Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет268/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   375
Шырын суын бөліп алу
I сызба бойынша сүзгі станциясына ботқамен қоса 30-40% 
клеткалық шырын келіп түседі. Шырынның біршама бөлігі мезга-
ны жуған кезде сумен шайылып кетеді. Ал қалған көп мөлшердегі 
шырын араласқан күйде, сыртқы қабаттағы сүзгіден өткізіліп крах-
мал қоймалжынына қосылады жəне осы өнімнің сұйық фазасын 
құрайды. Шырын суы деп аталатын араласқан клеткалық шырыңды 
шнекті шөгінді жинайтын центрифуга көмегімен крахмалдан тазар-
тады.
Центрифугаға түскен крахмал қоймалжынының құрамында 5% 
кұрғақ заттар болады, центрифугадан щығатын қою жиынтық 38-
40% тең. Шырын судағы крахмал мөлшері 0,3 г/л аспауы керек.
Шнекті шөгінді жинайтын центрифугада алынған крахмал 
қоймалжыңының қою жиынтығын құрамындағы құрғақ заттары 13-
15% дейін жеткенше сумен араластырады, бұдан кейін рафинирлеу-
ге жібереді.
Крахмалды рафинирлеу
Крахмал сүтін рафинирлеу дегеніміз оны кең көлемдегі ұсақ мез-
гадан арылту болып саналады. Рафинирлеуге түскен крахмалдың 
сапалылығы 91-94%. Крахмал қоймалжынындағы ұсақ мезганың 
мөлшері оның құрғақ заттары салмағына қатысты 4-9% тең.
Крахмал сүтін рафинирлеуді негізінен кезең-кезеңімен 
ағынды-барабанды, дөңес тəріздес жəне дірілдеткіш сүзгілерді 
пайдаланып екі сатыда жүргізеді. Крахмал қоймалжыңын ағынды-
барабанды немесе дірілдеткіш сүзгілермен рафинирлеу кезінде 
тігінен айқастырылып тоқылған № 018 жəне № 022 сүзгілер пай-
даланылады.
Крахмал қоймалжыңын доға тəріздес сүзгімен рафинирле-
уде алғашқы сатыда капрон торы бар № 52 сүзгіні пайдалана-
ды, екіншісінде - № 64 (тор көздерінің тесігі 0,15 жəне 0,11 мм) 
сүзгі қолданылады. Сүзіп тазартылған қоймалжын құрамындағы 
құрғақ заттарының мөлшері оның салмағына шаққанда 0,5 % 
аспауы тиіс.


437
Бастапқы сатыда рафинирленген крахмал қоймалжынындағы 
мезганың құрамы, оның құрғақ заттарының салмағына шаққанда 
1-1,5% аспауы керек. Екінші қайтара рафинирленгенде ұсақ мезганың 
құрамы қоймалжынның кұрғақ заттарының салмағына шаққанда 
0,5% аспауы қажет. Рафинирлеу сүзгісіне су жіберуді коймалжынның 
қоспасында кұрғақ заттар мөлшері 7-9% сақталатыңдай деңгейде, 
реттеп жіберіп отырады. Рафинирлеу сүзгісін шаюға жұмсалатын 
қолданыстағы машинаның түріне, картоптағы крахмал құрамына 
жəне ұсақталу коэффициентіне тəуелді, ол өңделетін картоптың 
мөлшеріне шаққанда 60-120% құрайды. Картоптың крахмалдылығы 
мен ұсақталу коэффициенті жоғары болған сайын, крахмалды рафи-
нирлеу станциясындағы жұмсалатын су шығыны да үлкен болады. 
Екінші сатыдағы рафинирленген крахмал сүтінің сапалылығы 95-
98% құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет