106
Өйткені ажарлау мен жылтырату машиналары електерінің ақауынан
ұнтаққа ірі ядроның бөлшектері қосылып кетуі мүмкін.
Ұнтақты елеуіш, центрофугал, буратты пайдаланып бақылайды.
Жарма дақылдарынң түріне байланысты ұнтақты 063, 08, 1,4
нөмірлі електерде елеп одан өткендерін алады, ал сырғымасын жел
сорғышқа, ядроны қабықтарынан тазалап (ұнтақталған ядроны
тексеретін машинаға жібереді), ұнтаққа арналған қорапқа түсіреді.
Жарма зауытында алынатын ұнтақтардың шығымының мөлшері
бірқалыпты болмайды. Мысалы, күріште 13%, қарақұмықта 3-6%,
тарыда 9-10% сұлы мен асбұршақта – 11%,
арпадан ячнелі жарма
өндіруде 19% , ал перловка өндіруде 40% болады.
Қауыздау кезінде бөлініп алынатын дəннің сыртқы қабықтары
жарма дақылдарының көпшілігінің гүлді қабықтары, қарақұмықтың
ұрықтық бүршігі, асбұршақтың тұқымдық қабығы, оның құрамында
аздаған ұнтақ болады.
Егер желсорғыштың жұмыс режимі бұзылса,
қабықтармен бірге
ұнтақтар, ядроның бөлшектері, кейде ірі ядро да кетеді. Қабықтың
құрамындағы ядроның бөлшектері, ұнтақтар, дəн бөлшектерінің
мөлшері 1,5%-дан аспауы керек. Ол үшін електі машиналарды,
желсорғыштарды дұрыс қолданып бөліп алу қажет.
Қабықтарды
көбіне отынға жəне жемдік ашытқы алуға пайдаланады, кейде
химиялық əртүрлі заттар – пластмасса, құрылыс материалдарын
шығаруда қолданылады. Қабықтың көлемдік мөлшері өте төмен
жəне ол дақылдың түріне байланысты 130-180 кг/м
3
. Бір тонна
қабықтың көлемі 6-7 м
3
-ке тең.
Жарма зауыттарында
қабық шығымы өте жоғары, əсіресе сұлы за-
уытында ол өңделетін дəн массасының 80%-ын құрайды. Қабықтың
құрамындағы ядроның бөлшектері нормадан (оның салмағынан 1,0-
1,5%) аспауы үшін оны тексеріп отыру қажет. Тексерудің мақсаты
– ұнтақты, ядроның бөлшектерін центрофугалды қолданып, елеп
бөліп алу.
Қабықты тексеру қатарынан 2-3 рет желсорғыштан өткізуден
тұрады. Камерада сорылған ауаның құрамындағы ядро, дəннің
бөлшектері жəне жеңіл қоспалар бөлінеді. Бөлінген қабық қорапқа
түседі.
Достарыңызбен бөлісу: