етіп, ортасында ошақ қаланып, төбеден түтіні шығатын тесік немесе терезе
тұсынан булық қалдырылған. VII ғасырдан бастап қала аумағы кеңейіп. IX
ғасырда Фараб (қала) деген атпен əйгілі болады. Қаланың берік қамалы, айнала
қазылған ор, аспалы көпірмен жабдықталған үш қақпасы болған. Олар арқылы
жұрт қаланың орталық алаңына шыққан. Қаланың шег аймақтарына қыштан
жасалған су құбырлары тартылып, көпшілікке арналған бірнеше монша
жасалған. Археолотар осындай 2 моншаның орнын аршыды. Қалада нəжіс
тартатын жүйенің, тандыр пештер болуы көп нəрседен хабар береді. Ескі қала
орны 150 га жерді алып жатты. Оның негізгі бөлігін жергілікті халық
«Отырар төбе» деп атапты. Оның биіктігі 1518м, аумағы 20 га. Бұл тарихн
қаланың орнын кең көлемде зерттеу соңғы жылдардың үлесіне тиді. Ə.Марғұлан
атындағы археология институтының жетекші ғалымы Кемел Ақышев
бастаған экспедиция ежелгі Отырар орнын ашты. Отырар іргесіндегі құм мен
күл көрпесін жамылып жатқан елді мекендер Оқысыз, Көкмəрдан, Жауһар.
Абыттөбе орындары анықталды. Көне Отырар орнындағы бүгінгі басы бүтін
құрылыс - атақты Арыстанбаб ғимараты. Қала тұрғындары мен отырықшы
халықтың отқа табынғанын археологиялық материалдар растайды. Баба-Ата
қаласы жұртының қамалын қазып-аршыған кезде сарай кешенінің ең басты
залында, жердің қалың қабатына қарағанда, отқа байланысты діни ғұрып
өткізілген. Қалалардың жұрттарын қазғанда қой мүсіндері шығады, олардың
осы жануарларға табынуымен байланысты екені даусыз. Отырар алқабындағы
Көк-Мардан қаласының орнынан VІ-VІІ ғасырлар қабатынан от жағу үшін
тақыт орнатылып, қошқар мүйіз түрінде жапсырмасы бар қуыс жасалған
ғибадатхана қазылып алынды. Орта ғасырлардағы көптеген авторлар «улы»
тастың құдіретті күшімен жаңбыр жаудыра алатын түрік «сиқыршылары»
туралы жазады. Түріктердің сиқырлы күшке, шаман бақсы-балгерлеріне
сенетіні жайлы парсы тарихшылары мен географтары да жазады. Өлген
түріктер ертедегі шаман ғұрпымен жерленген. Деректемелерде жерлеу
ғұрпының сипаттамалары сақталған, өлген адамды биіктеу жерге тігілген киіз
үйге қойған. Туыстары құрбандыққа əкелген қойлары мен жылқыларын
табалдырықтан асырып қойғанда, сонан соң киіз үйді жеті рет айналып өткен.
Үйді айналып, есік алдынан өткен сайын беттерін тілгілеп, жылайтын болған;
сонан соң белгіленген күні өлген адамның атын, киімдері мен заттарын алып,
оларды өлген адамның денесімен бірге өртеген.
2. ХҮ-ХҮІІ ғасырларда қалалар феодалдардың саяси-экономикалық жағынан
нығая түсуіне себепші болды. Егістік жерлер мен жайылымдық алқаптарды
иеленушілер сонымен бірге қаладағы билік етуші үстем тапқа айналды.
Егіншілікпен осынша тығыз байланыста болған Сыр өңірі қалаларында сауда
мен қолөнер едəуір дəрежеде дамығанымен де олар ауыр салық салу жолымен де
қолөнер кəсіпшілігі мен саудадан кіріс келтіріп отырған феодал билеушілерге
толық тəуелді болды. Қалаларды жаулап алған ортағасырлық билеушілер
мысалы тарихтан белгілі Моғолстан, Ақ Орда хандары, Мұхаммед Шайбани
жəне қазақ хандары алынған қаланы билеп-төстеп ерсілі қарсылы өз
туыстарына үлестірген. Сыр өңірінің қалалары қазақ хандарының қолына
көшуіне байланысты хан тегінің мүшелері-сұлтандар жекелеген қалалар мен
уалаяттардың билеушілеріне айналды. Сөйтіп қалаларды пайдаланудың үлестік
жүесі пайда болған. Өзбек жəне қазақ хандары Түркістандағы өз туыстарына
берген қалаларды сойырған түрінде бергені деректерде расталады. Бірақ
деректерде сойырғал деп емес, сыйға берілген деп жазылады. И.П.Петрушевский
«Иран мен Орта Азиядағы көшпелі феодалдар отырықшы егіншілерге үстемдік
ету нысаны жəне осы соңғыларын қанау нысаны болды» деп жазады. Қалалар
мен ауылдардағы отырықшылар ауыр қанауға ұшырады. Көшпелілердің
отырықшы аудандарға келуі егінші жəне көшпелі халық мүдделерінің қатты
қақтығысқа түсуіне əкеліп соқты. Жаулап алушыларды қолдай отырып,
жергілікті шонжарлар өздерінің иеліктерін сақтап қалды жəне олардан əр
түрлі артықшылықтар: салықтан босатылған тархандық лауызымын, сыйға
тартылатын жаңа жерлер, суландыру арықтарын алып отырды.
ХҮ ғасырда тархандар билігі ерекше күшейді. Ал мұсылман дін басыларына
вакфтық жерлер берілді. Олар өз кезегінде жаңа билеушіне құрметтеуге қала
халқын үгіттеді. Мысалы, Əмір Темір Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет
Иассауи кесенесін Абдоллах ханнан вакфтық жер ретінде үлеске алған. Ал 1598
жылы Əбу-л-Хасан Сығанаки мазарының вакфын бекіткен, кейін оның жаңа
билеушісі 1634 вакфты Убайдолла ханға бекіткен. Қалаларды үлеске алуда
əкімшілік өкілдер: калантарлар (қалалық полиция қызметінің бастығы), кедхуд
(ауыл бастығы) жəне басқаларда айтылады. Олардың бəріде шартты түрде
мильк
жер
учаскелерін
иеленген.
Деректерде
ХҮ-ХҮІІ
ғғ
Түркістан
қалаларындағы жерлердің пайдаланылуы туралы мəліметтер жоқ деуге болады.
Қалаладағы салық төлеуші сословиемен бірге шаруалар деректемелерде
«ра’ийат» деген жалпы терминмен аталады. Негізінен бұлар көбіне егінші
шаруалар болып келеді. Ортағасырлық грамоталарда қала маңындағы
шаруаларды шарик (парсыша-қатысушы, жолдас, серіктес) жəне қаранде
(парсыша себу, егу) деп екі терминмен атаған. Оның ішінде шарик термині
көптеген авторларда «қожа» терминімен қатар жүреді. П.Иванов бұл сөзді
«қожадан жерді жалға алған шаруалар» деп аударады. Қалаларда қала халқына
салынған ең ауыр салық «тағар» деп аталған.
Достарыңызбен бөлісу: |