беру жəне тегістеп жаюға арналған 
шнек 
2 орналасқан жəне оларды араластырып, қарқынды қимылға 
түсіретін тісшелері бар вал 
3 орнатылған. Жуу бөліміндегі судың 
деңгейі валдан 300-400 мм жоғары деңгейде асады, сондықтан 
судың бетіне қалқып шыққан жеңіл қосындыларды оңай жинап 
алуға мүмкіндік бар. Машина сонымен қатар, құм жинағышпен 
10 
жəне тас жинағышпен 
11 жабдықталған. Қызылшалар жуу бөлімінен 
қалақадағы 
4 тесіктер арқылы, шибердің 5 реттеп отыруымен 
шығару бөліміне түседі. Ол жерде де қалқалармен 
7 жəне 8 бөлінген 
үш секция болады. Бірінші секциядан қызылшалар ожау 6 арқылы 
екінші секцияға түсіріледі, ол жерден қалқадағы тесік арқылы 
8 
үшінші секцияға беріледі, содан кейін ожаумен 
су бөлгіш бөлімге 
түсіріледі. Осы КМЗ-57М машинасында қызылшаны жуу тиімділігі 
50% құрайды. Соңғы кездері қызылшаны жуу тиімділігін артты-
ру мақсатында ағынды сумен жуу тəсілі қолданылады, мұндағы 
атқарылатын жұмыс қызылшаларды қайталап жууға негізделеді, бір 
тамыржемісін 1 МПа қысымдағы сумен жуады.
Жуып болғаннан кейін қызылшаларды электромагнитті сепа-
раторларға жібереді, мұнда металл қосындылардың араласып кетуіне 
тексереді, автоматты таразыларда өлшейді де əрі қарай жоңқалап ту-
рау үшін бункерге қарай жібереді.


405
7.1.5. Қызылшаны жоңқалап турау
Қызылшадан қантты бөліп алу үшін қызылшаны экстракцион-
ды тəсілмен ұсақтап, əр түрлі пішімдегі жұқа жоңқаларға турай-
ды: ойықты, текшелі, ромба түріндегі жəне т.б. Осы жоңқалардан 
сахаразоның экстракциясын алуды диффузионды аппаратта үздіксіз 
қимылда жүргізумен жүзеге асырады. Қызылша жоңқаларының са-
пасы диффузионды қондырғының жұмысына елеулі түрде əсер етеді 
жəне жоңқа метрінің 100 г есептеліп бағаланады (Силиннің саны) 
немесе олардың 5 см ұзындарының салмағы 1 см ұзындарымен са-
лыстыра есептеліп (шведтік құбылыс), сонымен қатар, жоңқаларда 
болатын ақаулар көлеміне қатысты бағаланады.Үздіксіз қимылда 
əрекет ететін диффузионды аппараттағы қызылша жоңқаларының 
100 г ұзындары 9-15 м құрайды, ал шведтік құбылыс та одан кем 
емес, ол 8 (8-12) шамасында болады. Ал өте жіңішке жоңқалар 
жылдам ұсақталып кетеді де сүзгінің бетін жауып тастайды, сөйтіп 
шырынды жоңқалы дренаж қимылы баяулайды жəне шырынның 
ағынын тежейді. Жоңқалардағы ақаулықтардың болу мөлшері 3% 
аспауы қажет. Жоңқаның құрамындағы кесілмеген шашақтары жəне 
көлемі 5 мм кем түрлері немесе жуандығы 0,5 мм жоңқалар ақаулар 
қатарына жатады. Ең оңтайлы болып саналатындар ромба тəріздес 
немесе төрт бұрышты кесінділер болып табылады, олардың сапасы 
астаушалы жəне текшелі түрлеріне қарағанда анағұрлым жоғары 
болады. Қызылшаның жоңқаларын алу үшін орталықтан айнала-
тын, дискілі немесе барабанды қызылша турағыштар қолданылады. 
Орталықтан айналатын қызылша турағыштың (3.4-сурет) ра-
малары кескіш пышақтармен 
3 бірге құрылғының корпусына 1 
тігінен бекітілген. Пышақтар 
3 қозғалмайтын күйде, қажет болған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет