«Қазақтың ұлттық киімі заманауи кәжекейдің жасалу технологиясы» тақырыбындағы ғылым жобасы



бет3/9
Дата15.11.2023
өлшемі202,34 Kb.
#123427
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Зерттеу мақсаты:Қазақ киімі мен қолөнер тарихын даму үрдісін түсіну және дизайнның қазіргі замандағы өрбу жағдайларын талдауда оқушы-жастардың эстетикалық ой-өрісінің қалыптастыру.
Зерттеу объектісі:  Кәжекейді пішу және тігу жолдарының ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: Қазақтың ұлттық киімі кәжекейдің жасалу технологиясы.
Зерттеу міндеттері:
- халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беруде қалыптастырылуы тиіс еңбектік іскерлік пен қабілет әрекеттерінің көрінісін айқындау;
- зерттеу тақырыбына сәйкес әдебиеттерді пайдалана отырып, ұлттық ою-өрнектерді пайдалану мен үйрету шарттарын сипаттау;
- өрнек мотивтерін дизайн саласында қолдану еркшеліктері құрылымдық – мазмұндық моделін жасау, компоненттерін, өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау.
Зерттеу бағыты: Көркем, шығармашылық.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер ұлттық киімдерді заманауи үлгіде орындап, өскелең ұрпаққа толыққанды жеткізсек, атадан балаға, көнеден жаңаға жаңғыртудың дәстүрімізге орасан зор үлесі болар еді.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІНІҢ ТАРИХЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ
1.1 Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлері мен ерекшеліктері
Киім – денені ауа райының, сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайтын, адамның денесіне киюге арналған жасанды жамылғы түрі, тұтыныс бұйымы.
Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктеріне, қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты. Киім қоғамның маретиалдық және руаны құрамдас бөлігі болып табылады. Бір жағынан бұл адамдардың еңбегімен жасалған және кейбір қажеттіліктерді қанағаттандыратын материалдық құндылықтар болса, екінші жағынан –ол адамның келбетін эстетикалық жағынан өзгертетін қолданбалы сән өнері. Бізді қоршаған ғимараттар, еңбек, тұрмыс заттарымен қатар, киім де өндірістік күштердің тарии кезеңдерде дамуын, климаттың жағдайды, халықтың ұлттық ерекшелігін, оның әсемдікке деген талғамын көрсетеді.
Киім адамның өмір сүруіне аса қажетті негізгі құралдардың бірі бола отырып, белгілі дәрежеде олардың жас айырмашылығын, әлеуметтік жағдайы мен этникалық ортасы туралы мағлұмат беретін этномәдени белгі.
Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерінен қорғап, өзінің практикалық қызметін атқарған. Ағаш жапырақтарынан, аң терілерінен дөрекі жамылғы, лыпа сияқты алғашқы киімдер, адам алғашқы пайда болып, үңгірлер, жартас қуыстарын паналап , ағаш бұтақтары мен шөп- шалам, қамыстан лашық, қалытқылар жасап, табиғатпен үйлесім тапқан кезден басталған.
Адамдар табиғат жағдайлары мен әртүрлі жәндіктердің шағуынан қорғану үшін денелеріне саз балшық, батпақ, май жаққан. Кейін бұларға өсімдік бояулары –жоса, кармин, құрым, индиго, ізбес қосылып эстетикалық мақсатта әртүрлі тәсілмен денеге сурет салынған. Уақыт өте келе осал бояулар терінің астына өтетін бояу әдісі – таңбалаумен ауыстырылған. Нақ осылай бастарына құстардың қауырсындарын, аңдардың тістерін де қорңаушы элемент және киімнің символдық бөлігі ретінде таққан. Ал денені жауып тұратын талшық материал киімдер пайда болған кезде жоғарыда айтылған қорғаныш элементтерін сәндікке құлаққа, мұрынға, ерінге жасанды тесіктер жасап тағып жүрген. Уақыт өте келе адамдардың денесіне салынған таңбалардың суреттері матаға көшіріліп эстетикалық қызмет атқарған.
Адамзат полелит – тас дәуірінде тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланумен қатар сүйек ине, сүйек бізді қолданып тері және тоқыма киім – кешек жасап,, киіну мәдениетінің басқа да түрлерін қалыптастыра бастаған. Алғашқы қарапайым киімдер жай ғана байланатын немесе түйреленетін болған. Тас дәуірінің соңын ала адамдар қолға үйреткен мал жүнін, аң терілерін жабайы өсімдіктердің жапырақтарын, қабықтарын пайдаланудың жолын тауып, жабайы кендір сияқтыларды есіп, мал жүндерін иіріп, сүйектен тебен ине жасап, бастарына бүркеніш, үстілеріне жаға, жеңсіз тері киім, белге орайтын алжапқыш, аяққа тартаны тері шақай сияқты біршама тұтас тері киімдерін тіге білді.
Неолит дәуірінде өру, иіру, және тоқу кәсібі дамып, иықтан мықыннан киілетін киім түрлері пайда болған. Еңбек бөлінісі күшейіп, адамдар мал, тас күйдіріп металл өңдеуге қол жеткізген замандарда киім –кешек түрлері де кемелдене, түрлене түсті.
Киім тігісті тігіссіз деген екі үлкен топқа бөлінді.. Тігіссіз киім адам денесіне оралады, байланады, ілініп байланады.. мысалы, үнділіктердің сариі, шалма, шәлі кавказдықтардың буркасы, римдіктердің тогасы, ежелгі гректердіңгематийі, солтүстік халықтарының теріден жасалған тұлыптары, тайгалықтардың тері желбегейі.
Аяқ киім көп кешірек пайда болған және ол киімнің басқа элементтері сияқты кең тарамаған. Олар түрлі ағаш, тері, көннен жасалған. Етіктер қазақ жеріндегі жартас суреттерінде жиі кездеседі. Етік символикасы ол жол және арғы жүндерін иіріп, сүйектен тебен ине жасап, бастарына бүркеніш, үстілеріне жаға, женсіз тері киім, белге орайтын алжапқыш, аяққа тартатын тері бакайсияқты біршама тқтас тері киімдерін тіге білді.
Ұлттық киім - бай тарихи-мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ға- сырлардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан-жакты хабардар етеді. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Казір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Қазактардын киімді солға қаусыратыны сақ киімдерінде, орта ғасырларда түріктерде кездеседі. Көшпенділердің киім үлгілерінің тігілуімен пішілу тәсілінде сабақтастық сакталған. Көшпенділер адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңірі ашық каусыратын кеуде киімі - шапанды адамзат өркениетіне қосқан. XX ғасырдың 20-шы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазактардыңкиім-кешегін палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зерттеген С.И. Ру денко күпінің қазаққа, оның ата-бабасына кем дегенде бұданекі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеген.
Киімердің етек-жеңіне рәміздік ұғымды түспалдайтын ою-өрнек эле- менттерін салу, үкі тағу, жын- перілерден, пәле-жаладан, ауру-сырқаудан корғайды, магиялық күш әсер етеді деген сенімнен туған. Кейіннен үкіні тақия сәукеленің төбелеріне, домбыраға, бесікке кадаған. Үкінің кара каскасын ерлер, балақ жүнінің ұлпасын әйелдер колданған. Үкі құсын қазақ қасиетті деп білген. Ежелгі бақсылар, батырлар, сал-серілер де үкі тағып жүрген. Көшпелілер бұлардан басқа да зергерлік бұйымдар, қорғаушы кызметін атқаратьн құстар мен жануарлардын дене мүшелерінәшекей ретінде таққан. Осындай сақтар дәуірінен қалған киімдер казір стилизацияланған түрінде бүгінгі күнге дейін қолданылып жүр.
Бертін келе, адамзат қоғамы дамыған сайын қолөнердің біразы жаңа әдіс тауып, жаңа түрге ие болды, дегенмен сол тамыры терең ұлттық сән өнері үлгілерінің кейбіреулері әлі де қолданыста бар дәстүрлі түр-формасын. қасиетін жоғалтқан жоқ.
ХIХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында товарлық өндірістің дамуы, көрші халықтармен экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың нығаюы, орыстардың, украиндықтардың, немістер мен татарлардың, тағы басқа халықтардың көптеген қоныс аударуына байланысты қазақ тұрмысына ене бастаған өзгерістер, сол сияқты қалалық сәннің әсері ұлттық киімге де ыкпалын тигізбей қойған жоқ.
XX ғасырдың басында қазақ зиялылары Еуропаның киім кию дәстүріне еліктей бастады. Олар костюм-шалбар, қайырмалы жағалы ақ жейде, галстук тағуды әдетке айналдырды. Шапанды тастап, пальтоға көшті, атқа мініп жүрмей, күймеге отырды. Ұлттық киімдер олар үшін, яғни өздерін аксүйектер деп атай бастағандар үшін ада болды. Оқығандар жаңа мизамша киінуі мен қысқа кигендерді «шолақ етектер» деп күлетін жағдайға келді.
Ұлттык киім қашанда тарихшылардың, этнографтардың, өнертанушы- лардын назарында болды. Суретшілер, әдебиетшілер, театр және кино кайраткерлері, сәнгерлер дәуірлер бойы сақталған ұлттық киімдер арқылы өздері жасаған бейнелерін корландырып отырды.
Қазак киімдерін зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана кеңінен колға алына бастады. 1922 - 1926 жылдары Қазақ республикасының астанасы Орынбор каласының музейі Ақтөбе, Торғай, Қостанай, Орал, Атырау, Семей, Павлодар аймақтарын аралап, көптеген ұлт киімдері мен өрнектердің, алтын-күмістен жасалған бұйымдардың экспонаттарын жи- нап, әр облыстағы әртүрлі киім үлгілерін зерттеп қағаз бетіне түсірген. Көптеген киім үлгілері Абай атындағы Опера және балет театры мен М. Әуезов атындағы Қазак Академиялық драма театрларының эпостық, тарихи шығармаларды сахнаға шығарудағы ізденістері, архив материалдарымен жұмыс істеу нәтижесінде қалпына келтірілді.
1930 жылдары Қазақ ССР Орталық музейі қызметкерлері С. Омаров пен В. Куж Алматы қаласынан және Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданынан қазақтың ұлттық киімдерін жинаған. Қазақстан суретшісі Е. Клодт қазақ киімдерінің, ұлттық киім киіп тұрған қазақтардың бейнелерін суретке түсірген. Осы саланы зерттеген Ә. Марғүлан, Т. Басенов, X. Арғынбаев т.б. енбектерін айтуға болады.
Ескі қорымдар мен қоныстардан табылған археологиялық олжалар баға жетпес дереккөздері негізінде халықтардың «жоғалған» киім үлгілерін қалпына келтірген суретші М.В. Басттың суреттері мен замандастарымыз М. Жұмағалиев. К. Ахметжан, Қ. Алтынбеков, Ә. Малаевтар («Шежіре» галереясы) қалпына келтірген костюм реконстукциялары арқылы ежелгі бабаларымыздың киімі туралы жан-жақты мағлұматқа көз жеткізе аламыз. Көшпелі халықтардың киімдерін зерттеушілердің ішінде М.В. Гореликтің енбегі зор. Ол өз еңбектерінде ертедегі Қазақстан территориясын мекен еткен сак, түркі, қыпшақ, кимақтардың киімдерін зерттеп, сызбаларын жасаған. Осы зерттеулер қазақ киімінің дамуын, эволюциясын анықтаудың ғылыми негізін салды. Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалар мен халықтардың барлығы біздің ұлттық киімдеріміздің калыптасуына өз үлестерін қосты. Қазақ киімдерінің көшпелі халықтарға ғана тән сипаты болды. Олар өздері баққан мал өнімдерін көбірек пайдаланған. Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен рөл атқарған және оны ұқсатуды мындаған жылдар бұрын білген. Қазак халкы киім тігуге мал жүнінің ең асылы түйе, қой жүндерін, ешкі түбітін пайдаланған. Түйе жабағысынан әртүрлі жеңіл де жылы күпі тігілген. Иірілген түйе жүнінен шекпен тоқыған. Шудасынан жамау-жасқаулық жіп иіріп, осы шуда жіппен тон-шалбар тіккен.
Койдың жабағы жүнінен шидем шапан, күпі күскен, жеңіл байпақ тік- кен. Киімнің арасына салып және киім тоқуға да пайдаланған. Ал күзем жүннен, қозы жүнінен қалпақ, кебенек, киіз етік, пима сияқты киім-кешек- тер жасалған.
Ешкінің түбіт жүнін иіріп мойын орауыш, шәлі, шұлық, қолғап сияқты жылы әрі жеңіл киімдер тоқыған. Қазақ талғамында ешкі түбіті түйе жүнінен де кымбат, жібекпен теңдес саналған.
Қазақ шеберлері мал жүнінен басқа қоянның жүнін, құстың қауырсынын іске жаратқан. Қоянның жүнінен жылы мойын орауыш, қолғап, шұлык, бөкебай токыған.
Қазақтың ұлттық киімдерінде оның этникалық тарихы мен эконо- микалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері сақталған.
Олар адамның дене мүшелеріне сәйкес баскиім, иықтық киім, белдік киім, аяккиім деп жіктеледі.
Пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне байланысты күнделікті, сәндік киімдерге, жыл мезгілдеріне қатысты қыстық, маусым аралық және жаздық киімдер болып бөлінеді.
Жас және жыныс ерекшелігіне қарай: сәби киімі (ит көйлек, сылау тақия), бала киімі (кепеш, малахай, құлақшын, жейде, дамбал, шалбар, етік, бешпент, шапан), бозбала киімі (тақия, етік, жейде, шалбар), бойжеткен киімі (желбіршекті көйлек, тақия, кәзекей), қалыңдық киімі ('сәукеле, желек), келіншек, бәйбіше киімі (көйлек, кимешек, жаулық, камзол, кебіс-мәсі, көкірекіие), күйеу, жас жігіт, ақсақал киімдері (шапан, ішік, бешпент,сырма шалбар, ақжейде, дамбал, саптама етік, кебіс-мәсі) деп түрлерге жіктелінеді.
Қазақтың киімінің тәуірін ежелден қыз-келіншектер киген, әшекейдің де ең асылын осылар таққан. Жас қыздар бүрмелі етекті көйлек, бешпент, камзол, кынама бел киімдер, бастарына үкі кепеш, аяқтарына мәсі, оюлы кебістер киген. Бойжеткен қыздар бастарына кәмшат бөрік, сәндеп өрнектеген ақ шыт орамал тартқан.
Әсіресе ұзатылатын қызды үлдемен-бүлдеге ораған. Гр. Андреев өзінің 1915 жылдары жазған «Киргизский той» деген еңбегінде былайша су- реттеген: «Киімнің ен жақсысы қалыңдықтың үстінде. Желбіршекті жібек көйлекпен, бархыт қамзолдың сыртынан кигені жібек көк бешпент, иығына жамылғаны парша шапан. Қос бұрымында сылдыраған күміс шашбау. басына майда күміс теңгелермен әшекейленіп, төбесіне үлбіреген үкі кадалған «қыз калпақ». Қыздың ұзатыларда киетін киімі қымбат маталар- дан тігілді. Асыл тастармен, моншақталған желегі бар сәукеле - қыздың оң жақта отырғандағы баскиімі. Күйеуінің ауылына жеткен соң басына жаулық салынады».
Тұрмыска шыққан қыздар алғашқы жылы сәукеле, күнделікті өмірде желек киген. Жас келін үлкен кісілерді көрген кезде бетін желегімен көлегейлеп, яғни иба көрсеткен. Бірнеше балалы болып, әлеуметтік статусы бекіп болған соң кимешек, шылауыш киген. Кимешекті қызыл жіппен шым кестелеп кисе, күйеуі барлығын, ал ақ жіппен жай ғана су тартып кисе жесір әйел екендігін көрсеткен. Шылауышты кимешектің үстінен тартқан. Әйелдер тері былғары мәсі, кебіс киеді. Қыста әйелдер ішік киген. Қазақ әйелі ұзын жең, кең етек көйлек кигенімен бет-жүзін тұмшаламаған. Әйел киімдерін әшекейі мен ажары жағынан қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері деген төрт топқа арнап тіккен.
Жігіт, боз балалар кестелі тақия киген. Кейде ақ шытты бір шекесіне түйе салып, токалдай тартатын болған. Аяқтарына көксауырмен оймышталған, өкшесі құймаланған етік киген. Барқыттан шапан, құймаланған алтынмен аптап, күміспен күптелген белбеу буынған. Қарттар шаштарын кырып алып тастайтын болғандықтан сырмалы баран өңді кепеш үстінен пүшпақ, елтірі, түлкі тымақтар киген. Қазақ халқы баскиімді қастерлеп, оны аяққа баспай, биік жерге іліп кояды.
Шал, қариялар шапан, ішік, бешпент, сырма шалбар, ақ жейде, дамбал киіп, аяктарына саптама етік, кебіс-мәсі киген. Еркек киім-кешегінде кез- десетін акбөкен, құлын терілерінен түсіне қарай іріктеп құрастырылатын бешпент, көкірекше, кеудеше, жарғақ шалбар аса сыпайы киім үлгілері бо- лып есептелген.
Әлеуметтік дәрежесіне, сондай-ақ қандай кәсіби салаға қатыстылығына қарай қазақ халкы арасында бай, би,сұлтан (бас киім мұрақ), бақсы, сал-сері (жарғак шалбар, мауыты, шәйі көйлек), малшы, аңшы (шекпен, кебенек, сырттық, күләпара), балуан, батыр (қаттама), киімдері деп те бөлінеді. Казак салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердін ең жақсы көрнектісін киген.
Киім такырыбына қалам тартқан этнограф С. Қасиманов қазақ киімдерін іштік (көйлек, желетке, камзол, кәзекей), сырттык ('шапан, күпі, тон, ишдем, аң терісінен істелген ішіктер), сулық(шекпен, каптал шекпен, кебенек, кенеп т.б.), біркиер киім (той-думан мен сапарга шыққанда киетін) деп атаған.
Киім тігуде адамның жас ерекшелігі ескерілген. Жас ерекшеліктеріне карай бала киімі, бозбала киімі, бойжеткен киімі, калыңдык, күйеу, жас жігіт, келіншек, бәйбіше, ақсақал киімдері үлгілерінің әшекейі, тігілуі, сырылып, кестеленуі әртүрлі болып келген. Жасы ұлғайған адамның киімі денеге қонымды, кең, мол пішілген, әшекейі аз, қарапайым болады. Ал жігіттер мен келіншектердің киімдері сәнді тігілген. Бозбалалар мен қыздардың киімдері сымбаттарына лайық болған. Күйеу киімі - ұзын төбе тымақ, кызыл манат шапан, биік өкше етік. Сонымен бірге баксы киімі, сал-сері киімінін де өзіндік сәндік ерекшелігі болады. Маталар таңдауда да осы ерекшеліктер ескерілген.
Қазактың ұлт киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де айырып айтылады. Мысалы, арғын тымақ, найман тымақ, қыпшак тымак, адай бөрік, кызай бөрік т.с.с. Кейде географиялық мекен атына карай да ерекше мәнер үлгіге бөлінеді Жетісу үлгісі, Арқаның үлгісі т.б. Мұндай бөліп атау киімдердің кеңдігі, ықшамдылығы, бойға конымдылығы және сәндеу мәнерлерінің ерекшеліктеріне қарай да ажыратылады.
Көбіне қазақ киімдерінің үлгілеріне көршілес орыс, тәжік, қырғыз, түркімен халыктарының киім тігу мәнері ықпал етті. Қоғам дамуына карай бұрынғы ру-тайпанын күні өткен ұғымдар жойылып, киім-кешектегі манызды саналған ерекшеліктер ескіріп, мәдениеттегі территориялық өзгешеліктердің де сызылып тасталуына алып келді. Қазақы көшпелі тұрмыс ортасында бұл процесс Орта Азиялық отырықшы елдергеқарағанда тезірек жүрді. Оның үстіне, қазақтар орыс ықпалына ілінгендіктен, ру-тайпалық өзгешеліктерін ертерек және жылдам жоғалтуға мәжбүр болды.
Бұл процесс баскиімнің кейбір үлгілерінің, мысалы, орыс киімдерінің түрлерін (орамал, шәлі, құлақшын-малақай) қабылдауға әкеліп соқты.
Көшпелі қазақтар ішкі-сыртқы киімдерінің бәрін жүріп-тұруға, көшіп- қонуға ыңғайлы етіп ықшамдап тіккен. Ауарайының қолайсыз жағдайлары да ескерілген. Мұндай киімдерді киген халыққа қатты аяз немесе күннің аптап ыстығы, қатты өңменіңнен өтетін жел, құрғақшылық ешқандай қауіп төндірмеген. Себебі киімдер төзімді, ыңғайлы, қарапайым және әсем болған. Киімнің қолтық тұсы кең болуы үшін колтырмаш, етегі кең болу үшін бүйірден шабу қойған.
Қазақ әйелдері киімді тігіп қана қоймай, оған лайық сәндерін де өздері жасаған. Кесте тігу, жиек жүргізу, оюлау, шілтер шалу, зерлеу, тері киім тігу сияқты нәзік жұмыстарды әйелдер атқарған. Г. Загряжский қазақ әйелінің шаруашылыққа ерте араласуы жөнінде былай дейді: «5 жаста қыз бала отынға шөпшек жинап, су тасиды. 8 - 9-ға келгенде кесте тоқып, киім тігеді, ұзатыларда берілетін жасауын дайындайды, қоржын, бау тоқиды, туырлықтарды шүғамен өрнектейді».
Алайда көне ғасырларда пайда болған көптеген киім түрлері мен үлгі- лері бізге жеткен жоқ. Кейбір түрлерін этнографиялық музейлерден, көркем өнерден, және сахнадан, жеке адамдардың үйлерінен көруге болады.
Біздің мақсатымыз қолөнердің бай мұраларын жинап, заманымызға лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды сақтап қалу және дамыту. Осы мақсатта тәуелсіздіктің таңы атысымен көптеген ұлттық киімдеріміз жан- жақты зерттеліп, жаңа заман талабына сай жаңғыртыла бастады. Осы са- лада Қазақстан Республикасының халықаралық деңгейдегі беделін көтеру саласында шығармашылық жұмыспен айналысып, қазақ халқының ұлттық киімдерін әлемге танытып жүрген кәсіпорындардың бірегейлері:
Қазақ мәдениетінің жаңару кезеңінің символындай Қазақстандағы ең алғашқы қайталанбас қазақтың ұлттық киімдерін зерттейтін және тігетін, өзінің тауар маркасы бар өз бастауын 1947 жылдан алатын бір- ден-бір ғылыми орталық «Сымбат» сән Академиясы. Бұл сән Академиясы Қазақстан Республикасының беделін халықаралық деңгейде көтеріп, ұлттық киімдерімізді әлемге танытып жүрген кәсіпорын.
Танымал кәсіпорынның бірі - 1997 жылы шаңырақ көтерген «Ерке- Нұр» фирмасы. Негізгі бағыты, ұлттық киім және ұлттық киім үлгілерінің негізінде, өркениет талғамына сай қазіргі заманғы киім тігеді. Бұл фир- маның Республика тігін индустриясында алатын орны да ерекше. Онда тігілетін ұлттық киімдердің халықтың сұранысына ие болып жүргені бізді қуантады. Осы басылымға 2004 жылы кұрылған «Ерке-Нүр» сэн театрының біраз таңғажайып киім үлгілерін енгізіп отырмыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет