Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
1.
Қазақстан территориясындағы көшпелі тайпалардың тұрмысы туралы
қандай деректер бар?
2.
Шығыстың нарративтік шығармаларында қалаларды қандай терминмен
атаған?
3.
Қалалардағы салық төлеушілер мен шаруалар деректерде қалай
жазылған?
Əдебиет:
Аманжолов К. Қазақстан тарихы. А.,2004. 251-254 бб.
Қазақстан тарихы /очерктер/. А.,1994. 159-162 бб.
№15 дəрiс
Тақырыбы: «Қазақ» этногенезі
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қазақ этногенезі жəне қазақ қалыптасу кезеңдері
2. Қазақ жеріндегі этникалық процесстер
3. Қазақ хандарының шығу тегі мəселелері
Дəрістің мақсаты: «
Қазақ» сөзінің шығу төркіні, қазақ этногенезі туралы,
сол сияқты қазақ жеріндегі тарихи кезеңдердегі этникалық процесстер
туралы мағлұматтар беру.
Дəрістің мазмұны:
Қазақ хандығының құрылу мəселесінде зерттеушілердің
айналып өте алмайтын, міндетті түрде қарастырып өтетін сұрақтарының
біріне – қазақ хандарының шығу тегі мəселесі жатады.
Бұл сұраққа дұрыс жауап тапқанымызда біз, ХІІІ-ХV ғғ. Шығыс Дешті
Қыпшақ аумағындағы мемлекеттілік, саяси тарих, билеуші əулеттер
тарихының мəселелерін, ең бастысы, ХV-ғасырдың ортасында құрылған
Қазақ хандығындағы билеуші əулеттің шығу тегі мен ол əулеттің ХV-
ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстан аумағындағы тарихынан хабардар
боламыз. Сондай-ақ, Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей мен
Жəнібек хандардың не себепті жаңа этникалық сипаттағы мемлекетті
қалыптастыруға күш салып, күрескенін түсіне аламыз. Міне, сол себепті де,
тарихшылар үшін Қазақ хандығының құрылуы тарихын зерттеуде хандықтың
негізін қалап, оны билеген əулеттің шығу тегін анықтаудың маңызы ерекше.
Бұл мəселеге қатысты тағы бір айтарымыз мынау, яғни Қазақ хандығының
құрылуы мəселесін жүйелі түрде зерттеу біздің ойымызша, хандықтың
құрылу барысында саяси жетекшілік рольді атқарған тарихи тұлғалар –
Керей мен Жəнібек хандардың шығу тегін анықтаудан басталуы керек. Олай
болса,
осы
мəселені
шешіп
көрелік.
Бұл мəселе жөнінде зерттеушілер арасында біржақты пікірдің жоқтығына
М.Қ.Əбусейітова көңіл аударып, былай деп жазады: «Қазіргі кезде қазақ
хандары əулетінің шығуы жөнінде екі түрлі пікір бар. Зерттеушілердің бір
тобы оларды Орда Еженнен таралады деп есептейді», – дей келе, қазақ
хандары Жошының он үшінші ұлы Тұқай Темірдің ұрпақтары деген өзінің
пікірін ұсынады. Ал белгілі қазақ таришысы З.Қинаятұлы болса, «Қазақ
мемлекетінің бастауында Орыс хан, оның ұрпақтары тұрғандығы ғылымда
мойындалған шындық. …Орыс хан қазақ хандарының атасы деп танылады.
Орыс ханның ата тегі жайлы тарихи əдебиетте екі жақты пікір бар, – деп
жазады да, əр пікірге негіз болған жазба деректер мен əр пікірді жақтайтын
бірнеше тарихшыларды атап өтеді». Біз де кезінде осы мəселенің тарих
ғылымында шешілмей тұрғандығына назар аударып, былай деп айтқан едік:
«Қазіргі күнде қазақстандық тарихнамада осы мəселе бойынша екі бағыттағы
пікірлер толық айқындалып отыр. Алғашқы пікірді қолдаушылар қазақ
хандарының шыққан тегі Жошының үлкен ұлы – Орда Еженнен бастау алады
деп көрсетсе, ал кейбір тарихшылар қазақ хандарын Жошының кенже
ұлдарының
бірі
–
Тұқай
Темірден
тараған
деп
дəлелдейді».
Екі түрлі пікірге негіз болған жазба дерек мəліметтерін талдамас бұрын,
алдыменен пікір білдірген зерттеушілерге жəне олардың дəлелдеулеріне
тоқталып
өтелік.
Қазақ хандары Тұқай Темірден тараған деген пікірді Ш.Уəлиханов,
Ш.Құдайбердіұлы, Құбанғали Халид, В.П.Юдин, М.Қ.Əбусейітова жақтайды.
Ал ордаежендік бағыт-ты ұстанатындарға В.В.Вельяминов-Зернов, Стэнли-
Лэн-Пуль, М.Ты-нышпаев, М.Г.Сафаргалиев, А.Ю.Якубовский, П.П.Иванов,
К.И.Петров,
Б.А.Ахмедов,
Г.А.Федоров-Давыдов,
К.Э.Босфорт,
К.А.Пищулина, Т.И.Сұлтанов, З.Қинаятұлы жəне осы жолдардың авторы
жатады
.
Осы екі топтағы авторлардың біреулері өз пікірлерін деректер арқылы немесе
басқа тəсілдермен дəлелдеуге тырысса, ал екінші біреулері ешбір
дəлелдеулерсіз өз пікірлерін ұсынған. Сол себепті де біз, өз пікірлерін
дəлелдеуге тырысқан авторлардың пікірлеріне қысқаша болса да тоқтап өтуді
жөн
көріп
отырмыз.
Қазақ хандары Тұқай Темірден таралады деген пікірді жақтаушылар:
Ш.Уəлиханов, Ш.Құдайбердіұлы, Қ.Халид жəне М.Əбусейітова өз пікірлерін
негіздеу үшін Əбілғазының дерегіндегі мəліметтерді алға тартады. «Ұрыс
шыққан əулет, Əбілғазының айтуынша, Жошының кіші ұлдарынан тарайды,
олардың аталары Тоқай Темір», – деп 1856-1857-жылдары Ш.Уəлиханов
жазса, Ш.Құдайбердіұлы «Жошының төртінші баласы – Тоқай Темір, біздің
қазақ осының қол астында болған жəне Əбілмансұр – Абылай ханның арғы
атасы осы еді», – деп түсіндіреді. Шоқан, Шəкəрім, Халид секілді
М.Əбусейітова мен В.П.Юдин де өз пікірлерін ХVІІ ғасырдағы тарихшы
Əбілғазының дерегіндегі Қазақ хандарының шежіресіне қатысты мəліметтер
жөнінде
ойымызды
сəл
кейінірек
айтамыз.
Ал енді Қазақ хандарының шығу тегін Жошының үлкен ұлы Ордаеженнен
тарататын
зерттеушілердің
дəлелдеулеріне
назар
аударсақ.
Олардың пікірлеріне негізінен Рашид ад-дин мен Муин ад-дин Натанзидың
деректеріндегі, сондай-ақ Гаффаридың (1567/68-жж. қ.б.), Хайдар Разидың
(1618/19-ж. жазылған) шығармаларындағы мəліметтер тірек болған. Осы
пікірді жақтайтын бірнеше тарихшы өз пікірлерін дерек мəліметтерімен
қатар, өзіндік дəлелдеулермен де негіздеп, қарсы пікірлерді теріске
шығарады.
Оларға
М.Тынышпаев,
Т.И.Сұлтанов,
З.Қинаятұлының
дəлелдеулері жатады. М.Тынышпаев өз дəлелдеуін былайша ұсынады: «Ежен
мен Тұқай Темірдің əкесі Жошы 1227-жылы, ал Орыс 1376-жылы қайтыс
болған, яғни олардың арасы 150 жыл; бірінші пікір бойынша (М.Тынышпаев
бұл жерде бірінші пікір деп Ордаежендік бағытты айтып отыр – Б.К.) бұл
уақытқа 7 буын сəйкес келеді, ал екінші бағытқа (Тұқай-Темір, Өз Темір,
Қожа, Бадақұл, Орыс) – 4 буын келіп тұр. Көптеген шежірелерде 100 жылға 4
буынның, кейде 5 буынның, өте сирек жағдайда 3 буынның сай келетінін
аңғарамыз. Қазақтарға қарағанда хан əулетінде ерте үйлену кең тараған, сол
себепті де 100 жылда оларда 4 ұрпақтан аса буын өзгереді. Осы есептеу қазақ
хандарының шығу тегін Тұқай Темірден емес, Еженнен тарайтындығын
көрсетеді». Екінші бір дəлелдеуінде ол былай түсіндіреді: «Тіпті қазақтарда,
оның ішінде Шыңғыс ұрпақтарында белгісіз бір Ежен хан жөнінде естелік
қалған (кейбір төрелер оны өздерінің түп атасы деп санайды), ал Тұқай Темір
оларға мүлде беймəлім». Біздің ойымызша, М.Тынышпаевтың екі дəлелдеуі
де өте орынды. Əсіресе, оның бірінші дəлелдеуі ерекше назар аудартады. Біз
оның осы дəлелдеуіне қосымша ретінде Жошының Орда Еженнен кейінгі
екінші ұлы Батыйдың, бесінші ұлы Шайбанның ұрпақтарын есептегенімізде,
Батыйдан Бердібек ханға дейін 7 буын, шайбанилық Əбілқайыр ханның
(1412-1468/69) атасы Ибрагимге дейін де 7 буын болатынына көз жеткіздік.
Бұл дегеніміз біріншіден, Əбілғазы дерегіндегі Тұқай Темірден Орыс ханға
дейін төрт буын болады деген мəліметтің дұрыс еместігін көрсетсе,
екіншіден, Қазақ хандары – Орда Еженнің ұрпақтары деген пікірдің
дұрыстығын
дəлелдей
түседі.
М.Тынышпаевтың кейін бұл мəселеге арнайы назар аударып, өз
дəлелдеулерін ғылыми түрде негіздеген Т.И.Сұлтанов болды. Ол екі пікірге
негіз болған жазба дерек мəліметтерін келтіре отыра, зерттеушілердің бұл
мəселеге келе алмай отырғандығын айтып өтеді де, мəселені шешуді Тұқай-
Темір мен Орда Еженнің жəне олардың ұрпақтарының қай кезде, қай
өңірлерде билік құрған іздерінен қарастырады. Оның көрсетуі бойынша
Тұқай Темір 1236-1242-жж. монғолдардың батысқа жорығынан кейін
Маңғышлақ пен Солтүстік Кавказ өңірлерін алған, сондай-ақ Батый мен
оның алғашқы мұрагерлері Тұқай Темір мен оның ұрпақтарына Хажы Тархан
(Астрахан), Кафа, Қырым уəлаяттарын басқаруға берген. Жазба деректер
Тұқай Темір ұрпақтарын «хан ұлдары» (хан-оғлы), ал тұқай темірлік əулет
«Ханедан-и Тукайтимурийан» деп аталған. Одан əрі ол көптеген жазба дерек
мəліметтеріне негіздеп, Орда Ежен ордасының алғашқы кездерде Ертістің
жоғарғы ағысы бойы мен Алакөл маңында болғандығын, оның мұрагерлері:
Күнқыранның (Орда Еженнің төртінші ұлы), Қонышаның (Орда Еженнің
немересі, Сартақтайдың ұлы), Баянның (Қонышаның ұлы) билік еткендігін
айта келе, ХІІІ ғасырдың екінші жартысында ұлыс орталығы Алакөл
маңынан Сырдария маңына ауысады да, сол кезден бастап Сырдарияның
орта жəне төменгі ағысы бойы мен оған іргелес аймақтарда Орда Ежен
ұрпақтары билігінің мықтап орныққандығын айтады. Бұған қоса ол, Орыс
ханның өзі де, аталары да, ұрпақтары да Сыр бойынан саяси қарсыластарына
қарсы жорықтар жасап, Сыр маңындағы өз иеліктеріне қайтып оралып
отырған деп айтады да, «Орыс хан – Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің
ұрпағы деген қорытынды жасаймыз», – деп дəлелдеуін түйіндейді.
Т.И.Сұлтановтың дəлелдеуін қысқаша түрде айтсақ, ХІІІ ғасырдың 30-шы
жылдарынан бастап ХІV ғасырдың екінші жартысына дейін Тұқай Темір
жəне оның ұрпақтары Жошы Ұлысының оң қанатындағы аймақтарда билік
құрған, ал Орда Ежен жəне оның ұрпақтары Жошы Ұлысының сол
қанатында, яғни Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында мемлекет басқарған. Біз
де бұл пікірге қосымша ретінде мынадай дəлелдеу қосамыз. Алтын Орданың
ыдырау процесі кезеңінде оның бұрынғы аймақтарында жеке хандықтар:
Қырым, Қазан хандықтары құрылғанда, ондағы билік Тұқай Темір
ұрпақтарының қолында болады. Бұл жағдай тұқайтемірліктердің Батыс
Дешті Қыпшақ аумағында заңды иеліктері болғандығын, сол иеліктерін жеке
хандықтарға айналдырғандығын, ал Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында
олардың ешқандай іздері болмағандығын көрсетеді. Олай болса, Қазақ
хандарының шығу тегі Тұқай Темірден бастау алады деген пікірдің түбірімен
қате
болғаны.
Қазақ хандары Жошының үлкен ұлы Орда Еженнен таралған деген пікірді
З.Қинаятұлы монғол тіліндегі дерек мəліметіне сүйеніп дəлелдейді. Ол Орыс
ханның шығу тегі Орда Еженнен бастау алады деген пікірді қостайтынын
білдіре келе, оны «тек араб, парсы тарихи шежірелері ғана емес, Моңғолдың
төл тарихи шежірелерінің бірі «Чингис хааны язгуур торлийн цадигууд»
(Шыңғыс ханның ата шежіресі) де растайды. Шежіренің (цадиг) №5
кестесінде Жошы əулетінің Ақ Ордалық хандар кестесін Шыңғыс хан –
Жошы – Ордана – Кали (Кули) – Буян (Баян) – Сасыбұқа – Абисан (Эрзен) –
Шымтай – Орыс хан деп, Орыс ханды Орда Еженнің тоғызыншы ұрпағы деп
таниды»,
–
деген
болатын.
Енді біз де қазақ хандары Орда Еженнен таралады деген пікірді негіздейтін
өзіміздің дəлелдеуімізді ұсынайық. Біздің дəлелдеуіміздің негізіне жазба
дерек мəліметтерін деректанулық тұрғыда қарастыру жатады. Алдымен екі
пікірге негіз болып отырған деректерге тоқталып, олардағы өзімізге қатысты
мəселе бойынша мəліметтердің оригиналдылығы мен компилятивтілігін
анықтап
көрелік.
Қарастырып отырған мəселе-міздің деректерін Т.И. Сұлтанов төмендегідей
топтастырады. Ол бірінші топтағы деректерге, яғни Орыс ханды Жошының
кіші ұлы Тұқай Темірден тарататын деректерге мыналарды жатқызады: 1)
1426-жылы Темір əулетінің билеушісі Шахрухтың тапсырмасымен белгісіз
автор құрастырған «Му’изз ал-ансаб» (Книга, прославляющая генеологии)
еңбегінің мəліметтері. Ол бойынша Орыс ханның шығу тегі мынадай болып
келеді: Тұқай Темір, одан Урингтам, одан Аунк, одан Бактук, одан
Темірхожа,
одан
Бадак,
ал
одан
Орыс
хан.
2) 1504 жыл шамасында Орта Азияда белгісіз автор жазған «Тауарих-и
гузида-ий нусрат-наме» («Нусрат-наме») дерегінің мəліметтері. Ол бойынша
Орыс ханның шығуы былайша беріледі: Тұқай Темір, одан Өзтемір, одан
Хожа,
одан
Бадық,
ал
одан
Орыс
хан.
3) Əбілғазының (1603-1664) “Түрік шежіресінің мəліметі”. Ол бойынша
Тұқай Темірден Өзтемір, одан Хожа, одан Бадақұл, ал одан Орыс хан.
Сондай-ақ осы топтағы деректерге Т.И.Сұлтановтың көрсетуі бойынша ХVІ
ғасыр авторы Өтеміс қажының «Шыңғыс-наме» мен ХVІІ-ғасыр тарихшысы
Махмуд
бен
Уəлидің
«Бахр
ал-асрар»
еңбектері
жатады.
Ал, екінші топтағы деректерге, яғни Орыс ханды Жошының үлкен ұлы Орда
Еженнентаралатындығын көрсететін деректерге Т.И. Сұлтанов төмендегідей
еңбектерді
жатқызып,
оларды
былайша
көрсетеді.
1) 1413-14 жылы Муин ад-дин Натанзи жазған «Мунтахаб ат-тауарих-и
Муини»
немесе
«Ескендірдің
анонимі»
атты
шығарма.
2) 1564-65 жылы жазылған ал-Гаффаридың «Нусах-и джаханара» атты
еңбегі.
3) 1611 жəне 1613 жылдар аралығында жазылған Хайдар ибн Əли Хусайин
Разидың «Тарих-и Хайдари» атты еңбегі. Сонымен бірге бұл топқа ХVІІ
ғасырдағы Осман тарихшысы Мунаджим-башының «Джами ад-двуал»
(Собрание династий) атты шығармасы да жатады. Бұл деректер бойынша
Орыс ханның тегі былай берілген: Орданың ұлы Құли, одан Нукай, одан
Сасы
Бұқа,
одан
Ерзен,
одан
Шымтай,
ал
одан
Орыс
хан.
Мəселеге қатысты деректердің бəрін анықтап алғаннан кейін, олардың
жазылған уақытына қарай келе, біз, Орысханды Тұқай Темірден тарататын
деректердің негізгісіне 1504 жыл шамасында Орта Азияда жазылған
«Тауарих-и гузида-ий нусрат-наме» еңбегінің мəліметтерін жатқызамыз.
«Муйиз ал-ансаб» мəліметінде Орыс хан Тұқай Темірден таратылса да, одан
кейінгі буындар мүлде басқаша айтылады. Сондықтан да біз бұл
шығарманың мəліметін қарастырмаймыз. Əбілғазы, Өтеміс қажы жəне
Махмуд бен Уəлидің мəліметтері Орысханның шығу тегін анықтауда негізгі,
оригиналды дерек көзі бола алмайды, өйткені олардың мəліметтері ХVІ-
ғасырдың алғашқы жылдарында жазылған «Тауарих-и гузида-ий нусрат-
наме» дерегінен алынған. Сол себепті де біз, төменде осы шығармадағы
Орыс ханның шығу тегі жөніндегі мəліметті деректанулық тұрғыдан саралап,
оның ақиқаттылығының шынайылық деңгейін анықтауға тырысамыз.
Жазба деректерге деректанулық тұрғыдан талдаудың маңызды бір бөлігіне
тарихи сын, яғни ондағы информациялардың ақиқаттығына көз жеткізу,
шығарманың жазылуы мен оның авторына əсер еткен қоғамдық-саяси
факторларды анықтау жəне т.б. тарихи жағдайлар жататындықтан, «Тауарих-
и
гузида-ий
нусрат-наме»
еңбегін
осы
тұрғыдан
қарап
көрейік.
«Тауарих-и гузида-ий нусрат-наменің» қай жылы жазылғандығын оны
зерттеген тарихшылар 1-2 жыл айырмашылықпен көрсетсе де, бір нəрсе
анық, ол – шығарманың ХVІ ғасырдың алғашқы жылдары жазылғандығы.
Шығарманың авторы жəне жазылу тарихы мəселесіне келсек, бірінші мəселе
бойынша бір жақты пікір жоқ. А.А.Семенов бұл шығарманың авторы
Мұхаммед Шайбани ханның өзі болған деген пікірді білдірсе, А.М.Акрамов
шығарманы
жазған
Мұхаммед
Салих
деп
көрсетеді.
Р.Г.Мукминова болса «Таварих-и гузида-йи нусрат-наменің» жазылуына
Мұхаммед Шайбани хан тікелей атсалысқан, ал шығарманы Шайбани ханға
жақын адам жазған деген ойды айтады. В.П.Юдин бұл шығармаға Мұхаммед
Шайбани ханның қатысын жəне нақты шығарма авторы туралы мынадай
ойды айтып өтеді. «Біздің ойымызша, Мұхаммед шайбани ханның авторлығы
екі жағдайдан көрінеді», – дей келе, бірінші жағдайға Мауереннахрды
бағындырғанға дейін Мұхаммед Шайбани хан шығармаға негіз болған
алғашқы нұсқаны дайындаған, ал Самарқанмен Бұхараны алғаннан кейін,
оған Мұхаммед Салих жəне т.б. өте мықты əдебиетшілер оның жағына өтеді.
Осы əдебиетшілер өздеріне ұсынылған «Тауарих-и гузида-йи нусрат-
наменің» жоспары мен фактологиялық материалдарды пайдаланса, сондай-ақ
қойылған мақсатты ескере отыра, өз тілдерінде Мұхаммед Шайбани ханды
мадақтайтын шығарманы жазып шығады. Мұхаммед Салих шығарма
деректерімен жұмыс істеуге мүмкіндік алған бірінші адам болуы мүмкін.
Дегенменде, оның авторлығы күмəн тудырып отырса, Мұхаммед Шайбани
ханның
авторлығын
сөзсіз
деп
есептейміз.
Мұхаммед Шайбани ханның авторлығын дəлелдейтін екінші жағдайға
«Тауарих-ий
гузида-йи
нусрат-наменің»
тілі
мен
ханның
басқа
шығармаларының тілі (лексикасы, фонетикасы, морфологиясы) арасындағы
ұқсастық жатады, – деп ойын тұжырымдайды В.П.Юдин. Ал Б.А.Ахмедов
болса, шығарма авторының «Бейшара, кедей, түгі жоқ қайыршыға Төлей
ханның ұлы Менгу ханға [арналған] «Тарих-и жахангушайды» Газан-ханның
қызына [арналған] «Тауарих-ий гузида-йи нусрат-намені», Ұлығбек
мырзаның атынан жазылған «Мунтахаб-и тауарих-и шахиды», монғол тілінде
жазылған монғол бақсыларының кітаптарын, сондай-ақ парсыша жазылған
[кітаптарды] ретке келтіруге, түсінуге жеңілдету үшін аударуға бұйрық
берілді. Еңбек «Тауарих-ий гузиде нусрат наме» деп аталды», – деген
мəліметіне қарап, «шығарманы Шайбани ханның тапсырмасымен оның
айналасындағы ғалымдардың бірі жазған», – деген тұжырымға келеді.
Осылайша біз, шығарманың авторы жөнінде пікірлер айтқан зерттеушілердің
тұжырымдарын қарастыра келе, «Тауарих-ий гузида-ий нусрат-наменің»
Мауереннахрда шибанилық əулеттің негізін салып, оның алғашқы билеушісі
болған Мұхаммед Шайбани-хан арнайы тапсырыспен жаздырған деген
пікірлерді қолдаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |