Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Крахмал мен глютенді ажырату



Pdf көрінісі
бет273/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Крахмал мен глютенді ажырату
Крахмалдың рафинирленген қоймалжыңында дəнді сумен 
шылағаннан кейін қалған барлық ерігіш заттар болады, сонымен 
қатар, ақуызды заттар да кездеседі, оны тек сүзу арқылы крахмалдан 
ажырату оңайға соқпайды. Крахмал қоймалжыңының құрғақ зат-
тар кұрамындагы химиялық заттардың мөлшері қалыпты жағдайда 
жұмыс істегенде мынадай шамада ауытқып отырады (нағыз құрғақ 
затқа шаққандағы % есебінде):
Крахмал 
88-92;
Ақуызды заттар ақуызға шакканда 
6-10;
(протеин Nх6,25)
Экстрагирленетін майлар 
0,5-1,0;
Ерігіш көмірсулар 
0,1-0,3;
Күл
0,2-0,4;
Күкірт қышқылы (SO
2
%)
0,03-0,04.
Крахмал коймалжыңындағы ақуызды заттар скоагулирленген 
түрде, соя сияқты ерігіш қалыпта, ал май - эмульсия түрінде болады. 
Крахмалда 0,55% гидролизді май кұрамы кездеседі.
Крахмал қоймалжыңы негізінен 5-30мкм мөлшеріңдегі крах-
мал түйіршіктерінен, 60мкм дейінгі мезганың бөлшектерінен жəне 
1-2мкм мөлшеріндегі глютеннен тұрады. Крахмал коймалжыңының 
барлық құрамаларыəртүрлі тығыздықта болады: крахмал - 1510, 
мезга - 1300, глютен - 1176, ұсақ құм - 1950 кг/м
3
. Сондықтан олар-
ды бөліп алу үдерісі дəстүрлі тығыздыққа негізделеді. Крахмал мен 
ақуызды ажыратуда орталық айналмалы сепараторлар (ажыратқыш 
сепараторлар) қолданылады. Сепараторлардағы ажырату үдерісі 1 
мм тең жұқа қабатты табақшалар аралығында жүреді. Айдалған крах-


447
мал қоймалжыңы дюзалар арқылы шығарылады, ал көп мөлшердегі 
су мен глютен бөлшектері қоюланған крахмал қоймалжыңы арқылы 
ығыстырылып сепаратордың үстіңгі бөлігінде орналасқан арнайы 
канал арқылы шығарылады. Ақуызды қоймалжың 1% дейінгі құрғақ 
заттарды, оның ішінде 0,5-0,6% қалқыма бөлшектерді құрайды. 
Қалқыма заттар 60-70% ақуыздардан, 15-20% крахмалдан жəне 
6-8% майлардан тұрады. Осы заттарды өңдейді, шоғырландырады 
жəне жем өндірісінде аса құнды зат болып табылатын құрғақ глю-
тен өндіруге пайдаланады. Бір кезеңде ғана ажырату арқылы крах-
мал мен глютенді ажыратуда талапқа сай нəтижеге жету мүмкін 
емес. Сондықтан төрт немесе бес сатылы сепаратор стансалары 
қолданылады. Бұл арада жоғарғы (глютенді) ағысты ажыратуды 
жақсарту үшін 2-ші, 3-ші, 4-ші сатыдағы алынғанды қарсы ағында 
бастапқы 1-ші, 2-ші, 3-ші крахмал қоймалжыңына бағыттайды. Əр 
топтағы алынған төменгі ағысты сепаратор станциясының кезекті 
сатысына сəйкес бағыттайды. Ең соңғы саты алдындағы бұдан 
бұрын алынған төменгі ағысты таза глютен суымен араластырады. 
Крахмал қоймалжыңының сепаратор стансасындағы соңғы тобы-
нан алынған төменгі шығысының құрамы ҚЗ 37-39% кұрайды, ал 
ондағы ақуызды заттардың мөлшері қоймалжыңның құрғақ затына 
шаққанда 0,8%-дан аспауы керек.
Глютеңді шоғырландыруды екі сатыда жүргізеді. Əуелі 
көбікшелердің бетіндегі ақуызды заттардың беку қабілетін пай-
даланып берік көбікті қабаттың түзілуін қамтамасыз етеді. Бұл 
процссс арнайы флотационды машиналардың көмегімен жүзеге 
асады. Содан кейін алынған көбікті шығарылымды сепаратор-кон-
центраторларда əрі қарай қоюландыру үшін жібереді. Осы флота-
ционды өңдеуді жүргізу нəтижесінде біршама қоюланған глютенді 
алады (көбікті шығарылым), оның құрамында 2-2,5% кұрғақ заты 
жəне 0,12% қалқыма заттары бар ағартылган суы болады. Сепара-
тор-концентраторларда қоюландырылган шығарылымның құрғақ 
затының құрамы 6% дейін өседі, ал суында оның мөлшері 0,15-
0,20% құрайды. Крахмалдың құрамы глютенде шамамен 15-20% 
мөлшерінде ауытқып отырады.
Қоюланған шығарылымдағы глютенді шоғырландыру тəжіри-
бе сі көрсеткендей, оның қоюлық дəрежесін 9-11% дейін көтеруіге 
болатыны айқындалған, ол үшін оны екі қайтара сепаратор-концен-
траторларда өңдеу қажет.
Глютенді шоғырландыруды да флотационды əдіспен 
жүргізуге 


448
болады, мұнда флотационды машина, флотационды камера жəне 
электрофлотатор пайдаланылады. Осындай технологияда жүргізіліп 
қоюланған глютеннің құрғақ заттары бірінші өңдеу кезінде-ақ 
8-10% дейін жететіні анықталған, крахмалдың глютенмен бірге 
шығындалуы 10% құрайды, ағартылған глютен суындағы қалқыма 
құрғақ заттардың молшері 0,1 % шамасында болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет