Бағдарламасы (Алматы, 2011) негізінде құрастырылған


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 1



Pdf көрінісі
бет40/114
Дата28.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#130819
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   114
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 1. 
Қазақстан территориясы Шыңғыс ханның 
балалары арасында қалайша бөліске салынған? 
2. Жошы ұлысының ерекшелігі жəне аумағы туралы не білдіңіз? 
3. Моңғол шапқыншылықтарының зардаптары жөнінде деректерде не 
жазылған?
Əдебиет: 
Қазақстан тарихы (көне дəуірден бүгінге дейін) І том. Алматы, 
Атамұра, 1996. 303-304 бб

Аманжолов К. Қазақстан тарихы /дəрiстер курсы-I/. Алматы,2004. 94-101бб. 
Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий. 
Алматы, Рауан, 1992. 98-104 бб.
 
№ 5 дəріс
Тақырып: Алтын Орда мемлекеті. 
Қарастырылатын сұрақтар: 
Батыйдың Шығыс Еуропаға жорығы,
 
Алтын 
Орданың құрылуы. Саяси жəне мемлекеттік құрылысы. Этникалық 
құрылымы, территориясы, саяси тарихы. Моңғол жаулаушылығының 
əлеуметтік-экономикалық жəне саяси салдарлары.
Дəрістің мақсаты
: Қазақстан территориясындағы жергілікті түркі 
тайпаларына жорық жасап, бұл аймақты түгелдей өз қолына алған 
жихангер жаулаушы Шыңғыс хн мен оның мұрагерлері жəне олардың 
жорықтары туралы мағлұматтар беру.
Дəрiстiң мазмұны
:
1.
Қазақстанды жаңа ұлыстарға бағындыру 
2.
Алтын Орданың (Ұлы ұлыс) құрылуы: саяси-əкімшілік құрылысы, 
этникалық құрамы. 
3.
Берке хан кезіндегі (1257-1266 жж) Алтын Орданың ішкі жəне сыртқы 
саясаты. 
4.
Өзбек хан (1312-1342 жж) жəне Жəнібек хан (1342-1357 жж) 
дəуіріндегі мемлекеттің күшеюі. 
5.
ХІҮ ғ. 60-70 жж Алтын Ордадағы «дүрбелең кезең»
6.
Тоқтамыс хан билігі кезеңі (1380-1395 жж) Алтын Орданың 
ыдырауының басталуы.
Шыңғыс ханның өлімінен кейін моңғол жаулап алушылықтары тоқтап
қалған жоқ. Қайта серпіле түсті. Моңғол шапқыншылығының сұмдығын сол 
заманның куəгерлері былай деп суреттейді: « ... бұл адамзаттың басына туған 
ең ірі де, ұлы зілзала болды» (Ибн Əл Асир). Мұсылман жəне мəсіх 


авторларының пікірінше, бұл соғыстар «құдайдың қасіреті» болды 
(Д.Жувейни). «Олар күн батыстан күн шығысқа дейін, аыналамыздың бəрі 
дұшпан» (Асыл аңыз) деп санаған. Ұлы шапқыншылықтар нəтижесінде зор 
империя құрған Шыңғыс хан өзі басып алған жерлерді 4 ұлына үлес түрінде 
бөліп берді. Ол кіші ұлы Төлеге –Моңғолияның өз жері, жəне 129 мың 
адамдық арнмиясының 101 мыңын алды.
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыға-Ертістен батысқа қарай жəне 
«Қойлық пен хорезм шекарасынан Сақсын мен Бұлғардың татар аттарының 
тұяғы тиген жерлерге дейінгі» ұшы-қиырсыз аймақты берді. Сөйтіп, оның 
иелігі Жетісудің солтүстік бөлігін жəне Төменгі Еділ бойына дейінгі жерді 
қоса Шығыс Дешті-Қыпшақты қамтыиды. Рашид Ад-Диннің деректеріне 
сүйенсек, Жошының ордасы Ертісте болған. Кейін Алтын Орданың 
құлыуына байланысты Жошы ұлысының саяси өмірінің орталығы Төменгі 
Еділге ауысқан.
Шығыстың екінші ұлы – Шағатайға –Оңтүстік Алтайдан Əмударияға 
дейінгі жерлерді, яғни Шығыс Түркістанды, Жетісу мен Мауеренахрдың 
денін қамтыды. Жамал Қарши деректері бойынша, Шағатай иеліктерінің 
негізгі бөлігін құраған өлке Аларғу елі деп аталды: оның басты қаласы – 
Алмалық болған. Шағатайдың жазғы ордасы Іле өзенінің алқабындағы Құяш 
деген жер болды. Ордасы Жувейни деректері бойынша, түрікше Ұлығ-Иф 
(Ив) деген атпен, яғни «Үлкен үй», ал нумизматикалық деректер бойынша
Орду Əл-Азам деген атпен мəлім болған. Шағатай мен оның мирасқорлары 
иеліктерінің құрамына Балх жəне Хорасан өлкелері де кірді.
Шыңғыс ханның үшінші ұлы –Үгедейге –Батыс Моңғолиямен 
ұлысының орталығы орналасқан жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы кірді.
Сонымен Қазақстан аумағы моңғолдардың үш ұлысының ретінде: Ертіс 
тен батысқа қарай –Жошы ұлыс құрамына, оңтүстік жəне оңтүстік –шығыс 
Өазақстан Шағатай ұлысына, Жетісудің солт-бөлігі –Үгедей ұлысына кірді.
1227 жылы Жошы хан өлгеннен кейін оның ұлысы баласы Батыйдың 
қолына көшті. Батый хан бірнеше рет батыс елдерге шабуыл жасап, 
Алтайдан Дунайға дейінгі аймақтың бəрін өзіне қаратады да, бұл жерде 
Алтын Орда деп аталатын жаңа моңғол мемлекетін құрады. Оның астанасы 
алғашында Сарай Бату қаласы (Астрахань маңында), кейін одан сəл 
жоғарырақ-Сарай Берке қаласы болған. (қазіргі Волгоградтың маңы).
Моңғол мемлекеттері негізінен тəуелсіз өмір сүрген, бірақ та ұлы 
моңғол империясының бір құрамдас бөлігі деп саналған. 
Б.Я.Владимирцевтің сөзіне қарағанда : «Империяның барлық жерлері 
жалпы құрылтайда сайланатын «қаан» (қаған, хақан) деп аталған бір 
билеушіге қараған, Ал қалған шыңғыс мұрагерлдері ханзадалар ретінде 
есептеліп, ұлыстық жер иелену құығын алды. Олардың бəрі ортақ орталық 
мемлекеттің өзегін құрады». 
Ал, ХІІІ ғасырдың 60 жылдары жағдай өзгерді. Осы кезеңде моңғол 
империясы Алтын Орда, Хулагидтердің иран мемлекеті жəне Шағатай 
мемлекеттері өз алдына дербес өмір сүрді. Олар өз саясатын жүргізу 
барысында ұлы ханың келесімінде сұрамады. Олардың ішінде Алтын Орда 


мемлекетін феодалдық монархиялық мемлекет деп қарастырамыз. Мемелкет 
саяси құрылысы жағынан ұлыстарға бөлінген, өз кезегінде ұлыстар үлестік 
жепрлерге бөлшектенген. Мемлекетте əкімшілік – шенеуніктік басқару 
жүйесі жұмыс жасады. Олардың ішінде өздері басып алған халықтардың 
ішінен алдыңғы қатарлы өкілдер де кіргізілген. Елде ханның атынан бүкіл 
əскери істі беклер-бек басқарған, ал заматық істерді уəсəншу мен уəзір 
айналысқан. Беклер-бек дипломатиялық істермен қатар, сот билігінде өз 
қолына алған. Уəзір орталық үкіметтің атқарушы өкіметтің басшысы, 
мемлкетте азаматтық тұрғыдан басқару ісінде ханың кеңесшісі болды. 
Мемлекетте салық жинау жүйесі іске қосылған. Салық жинаушылар –
даруғалар деп аталса, сонымен қатар, əрі салық жинау, əрі жергілікті халыққа
əскери бақылауды жүргізуші –басқақтар деген арнайы адамдар сайланған.
Диуан деп аталатын атқарушы өкіметтің орталық орган болған. Салық 
жəне басқа да ведоствалардан тұрған, диуаның хатшылары –бітікші деп 
аталған. 
Алтын Орданың билеушілерінің егіншілік жəне қалалық мəдени 
аймақтарды юасқару жөнінен тəжірибиесі болмады. Сондықтан, Алтын Орда 
хандары əуел бастан-ақ сауатты жəне білімді даярлығы бар адамдардан 
шенеуніктік аппарат құрды. Ол қызметшілердің көбі мұсылмандар 
(хоезмдіктер, ирандықтар, түркі бұлғарлары, қыпшақтар, қарлұқтар
қаңлылар) немесе буддистерден (ұйғырлар, тибет, қытайлар) тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет