Бағдарламасы (Алматы, 2011) негізінде құрастырылған


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет48/114
Дата28.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#130819
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   114
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 
1.
 
Ортағасырлық мемлекеттердің əкімшілік құрылысында қандай 
ұқсастықтар болды? 
2.
 
Мемлекеттердегі əлеуметтік жүйе туралы не білесіз? 
3.
 
Əмир-и шикар, михман даруға, худай, мубашир, басқақ дегендер 
кімдер, қандай қызмет атқарған? 
Əдебиет:
Қазақстан тарихы ІІ том. А, Атамұра, 1998. 194-223 бб.
Аманжолов К.Қазақстан тарихы. А.,2004. 127-129 бб. 
«Қазақ тарихы» 2004ж. №2, 47-53 бб. 
№13 дəрiс 
Тақырып: ІХ ғасырдың ІІ жартысы-ХІІІ ғасырдың басындағы 
материалдық жəне рухани мəдениет. 
Қарастырылатын сұрақтар:
1.
Қалалар. Қалалар құрылымындағы өзгерістер.
2.
Қолөнердің дамуы. Сауда. Сəулет өнері жəне құрылыс. Айша-бибі, 
Қарахан кесенелері.
3.
Дін жəне мəдениет. Исламның таралуы. Қазақстан ғалымдары мен 
ойшылдары. Əл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари
Сүлеймен Бақырғани, Ахмед Яссауи. 
Дəрістің мақсаты: 
ІХ ғасырдың ІІ жартысы-ХІІІ ғасырдың басындағы 
материалдық жəне рухани мəдениет туралы мағлұматтар беру. 
 Дəрiстiң мазмұны:
Ортағасырдың дамыған кезінде (Х-ХІІ ғғ) отырықшы 
мəдениеттің дамып, қалалар саны кбөейді. Бұрын Оңтүстік Қазақстанда 30 
қаланың орны белгілі болса, кейінгі зерттеулер бойынша олардың саны 37-ге 
жеткенін айта кету керек. Қалалар санының өсуінің себебі: біріншіден, 
Шығыстың экономикалық, мəдени байланыстар жүйесінің қатысуына 
байланысты қалалар маңызының артқандығы; екіншіден, қала маңында 
жартылай көшпелі мал өсірушілердің отырықшылана бастауында. 
Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жері –Арыс өзенінің 
Сырдарияға қосылатын тұсындағы сағаларындағы, қалалық отьырықшылық 
мəдениет қанат жайған Жетісу аймағындағы қалалар туралы көптеген 
деректер бар.
Қалаларды негізгі үш топқа бөліп қарастыру керек: 
1 топ көлемі 30 гектардан асатын қала жұрттары (Испиджаб, Отырар, Сауран 
т.б.) 
2 топ 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар (Бурух, Хурлуг т.б.) 


3 топ 10 гектарға жетпейтін қалалар (Бұл қалалар бастапқы екі топқа қарағанда 
көп кездеседі ). Қала құрылысындағы өзгерістер негізінен Отырар, тараз, Талғар, 
Баба-Ата, Құйрықтөбө қалалары құрылыс орындарына археологиялық қазба 
жұмыстарын жүргізу кезінде анықталған. Ортағасырда Қазақстан қалаларында 
сəулет өнері дамыды. Оның түрлері мен құрылымы жетілдірілді. Сол кезден 
бастап сəулет құрылыс дəстүрлері мен жаңа идеологиялық /исламдық/ ұштасуы 
жаңа топологиялық негіз қалыптастырды. Ол ХХ ғасырдың басына дейін 
сақталды. Құрылыс өнер түрлерінің жаңаруы Қазақстан мен Орта Азия үшін жаңа 
стильды болды. Қоғамдық жəне діни үйлердің сəулеті ислам жережелеріне 
сəйкес діни кешен ретінде дамыды. Олардың сəулеттік ұйтқысы жинақы немесе 
алаңдардың шетіне орналасқан іргелі құрылыстардан тұрған. Араб-парсы 
деректемелерінде Х ғасырдың өзінде Оңтүстік қазақстан 
мен Жетісудың мешіттері бар қалаларын атайды. Кейбір құрылыстар осы кезге 
дейін сақталған. (Мысалы, бір кезде
соборлы мешіт болған Боран мұнарасы. Ол Х ғасырдың аяғы немесе ХІ ғасырдың 
басында Жетісу халқы жаппай
мұсылмандандырылған кезеңде салынған). Талас аңғарының Діни құрылыстары 
арасында Тараз қаласының батыс 
жағында 18 шақырым жердегі Бабаджа қатын мен Айша Бибі кесенелері ерекше 
назар аудартады. Бабаджа қатын
кесенесі –күйдірілген кірпіштен шаршылап салынған порталдары бар əсем 
күмбезді ғимарат. Кесене көп қырлы аласа барабанға қойылған шатырлы 
күмбезбен жабылған. Күмбез сыртынан күйдірілген текшелермен қапталған. 
Кесене Х-ХІ ғасырларда салынған деп жобаланады. Оның қасында Айша Бибі 
кесенесі ішінара сақталған. Қазіргі кезде Күмбезі құлап қабырғалары ғана тұр. 
Қабырғаларға терең аркалы жақтау қуыстарсалынған. Кесене ХІ-ХІІ ғасырларда 
салынған деп есептеледі. Ортағасырларда іргелі құрылыстар туралы сəулеттік 
археология қосымша құнды мағлұматтарды беретіндігі даусыз. Қазақстанның 
оңтүстік аумағы жəне Жетісудағы қазба жұмыстар барысында мешіттер мен 
моншалар аршылған. Кедер саналатын Құйрықтөбе қаласының жұртынан ең 
ертедегі мешіттің орны қазылды. Жалпы шығыс қалаларында моншалар мешіттен 
кейінгі ең адам көп жиналатын орын болған жəне көрнекті құрылыс кешеніне 
жатады. Сонымен қатар ол емдеу орны деп саналған. ІХ-Х ғасырлардағы дəрігер 
Закария ар-Рази моншаның ағзаға ықпалын суреттеу келе, моншаларды жақсы 
кескіндемелермен безендіруді ұсынған. Ол уайымнан арылтып, қаумалаған қалың 
ойдан сергітіп, хайуандық, рухани жəне табиғи залалды қуаттарды əлсіретеді 
деген. Отырар рабадынан ХІ-ХІІ ғасырларға жататын екі ірі монша аршылған. 
Моншалар зерттеушілердің айтуынша Орта Азияға Жерорта теңізі аудандарынан 
келіп ерте дегенде ҮІІІ ғасырда пайда болса керек.
Ортағасырлық қалардың құрылыс кешендерінің ерекшелігі оларда кірпішті 
тігінен, жалпағынан орналастыру немесе жалпы қатардан жылжытып қалау 
арқылы суретшілер алуан түрлі өрнекті жəне жарық əсемдігіне қол жеткізген. 
Сонымен бірге, кірпішті «қырынан» қалау жер сілкінісіне қарсы тісіл деп 
саналған. ХІ ғасырдан бастап оюлы жəне жылтыратылған кірпіштер кеңінен 
енгізілген. Ол ХІ-ХІІ ғасырлар шегінде кеңінен қолданылған сəулеттік 


терракотаның бастапқы үлгісі болатын. Құрғатылған балшыққа ою-өрнек салып
оны кейіннен күйдірілген ерте заманнан белгілі оймыштау мен əшкейлеуге 
жануарлар əсем бейнелерін салу жалғастырылған. Сүйір аркалармен қоршалып, 
артқы аяқтарымен тұрған жануарлардың схемалық бейнесі бар оюлы 
тақтайшалар, түрлі арыстан бедерлерімен басылған терракоталық тақталар 
ерекше əсер қалдырады. Олар Х-ХІІ ғасырлардағы Қызыл өзен үйлерінен 
табылған. Қалаларда қолөнершілік жақсы дамыған. Оны мына кестеден анық 
көруге болады. 
ХІ ғасырда аса көрнекті ақын Ж. Баласағұн «Қолөнермен айналысатын 
шеберлер əлі де бар, оларды өнер тамған с аусақтары асырап отыр, дүниенің 
тізгінін ұстап отырғанда солар. əлемдегі ғажайып атаулының бəрі солардың 
шеберлігінің нəтижесі» деп жазады. Қазба жұмыстары кезінде əсіресе, 
күйдірілген саздан жасалған бүтін ыдыстар көьінесе, олардың сынықтары жие 
табылады. Олардың ішінде дəн сақтайтын 200 литрлік үлкен ыдыстарда, жылтыр 
газурьмен əшекейленген жасыл жəне қоңыр қаймамен боялған шырақтарда бар. 
Саз балшықтан ұсақ ыдыс аяқ жалқы мүсіндері сияқты балалар ойыншықтары да 
жасалған. Сүйектерден бұйым жасау өнері ерекше өркендеді. Түрлі үлкен 
əшкейлер, түймелер мен доғабастар жасалды. Қала орнынан сүйектен жасалған 
шахмат фигуралары да табылды. Талғар қаласынан Орта шығыста жасалған аса 
көркем металл бұйымдарда табылды. Атап айтқанда, сондай олжалардың бірі-
қанатты сақтар бейнесі салынған мыс табақша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет