ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет80/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   153

 

Ағамыз Ыбырайға сәлем. Сен бекер қауіп етесің, менің азырақ ауырғанымнан; сені көріп әжемдерде үрей 

қалмаған-ды. Ауырғаным себебі, қыстың күні ауылы жақын жердегі бір ептешімнің6 үйіне қонаққа барып 

едім.  Ағаш  үй  жоқ  екен,  киіз  үйде  патшалық  жеңіл  киіммен  жатып  -  тұрып  жүргенде  бойымды  суық 

ұстады. Сонан азырақ басым ауырған соң, қайтып дәрігерге айттым. Дәрігер дәрі беріп, енді жазылып 

келемін. Ай, аға, әкеме айтып, жылы ағаш үй салып алсаңызшы. Киіз үй жаздың күні қанша жақсы болса, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              534 bet 

қыстың  күні  сонша  жаман  ғой.  Суық  киіз  үйде  қыс  күні  бүрісіп,  алдың  отқа  жылынса,  арқаң  тоңып 

отырып,  не  таза  жуынуға  болмайды,  не  таза  тамақ  жеуге  болмайды.  Осындағы  оқымысты  дәрігерлер 

айтады: қазақтың дертінің көбісі— не бойын суыққа алдырғаннан, не тазалық жоқтықтан пайда болады, 

—  дейді.  —  Қотыр,  бөрткен  —  таза  болмағаннан,  сүзек,  шаншу,  жөтел  —  бөрі  де  суықтан,  —  дейді. 

Еріккен соң ойыма келгенін жазып, ермек етіп жатырмын. Көп мылжыңдады деп айыпқа бұйырма және 

менің үшін келемін деп азаптанба. Әкем кәрі кісі, шаруашылық жұмысыңнан қаларсың. Інің Н. 

 

ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7482#ixzz4WfC36tV5 



 

320 - Бөлім: БАЛАНЫҢ АЙЛАСЫ 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2017 

 

 



БАЛАНЫҢ АЙЛАСЫ 

 

Бір әлім адам жапанда келе жатып, аяғы астында бір үлкен тасқа сүрініп жығылып, ойлады: бұл тас адамға 



зиян келтіретін тас екен, жолдан алып тастайын деп. Сол оймен тасты көтеріп еді, астынан бір сандық 

шықты, сандықты ашып еді, ішінен бір жылан шығып, шағамын деп әлімге ұмтылды, әлім айтты: 

 

— Мен сені қараңғы, тар жерден, тұтқыннан шығардым, жақсылыққа жамандық бар ма? 



 

Жылан айтты: 

 

— Бар. 


 

Әлім айтты: 

 

— Олай болса біреуге жүгінелік, төре саған тисе шағарсың, — деп. 



 

Жылан да бұл сөзге тоқтап, екеуі келе жатып, түйеге жолықты. Түйеге бұлар істерінің мәнісін айтып еді, 

түйе айтты: 

 

— Жақсылыққа жамандық бар. Не үшін десеңіз: мен адамның қанша ауыр жүгін, мүлкін тасып, өмірімше 



қызмет  істесем  де,  адам  қай  уақытта  шамамнан  тысқары  жүк  артады  да,  жүре  алмасам  ұрып-соғып 

ренжітеді. 

 

Жылан мұны есітіп, әлімнің мойнына бір оралды. Мұнан шығып, жеміс ағаштарына келіп жүгінді. Бұл 



ағаш та айтты: 

 

— Жақсылыққа жамандық бар. Не үшін десеңіз: менің жемісіммен қанша адам күн көріп, пайдаланып 



тұрса да, жемісімді жан ауыртпай қолымен алмай, түбімнен қатты ұрып, жемісімді жерге түсіріп алып 

жейді, — деді. 

 

Жылан әлімнің мойнына тағы бір оралды. Онан кетіп, бір итке жолығысты. 



 

Ит те айтты: 

 

— Жақсылыққа жамандық бар, мен иеме қанша түн - күн ұйықтамай мүлкін, малын, өзін бағып қызмет 



қылып едім, ақырында мен қартайып аурулы болған соң, таяқтап ұрып, мені қуып жіберді, — деді. Жылан 

және бір оралып, — енді шағамын, — деді. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              535 bet 

Әлім айтты: 

 

— Енді тағы біреуге - ақ жүгінейік, төрелік тағы саған тисе, шаға бер. 



 

Сонан шығып ойнап жүрген бір топ балаларға келді. Ішінде бір бала әлімге сәлем берді. Әлім сәлемін 

алып, сол балаға істерінің мәнісін айтты. 

 

Бала есітіп болып: 



 

— Әй, ата, бекер сөйлейсің, осы қолындағы кіп - кішкентай қобдиға мойныңа үш оралған әйдік жылан 

сыюшы ма еді? — деді. 

 

Сонда жылан да айтты: 



 

— Бұл сөз рас, — деп. 

 

Бала тіпті нанбады, «бұл сөзге көзбен көрмей кісі нанып болмас» деп. 



 

Сонда жылан баланы нандыру үшін иіліп барды да, манағы қобдиға кіріп жатты. 

 

Бала  сонда  тарс  еткізіп  сандықты  жауып  бекітті  де,  әлімнің  қолына  берді,  «алған  орныңызға  апарып 



қойыңыз» деп. 

 

ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7481#ixzz4WfCA2BG8 



 

321 - Бөлім: БАЙ МЕН ЖАРЛЫ БАЛАСЫ 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2018 

 

 



БАЙ МЕН ЖАРЛЫ БАЛАСЫ 

 

Асан деген бай баласы. Үсен деген жарлы баласы — екеуі құрдас екен. Бір күні ел көшкенде қыр астында 



ойнап  жүріп,  ескерілмей,  екеуі  жұртта  қалыпты.  Бір  мезгілде  үйге  баралық  деп  келсе,  ауыл  жоқ,  құр 

жұрты жатыр. Асан айқай салып, жылай бастайды. Үсен ойланып тұрды да айтты: 

 

— Жылағанмен ешнәрсе өнбес. Көшкен ауылды іздеп табалық. 



 

— Елді қайдан табамыз, қай жаққа кеткенін де көргеніміз жоқ? —деді Асан. 

 

Үсен үндемеді. Асанды ертіп көшкен жұртқа келді. Жұртта бір көзі сынған ине жатыр екен, оны алды 



және бір пышақтың сынығын, бір-екі уыстай қыл тауып, оны да алды. Сонан соң ауылдың жұртын айнала 

жүгіріп жүріп, көштің кеткен сүрлеуін тауып, сол сүрлеуге түсіп жүре берді. 

 

Біраз жер өткен соң сүрлеу екі айрылды. Мұны көріп Асан жылай бастады. 



 

— Енді қайсысына түсеміз? — деп. Үсен қарап жүріп, біреуіне түсті: 

 

— Мынау сүрлеу, бүгін жүрген көштің сүрлеуі екен, малдың жас тезегі бар, — деді. 



 

Біраз жер жүрген соң Асан қарным ашты деп жылады. Үсен үндемей келе жатса, екеуінің алдынан бір 

үйрек ұшып, ұзамай қасына қонды. Асанның онымен ісі болмай жүре берді. Үсен жүгіріп барып сипалап 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              536 bet 

жүріп,  үйректің  орнынан  алты  жұмыртқа  тапты.  Асан  қуанып  жұмыртқаны  алайын  деп  еді,  Үсен 

алдырмай: 

 

— Жолдан адасып көп күн жүрсек, бізге тамақ керек болар, үйректі де ұстап алайық, — деді. 



 

Асан айтты: 

 

— Қалай ұстаймыз? 



 

Үсен: 


 

— Мен әкемнің ұстағандарын көріп едім, — деп манағы жұрттан тауып алған қылдан есіп тұзақ істеді де, 

оны  апарып  үйректің  ұясына  құрды.  Мұнан  соң  Асанды  шақырып  алып,  екеуі  бір  таса  жерге,  қалың 

шөптің  арасына  барып  жатты.  Көп  ұзамай-ақ  үйрек  қайта  ұшып,  жан-жағында  адам  көрінбеген  соң, 

ұясына келіп қонды. Бітегенеден соң Үсен түрегеліп, жүгіріп ұяға барып еді, үйрек ұша алмай далбырлады 

да қалды. Қараса, үйрек мойнынан тұзаққа ілініп қалған екен. 

 

Үйректі Асан: 



 

— Тірі алып, ойнап баралық, — деді. 

 

Үсен айтты: 



 

—  Жоқ,  әкем:  үйрек,  қаз  адал  құстар,  мұқтаждықта  Құдай-тағала  бұларды  адамға  алып,  тамақ  етуге 

бұйырады. Бірақ тірілей байлап-матап әуре ету обал деп айтушы еді, әуре етпей бауыздап алалық, — деп 

манағы жұрттан тауып алған пышақтың сынығымен бауыздап алды. 

 

Мұнан соң келе-келе жатып, түс ауған шақта, екеуі бір өзен - судың бойына жетті. Су ішіп, сусындарын 



қандырған соң, Үсен айтты: 

 

— Енді бір тамақ пісіріп желік. 



 

Асан: 


 

— От жоқ, неғылып пісіріп желік? — деді. 

 

Үсен үндемей су жағалап кетіп, бір шақпақтас тауып әкелді және шапанының бір кішкентай жыртылған 



жерінен  азғана  мақта  суырып  алып,  оны  тастың  үстіне  қойып,  бәрін  бармағына  қатты  қысып  тұрып, 

манағы  пышақтың  сыртымен  тасқа  қатты  ұрып  еді,  от  шығып,  мақта  тұтанды.  Сонан  соң  айналасына 

азғана тезек үгіп салып, Үсен өзі отты үріп тұтандырып жатып, Асанды қу тал жинап алып кел деп жіберді. 

Тал келтірілген соң от жағып, әуелі жұмыртқаны отқа салып пісірді. Онан соң үйректің жүнін жұлып, 

бұтарлап, бір талдан істік істеп, үйректі отқа қақтады. Піскен соң екеуі де жесіп, тойып алысты. 

 

Тамағы тойған соң көңілінен уайымы шығып, Асан су жағалап жүгіріп кетті, бір мезгілде дауыстады: 



 

— Үсен, Үсен! Мынау тайыз жердегі балықтарды қарашы! — деп. 

 

Үсен оған қарамай баяғы жұрттан тапқан инені отқа салды. Ине біраздан соң оттың күшімен еріп, қызарды, 



сол уақытта пышақпен инені алып, ептеп иді, қармақ істеді. 

 

Сонан соң Асанды шақырып: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              537 bet 

 

— Сен шегіртке тере бер, — деді де, өзі манағы қылдан есіп қармаққа бау істеп байлап, талдан кесіп оған 



сап істеді. Сөйтіп, қармақ әбзелімен даяр болған соң, Үсен суға барып, Асанның жиған шегірткесін жемге 

шаншып, қармағын суға салды. Су әдемі, айнадай таза су екен, ішіндегі ойнаған балықтары көрініп жүре 

-  тұғын.  Әуелі  шабақтар  келді,  біреуі  бір,  екеуі  екі  жемді  иіскеп,  тиіп-қашып,  жұлқып  өтті.  Сөйтіп 

тұрғанда, шабақтар дүркірей келіп қашты. Қараса, бір шортан келген екен. Ол Шортан жемге де қарамай, 

тәкәппарланып жайымен былғаңдап өтіп жүре берді. Шортан өткен соң манағы бытырап кеткен шабақтар 

тағы  жалма-жан  жиылып  келісіп,  жемнің  айналасында  ойнап,  бірін-бірі  қуып,  жемге  де  тиіп-қашып, 

соғып  өтіп  жүрді.  Сөйтіп  тұрғанда,  шабақтар  және  дүркірей  қашып,  жоқ  боп  кетті.  Қараса,  бір  бөлек 

алабұғалар  келген  екен.  Жемді  ең  бұрын  көрген  біреуі  тоқталмастан  келіп  асап  келіп  қалғанда,  Үсен 

қармақты тартып алып, оны қырға шығарып тастады. Сол қалыпша Үсен бірталай алабұға алды. 

 

Балықтың алынған қызығына айналып тұрып, балалар күннің кешке таянып қалғанын аңғармаған екен. 



Бір мезгілде Үсен күнге қарап: 

 

— Аһ, күн кеш болып қалыпты ғой, жарықта өткел тауып алайық, — деп, қармақпен алған балықтарын 



біреуінің шапанына орап алып, манағы шақпақ тасын және сабы - бауымен қармағын да қалдырмай алып, 

енді  өткел  іздесті.  Бұл  турада  Үсен  кідірместен,  манағы  өздерінің  түсіп  келген  сүрлеудің  өткен  жерін 

тауып алып, сол жерден өте шықты. 

 

Біраз жүрген соң-ақ күн кеш болды және біраздан соң ымырт жабылып, жол көрінбеді. Түн болған соң, 



балалар екеуі де қорқайын деді. Сөйтсе де Үсен сыр білдірмей, енді жүрсек адасармыз деп тоқтады, тезек 

теріп, от жақты.Біраз отырған соң Асан күндіз көп жүріп шаршаған бала, ұйықтап қалды. Үсен ойлады: 

әкем айтушы еді «елді жердің ұрысы, дал алы жердің бөрісі болады» деп, ұйықтамай отқа күндізгі алған 

балығын пісіріп, ермек етіп отыра берді. Есітуі бар еді: от жағып отырса, қасқыр келмейді-міс деп. Қарап 

отырса, бір мезгілде бір топ киік келді. Олар анадайдан одырайып қарап тұрып-тұрып, өз-өзінен үркіп 

жөнелді. Біраздан соң құлын, тайы бар бір үйір құлан келді. Айғыры алдында басын тікшитіп, құйрығын 

шаншып,  осқырынып,  өзгелері  таңданып  қарап  тұрды-тұрды  да,  олар  да  шауып  жөнелді.  Бір  мезгілде 

жақын жерде қасқыр ұлыды. Алысырақта өгіз - шағала адамша шыңғырып, біресе жылаған балаша, біресе 

қарқылдап  күлген  адамша,  әртүрлі  дауысқа  салды.  Үсен  түйсініңкіреп,  бойы  мұздап,  қолын  манағы 

қармақтың  таяғын  қысыңқырап  ұстап  және  отыра  берді.  Сөйтіп  әр  жануарларды  керіп  және  оттың 

жарығына жиылған құрт-құмырсқа, көбелектерді қарап, бұл көбелек-қоңыздар неге өлім іздеп отқа түсе 

береді екен деп, әртүрлі ойларға қалып, сүйеніп жатып, таңды атырды. Күншығыста таң әуел алтынмен 

бояғандай  қызарып,  жан-жаққа  жайыла  –  жайыла  барып,  ақыры  қызылы  тарап  ағара  бастағанда,  Үсен 

Асанды  да  оята  бастады:  «Жүрер  уақыт  болды»  деп.  Асан  далада  екенін  ұмытып,  үйдегі  қалыбынша, 

жуық арада оянбай ыңырсыса да, Үсен қоймай оятып алып, қасына ертіп, жолға шығысты. 

 

Күн сәскеге шейін жүріп отырып, сәскеде сүрлеу бір қатаң шоқаттау жерге түсіп көрінбей кетті. Балалар 



енді қай жаққа жүрерін білмей дағдарып тұрды. Сөйтіп, жан - жағына қарап тұрса, ілгергі алдында бір 

киік  қыр  үстінде,  үлкен  мола  көрінді.  Сонда Үсеннің  ойына  әкесінің  сөзі  түсті:  далада  жүріп  адассаң, 

молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады, — дейді екен.Сол ақыл бойынша Үсен Асанды ертіп, 

молаға  қарай  жүрді.  Молаға  жақындап  келгенде,  қаңқылдаған  қаздың  даусы  шықты.  Үсен  енді  білді 

жақын жерде қол бар екенін, оның үшін қаз сусыз жерді мекен етпейді. Келіп екеуі енді молалы қырға 

шықты,  қараса  қырдың  жығылар  асты  үлкен  қол  екен,  көлдің  айналасы  да,  іші  де  жыңылдаған  мал. 

Жағасындағы  жібектей жапырылған көкорай  шалғынында қора—қора қой мен жылқы,  жылқының бір 

парасы көл ішіне кіріп, белінен құраққа кіріп тұр, енді бір жағасындағы сортаңда бір топ түйе жатыр. 

Бұларды көріп, балалар қырдан түсіп, жүгіріп малға келді. Келсе, өз ауылдарының малы екен. Малшылар 

Асан, Үсенді көріп, олар да қуанып, біреуі әке-шешесінен сүйінші сұраймыз деп шауып кетті, өзгелері 

балаларды атқа мінгізіп, ауылға алып жүрді. Жолда келе жатып малшылар айтты: — Сендердің жұртта 

қалғаныңды біліп, кешеден ауылдың жан біткені іздеуге кетіп еді, — деп. Нақ бесін мезгілінде балалар 

аман-есен үйлеріне келіп, әке-шешелеріне қосылды дейді. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              538 bet 

 

ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7480#ixzz4WfCH1s00 



 

322 - Бөлім: ЖӘНІБЕК БАТЫР 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2019 

 

 



ЖӘНІБЕК БАТЫР 

 

Жәнібек батыр бала күнінде ақыл-білім үйрену үшін, Қаракерей Соқырабыз дегенді іздеп келген екен. 



Сәлем беріп кіріп келсе, қарттықтан екі жағын жібекпен таңып отырған кісі екен. Жәнібекті көріп: 

 

— Сен қай ұлсың? — деді. 



 

— Қошқар ұлымын, — деді. 

 

— Қошқардың адам есті бір ұлы бар деп еді, сол боларсың ба?—деді. 



 

— Болармыз, — деді. 

 

— Балам, не жұмысың бар, бұл жақта неғып жүрсің? — деді. 



 

— Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл-білім алайын деп жүр едім, — 

деді. 

 

— А-а!!! Ел бастап, жұрт алайын деген ұл екенсің, сөз бастап, би болайын деген ұл екенсің, алдыңа келсе 



әділдігіңді аяма — аймағың кетпес алдыңнан; қол бастап жол алайын деген ұл екенсің жолдастың мыңын 

алма, бірін ал, мың кісіге — бір кісі олжа сала тұғын, олжаңды аямасаң — жолдасың қалмас жаныңнан. 

Жүз жиырма алтыға келіп отырмын, жас күнінде қалың бер де қатын ал, жігіттің хан болатын, қыздың 

ханым болатын уақыты сол, қартайған соң өкінбе, ұлым. Қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең — таяғың, 

қарның ашса — тамағың. 

 

Мұнан шығып, Кіші жүзде тоқсанға келіп отырған Тайған деген биге келді. Келсе бидің елі қош екен, қош 



үстінде кез болып, сәлем беріп, ат үстінен көрісті. Мұнысын жақтырмай, бұл би де сұрады: 

 

— Жаным, қай ұлсың? 



 

— Қошқар ұлымын. 

 

— Ұлым, неғып жүрсің? 



 

Оған да айтты: 

 

— Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге, жолығып, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл сұрайын деп едім. 



 

— Е!Е!Е! — деді ол. — Азуы алты қарыс арғынның Қошқарұлы Жәнібек, Алшынның бір алжыған шалын 

келемеж қылып кетейін деп едім десеңші. 

 

Жәнібек: 



 

— Мен сөз сұраймын деп келсем, көңілімді қайтарды ғой, — деп, атының басын бұрып алып жүріп кетті. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              539 bet 

 

Анадай бара жатқанда, би: 



 

— Ей, Жәнібек, — деп шақырды. Жәнібек артына қарады. Сонда би: 

 

— Атыңның басын бұрма, солай тұр, жүзім кішілігінен3 бір ауыз сөзбен көңіліңді қайтардым. Өгізді өрге 



салма — қанатың талар, жаманға жүзіңді салма — сағың сынар, — деді. 

 

ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7479#ixzz4WfCe6pjS 



 

323 - Бөлім: БАЙҰЛЫ 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2020 

 

 



БАЙҰЛЫ 

 

Байұлы  жеті  жасар  күнінде  ел  көшіп,  көп  балалар:  біреу  тайына,  біреу  атына  мінгенде,  бір  бала 



жыламсырап қарап тұрып қалды. Мұны көріп, Байұлы қасына барып: 

 

— Сен неге атыңа мінбейсің? — деді. 



 

Бала қамығып: 

 

— Атым жоқ, көшкенде әжеммен түйеге мінуші едім, — деді. 



 

Сонда Байұлы аттан түсіп, жаяу әкесіне барып: 

 

— Мен атқа мінгенде, ер-тоқымымен маған бір жорға тай атап едіңіз, сол тайымды біреуге берсем, сіз 



ұрыспайсыз ба? — деді. 

 

Әкесі: 



 

— Кімге бересің? — деді. 

 

Бала  қысылыңқырап  тұрып,  жаяу  жылап  тұрған  жарлының  баласын  көрсетті.  Бұған  әкесі  де  түсініп, 



бетінен сүйіп: 

 

— Тайыңды кімге берсең де өз ерік өзіңде, — деді. 



 

Сонан соң Байұлы қуанып, тайды ерттетіп, манағы балаға әкеп беріп, қасына ертіп алды да, шауып кеп 

көп балаға қосылды. 

 

Сол уақытта бір ақсақал жақсы кісі қонақ болып жатыр екен. Байұлының әлгі мырзалығын көріп, разы 



болып, сыртынан бата берді: 

 

— Ей, Құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер, — деп. 



 

Сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында Байұлынан он екі ұл туып, бәрі де асқан бай, елге бас болды. 

Он екі ата Байұлы деген ру сонан тарады деседі. 

 

ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7478#ixzz4WfCpE9tP 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              540 bet 

 

324 - Бөлім: ЖАН-ЖАНУАРЛАРДЫҢ ДАУЛАСҚАНЫ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2021 

 

 



ЖАН-ЖАНУАРЛАРДЫҢ ДАУЛАСҚАНЫ 

 

Жылқы,  түйе,  сиыр,  қой,  ит,  тауық,  тышқан  және  бөтен  жан-жануарлардың  бәрі  де  адамның  жылына 



ағалыққа таласты дейді. 

 

Жылқы айтты: 



 

— Мен, адам үстіме мінсе, алысын жақын етемін, күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, қылыма дейін 

арқан істейді, адамға менен пайдалы мал жоқ жыл ағасы мен боламын,— деді. 

 

Түйе айтты: 



 

— Сен адам жұмысын қылсаң арпа, сұлы, шөп асайсың, тамағың үшін құл болдың. Мына мен сен көтере 

алмайтын  ауырды  көтеріп,  неше  айшылық  алыс  жерлерге  барамын,  аш  болдым  деп  арпа,  сұлы 

сұрамаймын, көде болса — көде, жусан болса — жусан, не кез келсе соны қорек етіп, табылса су ішіп, 

табылмаса шөлге де шыдап жүре беремін, жыл ағасы болу маған лайық, — деді. 

 

Сиыр айтты: 



 

— Адам егін ексе менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт, май істейді. 

 

Қой айтты: 



 

— Мен болмасам қазақ үйін немен жабар еді. Жүнімді алып, киіз істейді, жабағымнан күпі тігеді, арқан, 

жіп еседі, сүтімнен құрт, май алады, — деді. 

 

Ит айтты: 



 

— Мен болмасам сенің көбіңді не ұры ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Сенің бәріңнің бақташыңмын, 

дұшпан көрінсе үріп-абалап, иеме хабар беремін. 

 

Тауық айтты: 



 

Мен  болмасам  кісі  ерте  тұрып,  жұмысына  бармай,  ұйықтап  қалар  еді.  Мен  таңертең  тұрып  шақырып, 

хабар айтамын, таң атты деп, көп отырса, жұмысыңнан қаларсың, жатар уақыт болды деп, түн ортасында 

да шақырамын, кеш болса да шақырамын, демалар мезгіл болды деп, — деді. 

 

Тышқан не дерін біле алмай тұрды да, бір түрлі қулық ойлап, жиналған көпке айтты: 



 

— Бұл таластан ештеме өнбес. Жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын, — деді. 

 

Түйе өзінің биіктігіне сеніп, менен бұрын кім көреді деп тышқанның сөзін қостап, бәрі де жылды қарап 



тұрды. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              541 bet 

Біраздан  соң  тышқан  жорғалап,  түйенің  үстіне  шығып,  өркешінің  басына  мінді  де  отырды.  Сонымен, 

бәрінен бұрын жылды тышқан көріп, хабар беріп, жылдың басы болған. «Түйе бойына сеніп құр қалды» 

деген сөз осыдан қалған екен. 

 

ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7476#ixzz4WfD7w0hK 



 

325 - Бөлім: САУЫСҚАН МЕН ҚАРҒА 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2022 

 

 



САУЫСҚАН МЕН ҚАРҒА 

 

Ала  сауысқан  бір  бұтақтан  бір  бұтаққа  қонып,  тынбай  шиқылдай  беріпті.  Қасындағы  құзғын-қарға 



үндемей отырыпты-мыс. Сонда сауысқан: 

 

— Қарға тамыр, сен неге үндемейсің, әлде менің айтқан сөздеріме нанбай отырмысың? — депті. 



 

Оған қарға айтты дейді: 

 

— Рас, сауысқан мырза, еркін сөзіңе наныңқырамаймын. Саны-сапасы жоқ көп сөйлеген мылжың шын 



сөзді азайтады деп білемін, — депті-міс. 

 

ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7475#ixzz4WfDF1nYd 



 

326 - Бөлім: ҚАРҒА МЕН ҚҰРТ 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2023 

 

 



ҚАРҒА МЕН ҚҰРТ 

 

Қарға ұшып жүргенде жерде жорғалап бара жатқан құртты көріп, тұмсығымен тістеп алып ұшып кетті. 



Құрт байғұс істің жаманға айналғанын біліп: 

 

— Әй, қарға батыр, әке-шешеңді де көріп едім, асқан жақсы құстар еді, — деді. 



 

Қарға тәуір көріп, тұмсығымен «уһ!» деді. 

 

—Апа-ағаларыңды да білуші едім, — деді құрт. 



 

Қарға тағы «уһ!» деді. 

 

— Бірақ соның бәрі де сенен жақсы емес еді, — деді. 



 

Сонда қарға масаттанып «аһ!» дегенде, аузы ашылып кеткен соң, құрт жерге түсіп кетіп, құтылды дейді. 

 

ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7474#ixzz4WfDLdIdG 



 

327 - Бөлім: ІЗБАСТЫ 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2024 

 

 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет