Дəрістің мазмұны:
ХҮ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның солтүстік-батыс жəне
орталық аймағында екі үлкен иеліктің – Ноғай Ордасы мен Əбілхайыр
хандығының пайда болуына əкелді. Қазақстанның орталық, батыс жəне
солтүстік-батыс бетінде бірнеше тəуелсіз феодалдық иеліктер құрылып,
олардың арасында билік үшін күрес толассыз жүрді. Осындай жағдайда
Жошы əулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дəулет Шайх-оғлының баласы
Əбілхайыр саяси өмір сахнасына шықты. Яғни Шайбани балалары уақытша
үстемдік алды. Орталық жəне Солтүстік Қазақстан тайпаларын билеп
отырған топтардың қолдауымен ол 1428 жылы Тура өңірінде (Батыс Сібір)
хан болып жарияланды. Оның хандығының құрамына Қият, Маңғыт,
Шынбай, Найман, Қарлұқ, Үйсін т.б. тайпалар кірді.
Шығыс Дешті Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген
"көшпелі өзбектер мемлекетінің" яғни Əбілхайыр
хандығының Қазақстан
тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін,
батыста Жайыққа, шығыста Балқашқа дейінгі, оңтүстікте
Арал теңізі мен
Сырдың төменгі ағысына, солтүстікте Тобыл мен Ертістің орта ағысына
дейінгі жерлерді қамтыды.
Ноғай Ордасы Еділ мен Жайық арасындағы жерді мекендеді.
Орталығы
Жайықтың төменгі саласындағы Сарайшық қаласы болды. Ноғай Ордасының
негізін қалаған Едіге 1396-1411 жж. Алтын Ордада бүкіл билікті өз қолынан
шығармай, оны өзі тағайындаған хандар арқылы басқарды. Ол 1399 жылы
Литва-Польша əскері мен Тевтон ордені рыцарьларының біріккен
жасақтарына күйрете соққы беріп, 1408 ж. орыс əскерлерін
талқандап,
Мəскеуге дейінгі жерлерді бағындырды. Ноғай ордасы маңғыттардан тұрды.
Оның құрамында қоңырат, найман, арғын, қаңлы, алшын т.б. болды. Оның
басшылары арасында билік үшін күрес болып жатты. Нəтижесінде Ноғай
орасы құлап,
орнына Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары құрылды.
Көшпенді халқы Қазақ Ордасына қосылды. Ноғайлы кезеңінен Қазақ
даласына атағы шыққан Асан қайғы, Шалкиіз,
Доспамбет, Қазтуған
жыраулар мен Жиренше шешен, Қарашаш ана тəрізді ақылгөйлер,
сонымен
бірге көп томнан құралатын «Қырымның Қырық батыры» туралы ұзақ жыр
дастан қалды.
Достарыңызбен бөлісу: