112
жəне ұсақ дəндерді бөліп алып, қауыздалған жəне қауыздалмаған
дəндерді падди-машинада бөледі.
Сондықтан қауыздаудан алынған заттарды бөлуді, ең алдымен
ұнтақтар мен ұсақ дəндерді бөліп алудан бастаған дұрыс болады. Қазіргі
уақытта ұнтақ пен жарылғыш дəнді бөліп алу үшін АІ-БРУ елеуішін
қолданады. Қауыздалған жəне қауыздалмаған дəндердің физикалық
қасиеттерінің əртүрлі болуына байланысты, елеуіште олардың біразын
бөліп алуға болады да, падди-машинаға аз мөлшері түседі. Осы се-
бептен қолданылатын жарма бөлгіш машиналардың саны азаяды.
Күріштен жарма алудың жалпы сызбасы 44-суретте көрсетілген.
Көптеген зерттеулерден алынған мəліметтер бойынша,
саңылауының мөлшері 0,5-5,5 мм електі қолданып, қауыздалмаған
дəндердің жартысын бөліп алуға болады, ядроның мөлшері 30-35%-
дан аспайды. Саңылауының мөлшері 3,8 мм електен өткен 30%-ға
дейінгі заттың құрамындағы қауыздалмаған дəннің мөлшері 1%-дан
аспайды. Електің 1,5 мм-лік көзінен өткені ұнтақты құрайды. Осы
електерден алынған сырғымалар қауыздалмаған жəне қауыздалған
дəндердің қосындысын құрайды, оларды сорғышта қауыздардан
бөліп падди-машинаға сұрыптауға түсіреді.
Падди-машинадан жəне елеуіштен алынған қауыздалмаған
дəндерді əдейі арналған сырғыма жүйесінде де қауыздайды.
Падди-машинадан жəне елеуіштен алынған, құрамында
қауыздалмаған дəннің мөлшері 1%-дан аспайтын, ядроны ажарлау
жүйесіне жібереді.
Үшінші, ядроны ажарлау. Күріш жармасын өндіруде жарманың
шығымы мен сапасы ядроны ажарлаумен тығыз байланысты. Ұсақ
жармалардың көпшілігі осы ядроны ажарлау кезінде пайда болады.
Бөліп алынған ұсақ жарманы қосымша ажарлап, кейіннен
желсорғышпен тексереді. Тас-құм қоспаларын бөліп алу үшін желді
бөлгіш үстелді қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: