Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет252/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

7.3- сурет. КМЗ-57М қызылша жуу машинасы


406
жағдайда оларды қызылша турағыш құрылғы жұмыс істеп тұрғанда 
да ауыстыра беруге болады. Қызылша айналып тұратын ротор-
ұлушаларға 
2 түседі, орталық айналыс күшімен пышақтарға қарай 
жабыса түседі де жоңқаланып кесіле бастайды. Барабанды қызылша 
турағыш көлденеңорналасқан валдағы айналып тұратын 8 немесе 
12 пышақтары бар рамалар орнатылған барабан болып табылады, 
олардың əрқайсында кемінде 6 пышақтанболады.
Барабанның ішінде қозғалмайтын ұлушалар орнатылған. Бара-
банға түскен қызылшалар ұлушаның көмегімен пышақтарға қарай 
жабыса түседі де жоңқаланып кесіле бастайды. Орталықтан айнала-
тын құрылғыдан барабанды қызылша турағыштың айырмашылығы, 
оның электр қуатын аз жұмсауында 
болып табылады жəне жоңқаларды 
өте жақсы сапада шығарады, ақауы 
да аз.
Дискілі қызылша турағыштың 
пышақтары дискілерге көлденең 
ор наласады. Оның жұмысы кезінде 
қызылша турағыштағы қызылшалар 
пышақтарға жабыса түседі де жоң-
қаланып кесіле бастайды. Мұн дағы 
пышақтарды тек машинаны толық 
тоқтатып барып ауыстыру қажет.
7.1.6. Диффузионды шырынды алу
Өзінің құрамы жағынан күрделі болып табылатын шикізаттардан 
еріткіштер көмегімен бір немесе бірнеше құрамаларды шығарып 
алуды экстракция деп атайды. Қызылшаның құрамындағы сахаро-
за жəне өзге де заттар қызылша жоңқаларында еріген күйде бола-
ды. Сахарозамен бірге диффузионды шырынға толығымен дерлік 
экстракцияланатын қант емес заттардың да көптеген мөлшері 
кездеседі, дегенмен олардың біршама бөлігі қызылшаның жұмсақ 
тінінде қалып қояды. Сондықтан, сахарозаны жаншу тəсілімен 
шығарып алуда осы экстракциялық үрдістің басымдығы жоғары. 
Қант қызылшасы өндірісінде экстракциялау үрдісін диффузия 
деп атау қабылданған

Диффузияны жүргізетін күш заттардың 
құрамаларының бір бірімен фазаларда жанасу градиенті болып табы-


407
лады, нəтижесінде ол заттардың бір ағында бағытталуын туғызады, 
сөйтіп ондағы концентрациялардың бірқалыпты дəрежесінің 
қалыптасуына əсер етеді. Диффузиондық үрдістің сипатталуына 
масса алмасу теориясы қолданылады. Диффузия А.Фиктің бірінші 
заңдылығына сүйеніп сипатталуы да мүмкін, мұнда экстракциялана-
тын заттардың саны мен үрдістің негізгі өлшемдерімен арадағы бай-
ланыс орнықтырылады. Диффузияның басты заңдылығын негізге 
ала отырып П.М.Силин қызылша жоңқаларынан алынатын қанттың 
қарсы ағынды экстракциясының теориясын қалыптастырған, ол 
бойынша сахарозаның жоңқалардан алынуына температураның 
əсері, жоңқаның көлемінің, диффузиялану құбылысының ұзақтығын 
жəне оған басқа құбылыстардың əсер етуін белгілейді жəне оның 
қантсыз жоңқалардың (жом) құрамында жойылуына баға береді. 
100 кг қызылша жоңқасынан 115-125 кг диффузды шырын алына-
ды. Бұл жағдайдың қалыптасуына жоңқаларды қантсыздандыру 
үшін су жұмсаудың артуына байланысты жəнеəрі қарай шы-
рынды қоюландыру кезінде жұмсалатын жылу мен энергияның 
да шығындалуы арта түседі. Экстракцияның жүру мерзімінің 
ұзақтығы тек сахарозаның диффузды шырынға жоңқадан толық 
шығарылуын ғана туғызып қоймайды, шырынға қызылшадағы 
қант емес заттардың да өтіп кетуіне əсер етеді, бұл əрине дұрыс 
емес, өйткені ерімейтін пектиндердің пептизациясы жəне т.б. осы 
кезде күшейеді. Сондықтан да оңтайлы өлшемдегі (100 г) сапалы 
жоңқаларды пайдалана отырып экстракцияның жүретін мерзімін 
қысқарту тиімді болады жəне диффузды шырынды шығарып алу 
əрекеті де жеңілдейді. Жоңқалардың үздіксіз қимылдайтын диффуз-
ды аппаратта болу ұзақтығы неғұрлым кесек жоңқаларды қолдану 
қажеттігіне байланысты, нормативті түрде 70-80 мин құрайды. 
Диффузды қондырғының белсенді бөлігінде температура 70-75ºС 
ұсталып отырады, өйткені температура 75ºС жоғарылап кетсе, тез 
арада пектинді заттардың ұлғаюы жүреді, жоңқалардың тығыздығы 
төмендейді, пектиндер еритін қалыпқа түседі, ал температура 70ºС 
төмендегенде құрамындағы микроденелер қарқындап дами бастай-
ды, ол қанттың көптеп шығындалуына жол береді.
Қазіргі кездері қызылшадан қант өндіруде қантты қызылшадан 
шығарып алуды диффузды аппараттарда жүзеге асырады, мұнда 
қызылша жоңқалары жəне диффузды шырын үздіксіз бір біріне 
қарама қарсы ағында (3.5-сурет) қозғалады. Технологиялық 
үрдіс толығымен автоматтандырылған, ал жоңқадағы қанттың 


408
шығындалуы болмашы ғана жəне ол қызылшаның салмағымен 
алғанда 0,25-0,3% құрайды. Қызылшаның жоңқалары қантпен 
қоюлана отырып С аппараттың А басты бөлігіне түседі, əрі қарай 
жылжып, оның соңғы бөлігіне В қарай жетеді, сөйтіп, қарама қарсы 
ағып келе жатқан ерітіндіге (су, диффузды шырын) қантты береді. 
Аппараттың барлық бөліктерінде диффузиялану үрдісі айтарлықтай 
жүріп отырады, өйткені концентрацияның əртүрлілігі сақталады. 
Ал аппараттың соңғы бөлігінде қант өте аз мөлшерде болады, алай-
да диффузия үрдісі жалғаса береді, себебі оған өте аз мөлшердегі 
қант араласқан су түсіп тұрады. Аппараттың бастапқы бөлігіндегі 
концентрациялар айырмашылығын (С– с) шырынның шығуын арт-
тыра отырып, мұндағы көлемді с төмендету арқылы ұлғайтады. 
Нəтижесінде қарсы ағындағы экстракциядан жоңқалар құрамындағы 
қантты неғұрлым көбірек алуға мүмкіндік туады.
Қазірг і кезде қант зауыттарында үздіксіз қимылдайтын колонна-
лы (көлденең сипаттағы) жəне еңкіш ротационды шнекті экстрак-
торлар жұмыс істейді. Колонналы диффузионды қондырғыға КДА 
(7.6-сурет) қызылша жоңқалары əуелі оның жылу алмастырғыш 
бөлігіндегі ыстау орнына 
1 жіберіледі, мұнда олар қыздырылып, 
алдын ала аппараттан 72°С температурада шығарылатын 
диффуздалған шырынмен ыстаудан өтеді. Осы шырын 45-55°С 
дейін жеткізіліп салқындатылады да əкпен тазартуға жіберіледі. 
Ыстау бөлігінің араластырғышына диффузионды шырынның қалған 
бөлігі 85ºС температурада беріледі. Осы жолмен алынған шырын-
ды жоңқалы қоспа 75ºС температурада сорғышпен төменнен ко-
лонналы диффузионды аппаратқа 
3 беріледі, əрі қарай айналмалы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет