Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Жарма дақылдарын дайындау жəне одан жарма алу тех-



Pdf көрінісі
бет45/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

2.2. Жарма дақылдарын дайындау жəне одан жарма алу тех-
нологиясы 
2.2.1. Жарма алуға дайындау
Астықты жарма алуға дайындау сызбасын дəннің табиғи 
құрылысына, түріне, мөлшеріне, əртүрлі технологиялық тəсілдерді 
қолданудың ерекшеліктеріне қарай жасайды. Негізгі технологиялық 
операциялар – қоспалардан тазалау, дəнді ылғалдау немесе булау 
жəне оны алдын ала қауыздау болып табылады.
Егер бірінші операцияны барлық жарма дақылдарын 
дайындағанда қолдану керек болса, екінші жəне үшінші операция-
лар тек кейбір дақылдарға ғана қолданылады. Қоспаларды негізінен 
диірмендерде қолданылатын техналогиялық жабдықтар арқылы 
бөліп, тазалайды. Тек астықтың мөлшеріне жəне түріне қарай кейбір 
жабдықтарға керекті өзгерістер енгізіледі.
Астықты тазалау сызбасының құрамы 2-3 желді елек сепараторла-
рынан тұрады. Електердің саңылаулары дəннің мөлшері мен түріне 
қарай жəне қоспаларға байланысты алынады. Егер дəн домалақ 
болса, саңылауы дөңгелек бөлгіш електі, егер дəннің түрі ұзынша 
болса, саңылауы ұзын електі қолданады. Сепаратордың төменгі 


91
қабатына елегіш қабілеті жоғары саңылауы ұзын електі қояды. 
Електің кинематикалық көрсеткіштерін дəннің түріне, мөлшеріне, 
сусымалдығына байланысты таңдайды.
Желді-електі сепараторда ірі қоспалар толық, аса уақ жəне 
жеңіл қоспалардың 95%-ы алынуы қажет. Дақылдардың ішінен уақ 
дəндері мұқият бөлініп алынуы тиіс. Өйткені олар қауыздалмайды, 
ал қауыздалмаған дəнді жармадан бөліп алу өте қиын болады. 
Дақылдардың уақ дəндерін бөліп алу үшін əртүрлі елеуіш машина-
ларды қолданады.
Қысқа қоспаларды – қарамықшаны бөлгіш, ұзын қоспаларды 
– қара сұлыны бөлгіш машиналарды қолданып тазалайды. 
Қарамықшаны бөлгіште 90%-дан астам, қара сұлыны бөлгіште 80%-
дан астам қысқа немесе ұзын қоспалар бөлініп алынады. Күрішті, 
жүгеріні дайындағанда бұл машиналарды қолданбайды. 
Тас-балшықтан тазалау үшін АІ-БОК, АІ-БКВ, АІ-БКР, т.б. 
маркілі бөлгіштерді қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет