124
Ірі фракцияны екінші сепараторлық жүйеге жіберіп одан ірі
жəне жеңіл қоспаларды жəне қосымша майда фракцияны бөліп ала-
ды. Дəннің ірі фракциясынан қара сұлыны бөлу үшін қара сұлыны
бөлгіш триерді қолданады.
Сепаратордың бірінші жəне екінші жүйелерінен алынған дəннің
майда фракциясын жарма бөлгішке
немесе елеуішке жібереді, олар-
дан 1,8х20 мм-лік електі пайдаланып, майда қоспалар мен
майда
дəндерді бөледі, ал сырғымаларды қарамықша бөлгіш (куколеотбор-
ник) машинаға бағыттайды.
Дəнді дайындауда ірілігі бойынша екі фракцияға бөледі. Оларды
ылғалдауға, булауға бірге немесе жеке жіберуге болады.
Майда қоспаларды бу-
ратты қолданып тексереді,
онда (1,3-1,5)х20 мм-
лік електе елеп, майда
қоспаларды бөледі.
Дəнді ылғалдау (бу лау).
Сұлы дəнін ылғал
дау (бу-
лау), оның технологиялық
қасиет терін
жақсартып,
ащы дəмін кетіреді.
Ылғалдаудың неме-
се булаудың көп тараған
тəсілі – булау, кептіру жəне
дəнді суыту. Сұлы дəнін
булауға үздіксіз неме-
се үздікті булағыштарды
қолданып, дəнді алғашқы
ылғалдығына қарай 2-6%-
ға дейін ылғалдайды.
Дəнді
тік кептіргіште
кептірсе, онда оның
соңғы ылғалдылығын,
оны қауыздаудың тəсіліне
байла нысты таңдайды.
Егер дəнді қауыздауға
қауыздағыш поставты
қолданса, онда оның соңғы ылғалдылығы 10%-дан аспауы керек, ал
қырғылау машинасында 13,5-14,0%-ға жеткізеді.
2.12-сурет. Сұлы дəнін жарма алуға дай-
ындау сызбасы: 1 –
автоматты таразы-
лар; 2 – желді електі сепаратор; 3 –
жарма
бөлгіш; 4 – қара сұлыны бөлгіш машина; 5
– қарамықша бөлгіш машина; 6 – булағыш
аппарат; 7 – кептіргіш; 8 –
суытқыш аппа-
рат; 9 – бурат.
125
Дəнді суытқыш колонкада суытады.
Кейбір өнеркəсіптерде дəнді буламайды, тек 8-9%-ға дейін
кептіріп, суытады.
Көптеген тексерулердің нəтижесінде ұсынылған булаудың
режимдері: будың қысымы 0,05-0,10 МПа, булау ұзақтығы 3-5 ми-
нут. Егер будың қысымы жоғары болса, онда қауыздау алдында
дəннің ұсақтары көбейіп кетеді.
Дəнді кептіру оның қабығына қарағанда,
ядроның ұсақталғыш
қабілетін ұлғайтады. Егер қауыздауға дəнді температурасы
50
0
С жіберсе, қауыздаудың сапасы жақсарады. Дəннің алғашқы
ылғалдылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым булаудың сапасы
жоғары болады.
Ылғалдығы 14-15% дəнді буламай қауыздауға болады, онда тек
жарманы булайды. Дəнді немесе жарманы
булау олардың сақтау
төзімділігін арттырады.
Ылғалдаудан немесе булаудан кейін дəнді екі фракцияға бөледі.
Ол үшін желді-електі сепараторды немесе басқа елеуіш машина-
ларды қолданады. Оларға 2,2:2,3х20 мм елегін қояды. Бұл електен
сырғып түскені – ірі фракцияға, саңылауынан өткендері – майда
фракцияға жатады.
2.6.2. Сұлы дəнінен жармалар өндіру
Сұлы дəнін қауыздаушы поставтарды,
қырғылау машиналар-
да, ортаға тепкіш ерекшеліктері бар қауыздаушыларды қолданып
өңдейді. Қауыздаудан алынған заттарды бураттарды, центрофугал
машиналарын, желдеткіштерді қолданып сұрыптайды. Қауыздалған
жəне қауыздалмаған дəндерді ажырату үшін триерлер, падди-ма-
шиналар, жарма бөлгіштер қолданылады. Сұлы дəнінен жарма
өндірудің жалпы сызбасы 2.13-суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: