Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет274/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Крахмалды шаю
Глютенді ажыратып алғаннан кейін крахмал қоймалжыңы 
37-39% құрғақ заттарды жəне 0,2-0,3%, кей жағдайларда 0,6% 
астам құрғак затқа шаққандағы ерігіш заттарды иеленеді. Ерігіш 
заттардың құрамына 40% шамасында азотты заттар, 25% мине-
ралды жəне 10% басқадай заттар кіреді, сонымен қатар 25% шама-
сында ерігіш көмірсулар да жатады. Ерігіш заттардың болуы крах-
малдан басқа өнімдер алуда (сірне, глюкоза, модификацияланған 
крахмалдар, декстриндер) сапалық көрсеткішін төмендетеді, 
оны қайта өңдеу кезінде технологиялық үдерістердің жүруін 
қиындатады.
Крахмалда болатын ерігіш заттардың құрамын азайту мен 
қышқылдылық жағдайын төмендету, оны екі қайтара қарсы 
ағында вакуум-фильтрлерде немесе көпсатылы гидроциклон 
қондырғыларда шаю болып табылады. Құрғақ крахмал өндірісінде 
бір немесе екі қайтара шаюды қолданады, ал патока мен глюко-
за өндіргенде - екі немесе үш қайтара шаяды. Вакуум-фильтрлер-
де крахмалды шаюдағы қолайлы жағдайды өнімнің сумен арала-
су мерзімін 30-40 мин, қоймалжыңның температурасын 40-50°С 
ұстап, 0,053 МПа аспайтындай сирете отырып қамтамасыз етуге 
болады. Шаюға арналган сұйықтықтың температурасы 65 тен 75°С 
дейінгі аралықта болуы керек. Жақсылап шайылған 100 г құрғақ за-
тына шаққанда қышқылдылығы 20-22см
2
0,1 Н гидроксид натрий 
ерітіндісін құрайтын крахмалда 0,8% аспайтын ерімейтін ақуыз 
жəне 0,1% аспайтын ерігіш заттар болуы қажет.
8.2.1. Шикі жүгері крахмалының сапасы
Дəндік крахмалдардың сапасына қойылатын негізгі талаптар - 
бұл олардың құрамында жанама қосындылардың ең аз мөлшерінің 
болуы мен аса жоғары тазалығы арқылы сипатталады. Крахмалдың 


449
осындай тазалығын сапалы деп алу қалыптасқан, бұл нағыз құрғақ 
өнімде таза крахмалдың (%) жоғары болуына қатысты.
Шайылған крахмалдың кұрамы мына көрсеткіштермен сипат-
талады (құрғақ затқа шаққандағы %): крахмал 98,4-98,7, протеин 
(Nх6) 0,4-0,5, ерігіш заттар 0,05-0,1, күл 0,1-0,15, гидролизді май 0,5-
0,55, эстрагирленетін май 0,1-0,15, өзге заттар 0,05-0,1. Тазаланған 
крахмалды құрғақ крахмал өндіруге, крахмал сірнесын, кристаллды 
жəне тағамдық глюкоза алуға бағыттайды, декстриндер мен əртүрлі 
модификацияланган крахмалдар əзірлеу үшін пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет