Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет253/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

7.5-сурет
Қызылша жоңқаларын жомды сығынды сумен 
қантсыздандырудың қарама қарсы тəсілдегі схемасы:
С
2
, С
1
, с
1
, с
2
– қызылша жоңқаларындағы, жомдағы, экстрагенттегі жəне 
диффузионды шырындағы сахарозаның сəйкес концентрациялары.


409
қалақшасы бар біліктің көмегі арқылы жоғарыға қарай жылжыты-
лып, қарсы бағыттағы сумен араласуға бағытталады. Жоңқалардан 
бөліп алынған диффузионды шырын сүзгіден өткізіліп, колоннаның 
төменгі бөлігінен шығарылады жəне екі ағынға бөлінеді: біріншісі 
жылуалмастырғыш пен ыстау бөлігінен өтеді, ал екіншісі – жылу 
алмастырғыш қондырғыны айналып өтіп, ыстау бөлігінің жылу 
алмастырғышынан өтеді. Қантсыздандырылған жоңқалар (жом) 
аппараттың жоғарғы бөлігінен шнекті су бөлгішке бағытталады, 
ал кейіннен тік орналасқан жомды сығындау орнына беріледі. 
Осы жағдайда бөлініп шыққан су мезгаұстағышта тазартыла-
ды, қыздырылады, зарарсыздандырылады, сөйтіп диффузионды 
аппаратқа беріледі. Таза су жеке немесе 72ºС температураға дейін 
қыздырылған жомды сығындалған сумен бірге күкіртті газдың 
көмегімен рН мөлшері 5,5-6,0 болғанша сульфиттеледі жəне диф-
фузионды аппараттың жоғарғы бөлігіне беріледі. Колонналы диф-
фузионды қондырғы ұзындығы 100 г болатын 11-13 м жоңқалардан 
жəне швед құбылысындағы 8-12 жоңқалардан қантты алу кезінде 
тиянақты жұмыс істейді.
Осы аппаратта диффузионды шырын алу мөлшері қызылша 
салмағымен алғанда 120-125% құрайды. Диффузиялану бел-
сенділігінің ұзақтығы температурасы 74-75ºС кезінде 75-80 мин 
жетеді.
7.6- сурет. КДА диффузионды қондырғысы: 1-ыстау бөлігі; 2- қыздырғыш; 
3-тік орналасқан колонналы диффузионды аппарат.
27–298


410
Қант өнеркəсібінде еңкіш шнекті диффузионды аппараттың 
екі түрі пайдаланылады: ПДС жəне ДДС. ПДС аппаратының 
белгіленген жұмыс істеу өлшемдемелері: 100 г жоңқаның ұзындығы 
15-18 м, шырынның алынуы қызылша салмағымен алғанда 
120-125% болады; белсенді диффузияланудың ұзақтығы 60...65 
мин; шырынды жоңқалы қоспаның орташа температурасы 70ºС 
жетеді. Еңкіш шнекті диффузионды аппараттардың жұмысындағы 
елеулі кемшіліктерінің бірі жоңқаларды біртегіс қыздыра алмауында 
болып табылады.
7.1.7. Диффузионды шырынды тазарту
Алынған диффузионды шырын 16...17% құрғақ заттарды, оның 
ішінде 14-15% сахарозаны жəне 2% шамасында қант емес заттарды 
құрайды. Оның түсі қараға жақын болады, дəмі қышқыл (рН 6,0-6,5), 
күшті көпіреді, құрамында жасушалардың бөлшектері кездеседі, 
жабысқан ақуыздардың ұлпалары, сахарозаның кристаллдануы-
на кедергі келтіретін жəне оның мелассамен бірге шығындалуын 
ұлғайта түсетін еритін қант емес заттарды да қамтиды. Осының сал-
дарынан шырыннан, оның құрамындағы суды шығару үшін қайната 
отырып жəне сахарозаны кристаллдандыра отырып қант алу 
мүмкін емес. Сондықтан ең маңыздысы, диффузионды шырынның 
құрамындағы қант емес заттарды шығарып алу болып табы-
лады. Диффузионды шырынды тазартудың технологиялық схемасы 
7.7- суретте берілген.
Диффузионды шырыннан мезганы шығарып алғаннан кейін 
шырынды бірнеше сатыда тазартады, оның бірінші кезеңі диффу-
зионды шырынды дефекациялау болып табылады. Дефекация – 
шырынды əкпен өңдеу. Дефекация екі кезеңді қамтиды: алдын ала 
жүргізілетін жəне негізгі дефекация. Алдын ала жүргізілетін дефе-
кация былайша жүзеге асырылады, диффузионды шырынды 85-90ºС 
дейін жеткізіп қыздырады, да құрамына əк енгізеді (известь ретінде 
əқ сүтінен басқа Са(ОН)
2
І сатурациядағы жəне дефекацияланған 
шырын қолданылады). Осы үрдісті шырынның құрамындағы рН 
10,8-11,6 жеткенше жүргізе береді. Содан кейін негізгі дефекаци-
яны жүргізеді, мұнда шырынға құрамында көп мөлшердегі əк бар 
известь сүтін қосу арқылы жүргізеді. Бұл кезде рН мөлшері 12,2-
12,3 дейін ұлғаяды. Əктің əсерінен жоғары молекулалы заттардың 
коагуляциялануы пайда болады, бірқатар қант емес заттардың 


411
ыдырауы, қышқылдардың кальций тұзын түзе отырып бейтарап-
тануы туындайды. Дефекацияланған шырынды көміртегінің қос 
тотығымен өңдейді, нəтижесінде оның құрамындағы əк кальций кар-
бонатына айналады да шөгінді болып түседі, сөйтіп өзінің сыртқы 
бетіне қант емес заттарды (І сатурация) адсорбциялайды. Кальций 
карбонатының тұнбасын жəне алдын ала дефекациялау кезінде 
түзілген қант емес заттарды шырынды тұндырып қою арқылы не-
месе сүзу арқылы бөледі немесе сүзіп тазартады. Сүзіп тазартылған 
шырынды қыздырады жəне қайталап сатурациялайды (ІІ сатурация). 
ІІ сатурация кезінде шырынның қосымша физико-химиялық тазала-
ну үрдісі жүреді жəне əктің ең көп мөлшерде шығарылуы мүмкін 
болады. ІІ сатурациядан кейін шырынды сүзеді жəне сульфидтейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет