БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ ЖАҒДАЙЫНДА
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ БАСҚАРУ
Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысын (ҒӘЖ) басқарудың мақсаты, білім беру
ұйымының инновациялық дамуы жағдайында ғылыми-әдістемелік жұмысты басқару
процесінің тиімділігін арттыру болып табылады.
ҒӘЖ басқару моделі өзара байланысты компоненттер түрінде ұсынылуы мүмкін:
басқарудың мақсатты, ресурстық-технологиялық, әлеуметтік-психологиялық тиімділігі.
Модельді іске асыру жағдаяттық, рефлексивті-зерттеушілік және жоба тәсілдеріне
негізделген. Бұл тәсілдер басшылардың да, әр педагогтің де, оқушының да көшбасшылық
ұстанымын үздіксіз зерттеу және тәжірибелік қызмет рефлексиясы шеңберінде
командалық жоба негізінде жүзеге асыруға ықпал етеді.
Негізгі ұйымдастырушылық-педагогикалық талаптар ретінде келесі екі шартты
көрсетуге болады:
- кәсіби қажеттіліктері мен ғылыми-әдістемелік жұмыс бағыттарын ескере отырып,
мобильді жоба командалары мен шығармашылық топтарды педагогтерінің қатарынан
қалыптастыру;
- инновациялық қызметті ұйымдастыру және кәсіби құзыреттілікті жетілдіру үшін
интерактивті білім беру кеңістігін құру.
Басқару жүйесінің негізгі функционалы желілік кәсіптік білім беруші қоғамдастық
шеңберінде педагогтердің инновациялық қызметін ғылыми-әдістемелік қолдауда
өнімділікті арттыру болып табылады. ҒӘЖ басқару моделінің басқарылатын жүйесінің
субъектілері, ең алдымен, кәсіби қажеттіліктері мен мектептің инновациялық
педагогикалық қызметінің бағыттарын ескере отырып, ғылыми-әдістемелік жұмысқа
тікелей қатысатын педагогтер болып табылады. Мектеп басшылығы жетекші әдістемелік
командамен бірлесіп, әдістемелік қолдау арқылы педагогтердің ғылыми-әдістемелік
құзыреттілігін арттыруды жүзеге асырады. Әдістемелік қолдау төрт жүйелі кезең арқылы
іске асырылады:
1) Педагогтердің кәсіби қиындықтары мен қажеттіліктерін бағалау (тәжірибені
зерттеу және кәсіби құзыреттіліктердің рефлексиясы, яғни деңгейі жеткіліксіз
дамыған құзыреттілікті анықтау);
2) Педагогтерді ғылыми-әдістемелік қолдаудың түрлі формалары мен құралдарын
пайдалану (желілік қоғамдастық, әдістемелік кабинеттің онлайн ортасы,
әдістемелік бірлестіктер);
3) Топтарда және жобаларда педагогтерің ғылыми-әдістемелік қызметіне басшылық
ету және үйлестіру (топтарда және жоба командаларында командалық оқыту:
менторинг, коучинг, семинарлар);
4) Мәселені шешу және командалық жобаны іске асыру (тәжірибе қызметіне
инновациялық идеялар мен жаңалықтарды енгізу).
Осы модель шеңберінде ғылыми-әдістемелік жұмыстың сапасын басқаруды барлық
басқару субъектілері мониторингті іске асыру және педагогтерді аттестаттау, ғылыми-
әдістемелік жұмыстың тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау; басқару процесін
бағалау негізінде іске асырады. Модельді іске асыру нәтижесі инновациялық ғылыми-
әдістемелік қызмет жағдайында педагог кадрлардың кәсіби әлеуетін арттыруда көрінеді.
(1-суретті қараңыз)
|