Бағдарламасы (Алматы, 2011) негізінде құрастырылған



Pdf көрінісі
бет53/114
Дата28.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#130819
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   114
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ

Дəрістің мақсаты: 
Қазақ хандығының пайда болуының алғышарттары, 
тарихи себептері, заңдылық негізі жəне тұрақтану мəселелері туралы 
мағлұматтар беру. 
Дəрістің мазмұны: Хандықтың құрылуы.
Қазақ хандығының құрылуы 
Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен əлеуметтік –
экономикалық жəне этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы 


болды. Тарихи əдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап , Шығыс-Дешті 
Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен 
Жəнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ 
хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар. 
Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды 
оқиға болды. Ол улан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын 
қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, 
қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын 
біржолата аяқтауда аса маңызды жəне түбегейлі шешуші роль атқарды. 
1456 жылы Керей мен Жəнібек ханның Əбілқайыр хан үстемдігіне 
қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс 
Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық 
болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мəн-жайы мынадай 
болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық 
қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық 
иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ 
Орданың орнына Əбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда 
болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан 
Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл 
мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сəтте толастаған жоқ. Əбілхайыр 
хан өзінің саяси душпандарын-Жошы əулетінен шыққан султандарды 
құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан 
өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-
Керей мен Жəнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы 
ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мəжбүр болды. Осы 
оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи -Рашиди” атты 
шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Əбілхайыр хан 
биледі жəне Жошы əулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. 
Нəтижесінде Керей мен Жəнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан 
оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен 
Қозыбас аймақтарың берді. Олар барып орналасқан соң, Əбілхайыр (1468 ж.) 
дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі –ірі шиеленістер 
басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жəнібекке көшіп кетті. Сүйтіп 
олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- 
«қазақтар» деп атады. Қазақ султандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей 
бастады» . Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында 
Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. Осы 
территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолдынала 
бастады.. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет