Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


Қауыздау бөлімінің қалдықтарын тексеру



Pdf көрінісі
бет58/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Қауыздау бөлімінің қалдықтарын тексеру. Қауыздаудан алынған 
тыс заттар – қауыз жəне ұнтақ. Химиялық құрамы жəне жұғымды 
заттардың мөлшері жағынан ұнтақ құнды заттарға жатады. Оның 
құрамы дəннің сапасы мен ядроны ажарлау сапасына, т.б. тығыз байла-
нысты. Ұнтақты құрама жем жасауда қолданады, ал шет елдерде одан 
күріш майын алады. Өйткені оның құрамындағы майдың мөлшері 20%-
ға дейін жетеді. Елеуішті қолданып ұнтақты №1, 2 сым темір електе 
елеп тексереді. Оның құрамында ірі ядро мен ұсақ ядроның мөлшері 
(1,5 електен сырғып түскені) 0,5%-дан аспауы керек.


113
Ұнтақ пен ядроны бөліп алғаннан кейін қауыздың құрамы 40% 
клетчаткадан, 20% минералды заттардан, 2-5% ақуыздан, 1,5% май-
дан тұрады. Қауыздың көлемдік өлшемі 100 кг/м
3
.
Дайын заттардың шығымы. Сапасы тұрақты күріштен алынған 
дайын заттардың шығымы ажарланған немесе жылтыратылған жар-
ма шығарумен байланысты.
Қауыздалған дəнді (ядроны) РС-125 маркілі ажарлағыш постав-
ты қолданып, төрт рет ажарлайды. Бірінші ажарлау жүйесінде АІ-
БШМ маркілі ажарлаушы машинаны қолдануға болады. Көптеген 
заттардың көрсеткіштері АІ-БШМ машинасының РС-125 машина-
сына қарағанда ажарлау сапасының жоғары екенін көрсетеді. Бірақ, 
онда ұнтақталған дəн мөлшері көбейеді. 
Ажарлауда ядроның сыртқы қабаттары, ұрықтары алынуына бай-
ланысты оның химиялық құрамы біраз өзгереді. Ажарлауда 10-15%-
дай ұнтақ алынады жəне едəуір мөлшерде ұсақ ядро шығады. Сынық 
жарманың шығым мөлшерін азайту үшін күріштің шыны дəнін 14,4-
15,2%-ға дейін, ұнды, дəнді 13,4-13,6%-ға дейін ылғалдау керек.
Ұсақ ядроны ажарлау үшін бөлек ажарлаушы машина қойылады.
Жарманы жылтырату. Жарманың сыртқы көркін жақсарту 
үшін оны жылтыратады. Ол үшін жылтыратқыш поставты қол-
данады. Оның барабанының айналу жылдамдығы – 10 м/с. Жыл-
тырату кезінде жарманың сыртын жылтыратады, ұнтақ пен кедір-
бұдырлардан тазартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет