мекендеген бүкіл территорияның біріктіру жолында ойдағыдай күрес
бастады.
Қазақ хандығының саяси –экономикалық базасын ңығайту үшін
Сырдария
бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ
хандығының
алдына
3
үлкен
тарихи
міндет
қойылды
:
1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан
қалыптасқан дағдылы тəртібін қалпына келтіру (бұл тəртіп Əбілқайыр
хандығындағы
аласапран
арқылы
бұзылған)
көшпелі
шаруалардың
көкейтесті
мүддесі
еді.
2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған
Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б.
қалалары қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі
саяси- экономикалық
жəне
əскери-
стратегиялық
берік
база
болатын.
3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын
біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы
қалаларды қарату күресі болды.
Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті – Қыпшақ даласы үшін күресте
қазақ хандығының басты бəсекелесі жəне ата жауы Əбілқайыр хан еді. 1468
жылы қыста ол қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа атанды,
бірақ сапары сəтсіз болып, жорық жолында қаза тапты. Əбілқайырдың қаза
болуы қазақ хандығының ңығайуына жəне
территорияның көлемінің
кеңеуіне үлкен себеп болды. Ол өлгеннен соң, оның елігінде қиян-кескі
феодалдық қырылыс басталып, хандық ыдырай бастады. «Өзбек ұлысының»
шаңырағы шайқалды, ірі шиеліністер басталды. Оның қарамағындағы үлкен
бөлігі Керей мен Жəнібек ханға көшіп кетті. Мұндай тиімді жағдайды дер
кезінде пайдаланған қазақ хандары Керей мен Жəнібек бұдан 12 жыл бұрын
өздері ауып кеткен ата қоңысы Шығыс Дешті-Қыпшаққа қайта оралды. Қазақ
хандары Əбілхайыр ханың мұрагерлеріне қарсы күресті. Олардың саяси
қарсыластары- Ахмед хан мен Махмұд Батыс
Сібірдің билеушісі Ибақ хан
мен сондай-ақ Ноғай одағын билеген мырзалармен одақтасып, бірге күрес
жүргізді.
Əбілхайыр ханың орнына отырған мұрагер баласы Шайх Хайдар бұл күресте
мүлде жеңіліп, өлтірілді, ал Əбілхайырдың немерелері Мұхаммед Шайбани
мен Махмұд султан Астраханға барып паналады. Əбілқайыр ханның
мұрагерлермен күресте толық жеңіске жеткен қазақ хандығы Əбілхайыр хан
40 жыл билеген Шығыс Дешті –Қыпшақ даласын жəне ондағы көшпелі
тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XV ғасырдың 70
жылдарында
қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра
территориясын басып алды. Сөйтіп, қазақ хандығының территориясын
əлқайда кеңейіп, нығайды. Оған тұс-түсынан қазақ тайпалары келіп қосылып
жатты.
Алайда, Сырдария жағасындағы қалалар үшін Əбілхайырдың немересі
Мұхаммед Шайбани мен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Ол осы
соғыстарда бірде Əмір-Темір əулетіне, бірде ноғай мырзаларына, ақырында
Моғолстан хандарына сүйенді.
XV ғасырдың ақырында Отырар Яса (Түркестан) Орхон, Бозкент
қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниге қарады
да, Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Туркістан аймағының солтүстік
бөлігі Қазақ хандығының иелігіне қалды. Ташкент
пен Сайрам қалаларын
Моғолстан ханы султан Махмұд биледі. Қазақ хандары Дешті –Қыпшақты
басып алуға умтылғандардың бірінен соң бірін жеңіп, өз иеліктерін едəуір
ұлғайтты. Қазақ хандығының нығайюы Шайбани ханды Шығыс Дешті –
Қыпшақ тайпаларының біраз бөлігінен Мауараннахрға ығысуға мəжбүр етті.
Ол 1500 жылы ондағы Əмір Темір əулетін талқандап, Мауараннахрды
жаулап алды да, Шайбани əулетінің негізін қалады. Мұхаммед Шайбани
ханға ілесіп Мауараннахрға енген көшпелі тайпалар бірте – бірте жергілікті
отырықшы
халыққа сіңіп, олардың тілі мен мəдениетін қабылдап, өздерінің
бұрынғы Дешті –Қыпшақтағы өзгешіліктерінен бірте-бірте айырылды. Бұл
көшпелі тайпалар Дешті –Қыпшақтан ала келген «өзбек» деген атау бірте-
бірте Мауараннахрдың байырғы тұрғындарына жалпыласты. Бірақ олар
«өзбек» деген аты болмаса, жергілікті халықтың
тұрмыс- тіршілігіне ықпал
жасай алмаған.
XV ғасыр мен XVІ ғасырдың арасында (1500 жыл) Мұхаммед Шайбани
ханның Дешті –Қыпшақтан ығысып жаулап алуы Орта Азия тарихындағы,
əсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл ең алдымен қазақ
хандығының жерін кеңітіп, беделін арттырып, ерікті елдігін нығайтты.
Бұрынғы дəуірлерде бытыранқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір
жерге қосуға, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге,
сонау қола
ғасырдан басталған қазақтардың халық болып қалыптасу барысын біржолата
аяқтатуға мүмкіндік берді. Бұрын Ақ Орда мен Əбілқайыр хандығында
қолданылған «өзбек- қазақ» деген жалпы атау бір-бірімен ажырады. «Қазақ»
термині бірте-бірте Шығыс Дешті –Қыпшақ пен Жетісада қалыптасқан
халықтың тұрақты атына айналды. «Өзбек» термині Мұхаммед Шайбаниге
еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана
қолданылатын болды.
Достарыңызбен бөлісу: