14-ТАРАУ
АЛКОГОЛЬСІЗ СУСЫН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
14.1. Алкогольсіз сусын өндірісінің даму тарихы жəне қазіргі
кездегі күйі
Қазіргі таңда Қазақстандағы табиғи шырын нарығы негізінен
шетелдерден əкелінген жəне отандық тауар өндірушілердің
өнімдерінен тұрады. Алыс жəне жақын шет мемлекеттерден
əкелініп жатқан табиғи шырындар отандық тауар өндірушілердің
негізгі бəсекелестеріне айналды. Бұған қоса, ішкі өнім өндірушілер
Қазақстан нарығында бəсекелік ортаның жоғарлауына ықпал ету-
де. Табиғи шырындардың жетіспеушілігі импортты шырындардың
тұрақты өсуіне алып келді, ал ол отандық өндірушілердің бəсекеге
қабілетті тауарларды өндіруіне мүмкіндік туғызды.
Қазақстанда сатылатын сусындар спектрі өте кең. Қазіргі
уақытта импортталған арзан өнімдер Қазақстан нарығын жаулап
алды. Дүкендердің сөресінен шырын, нектарлар, морс, газдалмаған
жəне газдалған су, əлсіз алкогольді жəне алкогольсіз сусындарды,
квас, тониктерді, сондай-ақ салқындатылған шай сусындарын
кездестіруге болады. Дегенмен əртүрлі белгідегі шырындарды
қарапайым тұтынушылардың таңдауы өте қиын: яғни, сусындар-
ды таңдауда тұтынушы денсаулық үшін пайдалы жəне сапалы не
сапасыздығына назар аудармай, керісінше сол өнімнің арзан не
қымбаттығына көңіл аударады. Нарыққа ұсынылған өнімдерді
таңдау барысында тұтынушының назары, ең алдымен, жарнама-
лануы көп өнімге ауады.
Қазақстанда тұтынушылар əлі де болса Еуропаның солтүстік
елдеріндегі шырынды тұтынудың орташа көрсеткіштерінен
(халықтың жан басына шаққанда 24-28 л) артта қалып келеді. Гер-
манияда табиғи шырындарды тұтыну ерекше жоғары мəнге ие:
онда халықтың жан басына шаққанда табиғи шырындарды тұтыну
42-44 л. Ресейде қазіргі көрсеткіш 10 л деңгейіне жетіп отыр. Ал
Қазақстанда халықтың жан басына шаққанда табиғи шырындарды
тұтыну 8 литрден келеді.
Қазақстандағы шырын нарығын тұтыну сұранысының өсуі
халықтың тұтыну қабілетінің жоғарлауына байланысты. Алайда
561
тағы бір маңыздысы – тұтынушылардың экологиялық таза өнімге
деген қызығушылығының артуында. Табиғи шырындар өніміне
деген сұраныс, ірі қалалардағы өмір сүруге зиянды факторлардың
əсерін бейтараптандыру, сондай-ақ ағзаға жетіспейтін витаминдерді
толықтыру қажеттілігінен туындайды.
Алкогольсіз сусындар құрамында спирт мөлшері өте аз,
биологиялық белсенді зат мөлшері өте жоғары, шөл қандыру
жəне адам организмін сауықтыру үшін қолданылатын сусындар.
Алкогольсіз сусындардың көпшілігі құрамындағы қант жəне басқа
экстрактивті заттарға байланысты жағымды дəмі мен хош иісі бар
сергітуші қасиетке ие. Сусындардың құрамында минералды зат-
тар, көмірқышқыл газы, органикалық қышқылдар жəне т.б. болады.
Соған байланысты кейбір алкогольсіз сусындар организмдегі зат ал-
масуды, сулы режимді реттейтін емдік-сауықтыру қасиетіне ие.
Дүниежүзінде алкогольсіз сусындарды өндіру жəне тұтыну
жылдан жылға өсіп келеді. Халықтың тұтынатын алкогольсіз
сусындарының 20% газдалмаған жеміс-жидек сусындары.
Алкогольсіз сусындардың тұтынушылық қасиеті айтарлықтай
дəрежеде қолданылған су, жеміс-жидек шырындары, көкөніс
шырындары, қант жəне қант алмастырғыштар, бояғыштар, хош
иістендіргіштер, консерванттар жəне басқа да ингредиенттер-
ге байланысты. Жеміс-жидекті жартылай дүмбілдер, шикізаттар
сусындардың дəмдік ерекшеліктерін анықтайды. Еуропалық заңнама
бойынша шырын деп құрамында жаңадан сығылған шырын немесе
концентраттан қайта қалпына келтірген шырынды айтады. Өкінішке
орай, Қазақстанда апельсин, ананас жəне басқа да экзотикалық
жемістер өспегендіктен, бұлар біздің елімізге концентрат түрінде
келеді.
Қазақстандағы алғашқы алкогольсіз сусын өндірушілердің бірі -
Sevens компаниясы 1997 жылы Алматы жер асты суларын артезиан-
ды скважиналары арқылы алады. Компания өзінің тазартылған ауыз
суын өндіре бастағанда бес қызметкері болған, кейіннен компания
жетіле келе Қазақстандағы атақты жəне көшбасшы ретінде Sevens
Water, Adal Su, Galanz Bottlers сусындарын өндіре бастады.
Galanz Bottlers – Қазақстандағы жəне Орта Азия елдеріндегі
бірден бір алкогольсіз сусын өндіретін танымал өндіріс. Əр жылдық
маркетингтік зерттеуіне сəйкес, компания 2005 жылдан бастап
тұтынушылардың арасында танымал жəне пайдалы салқын шай
өндірудегі ең атақты көшбасшы өндірісі болып табылды. Қазіргі кез-
562
де Galanz Bottlers өндіретін Махі чай, энергетикалық Torpeda, Sevens
ауыз суы жəне Funky лимонады көп сұранысқа ие.
Достарыңызбен бөлісу: |