530
тер арқылы компрессормен берілетін сығылған ауамен араластыру.
Соңғы тəсіл жақсы араласуды жəне
арақтың сапасының жоғары бо-
луын қамтамасыз етеді.
Сұрыптамаға арақтың осы түріне қарастырылған қосымшаларды
енгізеді. Дəмдік жəне хош иісті қосымшалар ретінде қант шəрбатын,
лимон қышқылының ерітіндісін, натрий ацетатын,
натрий гидро-
карбонатын, калий перманганатын пайдаланады. Сұрыптамаға
арақтың осы түріне қарастырылған қосымшаларды енгізген
соң, оны араластырады жəне күштілігін анықтайды. Сұрыптама
белгіленген күштілігінен ауытқыған жағдайда
оған спирт немесе су
қосылады жəне қайта араластырылады. Одан кейін сұрыптаманы
жинақтағышқа айдайды жəне кейін сүзбеге жібереді.
Сонымен қатар, су-спирт қосындысын ағынды көпсатылы
араластырғышта үздіксіз тəсілмен алуға болады. Араластырғыш
(12.2-cурет) бір-біріне орнатылған екі сыйымды ыдыстан жасалған.
Шеңбер тəрізді
коллектор ретіндегі төменгі
2 ыдыс
1 жəне
3 кел-
те құбырларымен келетін спирт пен суды алдын ала араластыруға
арналған. Жоғарғы
4 ыдыс түпкілікті араластырушы үшін қызмет
етеді жəне
6 диафрагмасымен,
5 көп қабаттыы
тормен жабдықталған
цилиндр түрінде болып келеді.
2 жəне
4 ыдыстары өзара
7 конустық
ыдысымен қосылған. Су мен спирт араластырғышқа бір уақытта
түседі, торлар мен диафрагмалар жүйесінен өтеді жəне жоғарғы
деңгейде біркелкі күйіне жеткенше араластырылады.
12.2-сурет. Ағынды көпсатылы араластырғыш
531
Араластырғыш спирт қоюлығын автоматтық
бақылау мен реттеу
құралдарымен жабдықталған.
Достарыңызбен бөлісу: