«Қазақстанның ежелгі тарихы» пәнінен тарих мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік кешенінің тізімдемесі



бет41/91
Дата07.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#20469
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   91
3. Үйсіндер және қаңлылар

Қазақстан жерін ертеден жайлаған үйсіндер туралы не білеміз? Батыс шығыс бөліктеріне дейін созылып жатқан Үйсіндердің қол басқарушысы ғұньмо деп аталған. Үйсін ғұньмосының ордасы Чигу-Чэн /"Қызыл-Ангар қаласы"/ Есік көлдің жағасында орналасқан. Ол ертеден белгілі "Ұлы Жібек жолындағы" маңызды сауда орталығы. Үйсіндер туралы алғашқы деректер б.з.б. 2 ғасырдың аяқ шенінде белгілі бола бастайды. Хань император сарайы ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, "Батыс өлкесіне" б.з.б. 138 ж. Чжан Цзянь бастаған елшілік жібергенде ол Жетісуда болып, үйсіндер жеріндегі алғашқы хабарды әкеледі. Чжан Цзяннің хабарына қарағанда, үйсіндердің саны 630 мың адам және олардың 188 мың жауынгер жасақтарының болғанын айтады.

Б.з.б. 73-ші жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол /шығыс/ бөлікке, оң /батыс/ бөлікке және ғұньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөлінген, бірақ олардың бәрі ғұньмоға тәуелді болды. Үйсіндердің тарихы кіші ғұньмолар мен ұлы ғұньмолардың үстемдік үшін өзара болған күрестерімен тығыз байланысты. Үйсіндер көршілес халықтармен тығыз қарым-қатынас жасаған. Хань империясы және Ғұн тайпалары үйсіндермен одақ болып, Хань мен Ғұн әміршілерінің қыздарын үйсін ғұньмоларына әйелдікке беріп отырған. Қытайдың Хань дәуіріндегі әулеттік жазбаларда үйсіндердің саяси тарихын баяндап жазу, шамамен алғанда, біздің заманымыздың III ғасырына дейін жеткізілген. Біздің заманымыздың 437 жылы үйсіндер Хань ордасына елшілер жіберді деген хабар бар. Академик В. В. Бартольд -"Очерк истории Семиречья" деген кітабында және қазақ халқының ауыз әдебиеті тарихында үйсіндердің негізін құраушылардың бірі - Дулат атты тайпаның болғанын айтады.

Үйсіндер негізінен мал шаруашылығымен шұғылданған, олар егіншілік кәсіпті де


білген. Көбінесе жылқыны қастерлеген. Олар қой, ірі қара, түйе өсірген, тары еккен, құлан, сайгақ, бұғы аулаған. Үйсіндер жүн тоқып, тері илеп, киім тігіп киген. Үйсіндер коғамы біртекті болмаған. Ол байларға, ру және тайпа ақсүйектеріне, әскери және діни адамдар, жрецтер болып, сондай-ақ жәй мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысатын қарапайым топтарға бөлінген. Үйсіндердің тапқа бөлінуін олардың қалдырып кеткен қорғандары көрсетеді. 4

Біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырда "Кангют" деген атпен қытайға белгілі қаңлы түрік тұқымдас тайпалар да өмір сүрген. Сырдария және Талас өзендерінің бойында мекендеген қаңлылардың астанасы Битянь деген қала. Жаңа заман шегінде Кангюй князьдігінен 600 мың адамның 120 мыңы соғысқа шығатын жауынгерлер екен. Қаңлылар үйсіндер тарапынан қысым көріп, ғұндардан жәрдем сұрап, көмек алып отырған. Қаңлы тайпасы өзінің сауда, әскери және саяси қызметінде ешқашан шығысқа ұмтылған емес, өз байланыстарын олар батыс бағытта дамытқан. Қаңлы тайпасының қандай кәсіппен шұғылданғаны жөнінде мағлұмат аз. Бірақ оларда мал шаруашылығы кеңінен дамыған, егіншілік кәсібімен айналыскан, қолөнер ісінде олар алтын, күміс және темірден бұйым жасауды білген. Үйсіндер мен қаңлылар Алтай, Орта Азия және Сібір халықтарымен саяси және экономикалық байланыс жасап тұрған. Үйсіндер мен қаңлылардың арасында табиғатқа табыну, ата-бабаның аруағын құрметтеу сияқты діни таным көп тараған. Олар табиғаттан тыс құдіретті күш бар деп сеніп, құрбан шалған. Сонымен қатар олар күнге, айға, жұлдызға табынған.

Бертін келе үйсіндер мен қаңлылардың алғашқы қауымдық құрылысының ыдырай бастағаны байқалады, қоғам байлар мен кедейлерге, еркін жандар мен құлдарға бөлінеді. Бай көсемдер тобы шұрайлы жайылымдарды пайдаланды, оны өзінің меншігі деп есептеді. Үйсіндер мен каңлылардың бай қожайындары өлсе, онда олардың құлдарын да өлтіріп бірге көметін болған. Мұның өзі сол кезде коғамның таптық жікке бөлінгенін айқын дәлелдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет