«Қазақстанның ежелгі тарихы» пәнінен тарих мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік кешенінің тізімдемесі



бет35/91
Дата07.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#20469
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   91
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1-лекция. Тақырыбы: Ерте замандағы Қазақстан. Қазақстанның ежелгі тарихы.

Жоспары: 1. Палеолит



  1. Мезолит

  2. Неолит

  3. Энеолит

Лекция мақсаты:

Тарихтағы уақыт өлшемімен студенттерге белгілі кеңістіктегі аумақ пен келемді өлшеу арасындағы жыл санау тәсілін пайдалану. Өткен тарихи оқиғалардың кейбірінің өте ертеде, ал екіншілерінің беріде, біздің заманымызға жақынырақ болғандығын сезіндіру.

Лекция мәтіні

1. Палеолит.

Тас ғасыры мынадай ірі үш кезеңге бөлінеді: 1. Палеолит (2,6 млн-12-10 мың) 2. Мезолит (12 мың-5 мың) 3. Неолит (5 мың-3 мың). Палеолит кезеңі ежелгі және кейінгі палеолитті құрайды. Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мәдениетке): олдувэй (2.6 млн жыл-700 мың жыл), ашель (700 мың-150-120 мың жыл) және мустье (150-120 мың - 35-30 мың жыл) кезеңдеріне бөлінеді. Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында ұзақ-ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Ол тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі және темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды.

Батыс Еуропаның материалдары негізінде құралған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошеллъ, шелль, ашелъ болып белінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады.

Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізілді. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге - ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен сонғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошелльді қамтитын, ежелгі дәуір бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталалы. Ол б.з.ж. 2,5 млн. жылдан басталады. Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі - шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды.

Көптеген зерттеушілер орта палеолитті /соңғы ашель мен мустьені/ біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.

Алғашқы адам тақылеттес тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделді.

Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Ғылымда "Ноmо Наbilis" /"шебер адам"/ деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептеуір көлемді де салмақты болған. "Шебер адамның" еңбек құралы малта тастың сындырылған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланылған.

Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келетін "Ното егесіиs" /«түрегелген немесе бойын жазған»/ питекантроп /«маймыл адам»/ және синантроп /"адам"/ болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуында сабақтастық барын байқатады. Бірінші питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол "Ното һаЬі1іs"-пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшыраған. Ми көлемі үлкейіп (959 см), бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.



"Ното егесіиs"-тің екінші бір түрі синантроп болды. Синантроп 1927 жылы Қытай жерінде Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан синантроптың сүйектерімен бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгі антропоген /геологиялык жер қыртысы/ тарихындагы ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп сүйектері табылғаи. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды білген деген қорытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етті, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ.. Б.з.б. 300 мың жыл бұрын ""Ното егесіиs" қазіргі кезеңдегі адам түріне немесе "Homo sapiense" /"ақылды адам"/ айналды. "Ақылды адамның" қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі. Ал б.з.б. 45-35 мың жылдықта Франциядағы Креманьон жотасында қазіргі адамдарға ең жақын ертедегі адамдардың қалдығы табылды.

Қазақстан жерінде, ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірuе кездесе қоймағанына қарамастан, олардың мекен еткен аудандарының бірі - Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші Қаратау жотасынын солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардыц еңбек құралдары болып табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады.

Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аңдар аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Орталық Қазақстан жеріндегі қазбаларға қарағанда, осы маңда орналасқан ежелгі адамдар еңбекке тас құралдарын кеңінен пайдаланған. Олар тастарды үшкірлеп, үлкен-үлкен қырғыштар, әр түрлі дөнгелек тас құралдар жасап, қажеттеріне жарата білген.

Соңғы палеолит дәуірінде адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар көп жерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ананың төңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық - матриархаттық дәуір деп аталды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет