«Қазақтың ұлттық киімі заманауи кәжекейдің жасалу технологиясы» тақырыбындағы ғылым жобасы



бет2/9
Дата15.11.2023
өлшемі202,34 Kb.
#123427
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Зерттеу жұмысының өзектілігі:Қазақ киімі кез келген ұлттың киім өнерімен тайталасқа түсе алатын, тіпті, оқ бойы озық тұратын ғажап мәдени мұра. Өйткені, қазақ киімінің тарихы тым тереңде, ықылымдардан сыр шертер өткен замандарымызда жатыр. Жахандану дегенді желеу етіп, әлемді жауламаққа ұмтылған батыс елдерінен өндірілетін киімдер бүгінде аса бағалы саналса да, қазақ киімі түрлі өрнектермен, алтынмен, күміспен күтпеліп, аруларымыз бен сұлуларымыздың үстінде көлбеңдеп, қызымыздың да, кең даламыздың да көркін асырған кезеңде, сол батыс жұрты киім туралы түсініктен ада күйінде, беліне жапырақ байлап жүрген жабайы жұрт болатын... Киім адамның талғамы мен мәдениетін көрсетіп қана қоятын фактор емес. Киім қоғам дами бастаған кезден адамдар үшін белгілі бір мұқтаждықтарды шеше алатын маңызды рөл атқарды. Бастапқыда адамдар суықта қорғану үшін өздері азық еткен аң терілерін денесіне жауып жүрсе, уақыт өте келе бұл терілерді өңдеп, пішіп, түрлі киімдер жасауға қол жеткізді. Жылдар өте келе олар киім тігетін маталарды да ойлап тапты. Мұның нәтижесінде адамдар тәнін жабуды, мезгілге орайластырып киінуді меңгерді, өрнектермен безендіре бастады.
Еңбегімізді жазу барысында үңілген ғылыми-тарихы құнды деректер негізіне назар салсақ, қазақ халқының киім-кешек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән бір жүйеге түскенін көре аламыз. Мұның мысалы ретінде Үйсін мәдениетінің жәдігері ретінде табылған зираттағы батырлар мен оларға қоса көмілген киімдер мен алтын адамның киімін айтсақ та жеткілікті. Ежелгі ғалымдар Геродот, Ктесий, Страбон секілді ұстаздардың еңбегіне жүгінсек, өз заманында өмір сүрген сақтар мен массагеттердің киімдерінде айрықша салтанат пен өзгеге ұқсамас айшықтар болғаны жөнінде ерекше тоқталады. «Олар киген тақиялардың төбесі доғал емес, үшкір болды, етіктерінің барлығын былғарыдан басады, сырт киімдерін түрлі оюмен, өрнекпен, кестемен көмкеріп, батырлар мен жауынгерлердің киімінің етегіне аңның бейнесін, құстың бейнесін кестеледі»,- деп жазады. Ал, Геродоттың айтуы бойынша, «сақтар ұстаған найзаның, садақ ұшының ғана емес, үлкен талғам мен үлкен байлықтың иесі болған олар киген киімдерінің жалпақ белбеуі мен бастарына киген дулығаны да алтын мен күмістен соқтырады». Сақ дәуірінде пайда болған киім-кешектердің алғашқы элементтері мен үлгілерін еліміздегі барлық аймақтағы тігіншілердің киім тігу өнеріндегі белгілерінен көруге болады. Сақ мәдениеті тек жалпақ қазақ даласын ғана емес, Сібір мен Қара теңіз жағалауын мекендеген тайпалар мәдениетімен де ұштасып, олардан да керекті элемент-қорек алып, жүрдек дамыды. Сақтар мәдениеті осылайша, Венгриядан Қытайға дейін, Сібірден асып, орыс елінен асып, Үнді, Қытай, парсы елдеріне таралды. Ал, беріде бұл мәдениеттің мәйегін таратушы ретінде Ұлы Жібек жолы айрықша рөл атқарды. Үй кәсіптерінен Андроновшылар үй тіршілігіне қажетті нәрсені өздері жасады. Жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киімді түрлі-түсті жіппен әдіптеп, бәрін игерген. Матаға қажетті жіпті мал жүнінен игерген. Тоқыма станогы, ұршық болды. Олар өкшесіз аяқ киім киген, жүннен тоқыған, теріден тіккен құлақшын киген. Әйелдер көбіне ұзын жеңді етегі жер сызған жүн көйлек киіп жүрді. Әшекейлік бұйымдардан сырға, салпыншақтар, моншақтар таққан. Андронов, сақ мәдениеті дәуіріндегі жауынгерлер мен батырлар киімінде жуан және жіңішке сызықтар болды. Бұл үрдіс сақ жауынгері алтын адамның киімінде де бар. Бұл сол кездегі тігіншілер тудырған даламыздың алыптығын, шексіздікті, кеңдікті көрсететін символы еді. Ал, қыз-келіншектерінің көйлегінің етегін кемпірқосақ түспен әдіптеді. Бұл жауыннан кейінгі кемпірқосақты бейнелеу символдық мәннен туындап еді. Мұндағы сары бояу күнді көрсететін. Күн көшпенділердің сенімі мен тірегі тектес еді. Ал, жасыл түс бояуы шөп пен молшылықты бейнеледі. Осы секілді көптеген бояулардың өз мәні болды. Қазақ жері – бағзы замандардан талай мемлекет салтанат құрып, дәурен кешкен, Күлтегін ескерткішінде айтылғандай, дүниенің төрт бұрышын алған, дүниенің төрт бұрышы соларға қараған, азды көп қылған, кедейді бай қылған, тату елге жақсылық қылған, хандары алтын сарайлар-да тұрған, алтын тақта отырған, алтыннан киім киген, өздері түгіл ат әбзелдерін алтынмен аптаған ержүрек елдің алтын бесігі. Ұлы Еуразия кеңістігі, оның ішінде қазақ даласы сан ғасырлар бойы жойқын соғыстар майданына да айналған. Талай талауға да, тонауға да түскен. Салтанатты сарайлар қирап, жермен-жексен болған, бабалар жасаған асыл мұралар талапайға түскен, сөйтіп тарихымыздың талай-талай жарқын беттері, құнды деректері мүлде өше бастаған, ұмытылып, елдің санасынан, жадынан шыға бастаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет