Сондай-ақ жылқылардың арасында аусыл ауруының кең таралуынан шығын
көбейіп, "төрт салт аттыға бір аттан ғана қалды". Моғолдар қаланы тастап
кетуге мəжбүр болды. Сөйтіп, моғол хандары Шағатай əулетінің Орта
Азиядағы үстемдігін қайта қалпына келтіре алмады.
Əмір Темір бұл жағдайды пайдалана отырып Моғолстан жеріне көз сүзе
бастады. Жаулап алушыларға қарсы Қызыр Қожа (1388-1389 жж.) мен оның
баласы Мұқан хан (1408-1416 жж.) күрес жүргізді. Бірақ бұлардың
ешқайсысы Əмір Темірдің жаулап алу жорықтарына қарсы тұра алмады.
Моғолстан əскері жаулап алушылармен болған бірнеше шайқаста жеңіліс
тапты. Моғолстан мемлекетінде ыдырау процессі басталып, XV ғасырдың
соңына дейін созылды. 1433-1462 ж. Уəйіс ханның ұлы Есен Бұға Дешті
Қыпшақ халқының бір бөлігін Жетісуға көшірді. Осы жерде түркі
тайпаларынан қазақ халқы, ал Тянь-Шанның бөктерінде қырғыз халқының
қалыптасу процесі басталды. Шығыстан ойрат-қалмақтардың жорықтары бұл
мемлекеттің əлсіреуіне əсер етті.
Моғолстанның соңғы ханы 1514 ж. билікке келген Жүністің немересі Əбу
Сейіт хан еді. Ол Қашқарияға кетуге мəжбүр болып, Шығыс Түркістанда
жаңа "Моғол" мемлекетінің негізін салды. Құлаған Моғол мемлекетінің
ендігі тарихы қазіргі Қазақстанның географиялық аумағынан тыс жерде
өрбіді.
Достарыңызбен бөлісу: