3.
Халық əні «Елім-ай» əнінің шығу себептерін білесіз бе?
Əдебиеттер:
Қазақстан тарихы(көне дəуірден бүгінге дейін) ІІ том. А,
Атамұра, 1998. бб.
http://www.bankreferatov.kz/ru/kazakstan-tarihi/1433-1aza-halini-zhoar-
shapinshiliina-arsi-kres.html
№ 26 дəріс
Тақырыбы: Жəңгір хан тұсындағы қазақ хандығы
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Жəңгірдің таққа отыруы
2.
Жалаңтөс баһадүр жəне Жəңгір хан. Орбұлақ шайқасы.
Дəрістің мақсаты:
ХҮІІ
ғасырдағы
қазақтың
билеушілері
мен
батырларының ерлік күрестері, сол сияқты ХҮІІ ғасырдағы Қазақ
хандығының саяси жағдайы туралы мағлұматтар беру.
Дəрiстiң мазмұны:
Жалаңтөс би Сейітқұлұлы (1576-1656) - қазақ батыры,
(ертедегі шығыс елдері баһадүр деп атаған) қолбасшы. Сырдарияның саға-
жағалауын мекен еткен Төртқара елінде туған. Жалаңтөс бидің ата-тегі қазақ
шежіресінде былай таратылады: Жанарыстан Алшын одан Əлім, Байұлы,
Жетіру. Əлімнен Түмен, Шөмекей,
Төртқара одан Ораз, Оразгелді,
Жаншұқыр, Қараш. Орадан Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейітқұл туған.
Сейітқұл бабаның сегіз ұлы болған. Оның бəйбішесі - Сары кемпірден
Сейітмəмбет, Төлеш, Ақша. Акшадан Бəйбек одан атақты Əйтеке би туған.
Екінші əйелі - Қара кемпірден —
Жалаңтөс, Дүйсенбай, Матай, Турікмен,
Қоян туған. Бұларды "Сегіз Сейітқұл" дейді екен ел. Сонда Əйтеке би мен
Жалаңтөс бір əке Сейітқұлдан болып шығады.
Қазақ батыры, əскербасы, Самарқан өмірі. Жалаңтөс Сейітқұлы ХVII-ХVIII
ғасырларда өмір сүрген Əйтеке бидің атасы болып келеді. 1581
жылғы
аштықтан аман қалу қамымен Шығай хан мен Жалаңтөс батырдың əкесі
Айтқұл туыстарымен бірге Бұхараға жақын Бұраты тауына қоныс аударды.
Жалаңтөс батыр 12 жасынан Тамды жəне Қызылқұм қазақтарының ханы
Дінмұхамедке қызмет ете бастады. Жас кезінен-ақ зерделілігі жəне
төзімділігімен көзге түсті. Оның аты халық арасына кеңінен танылды. Оған
сол дəуірдің жоғары дəрежесі — "Аталық" атағы берілді. 1640 жылы
Жалаңтөс батыр қазақ жəне өзбек жерлеріне шабуыл жасаған қалмақ ханы
Батурға қарсы қол бастап, оны жеңіліске ұшыратты. 1643
жылы Жетісу
жеріне баса-көктеп кірген жоңғар қалмақтарымен соғысып жатқан Жөңгір
ханға 20 мың өскерді көмек ретінде жіберді, мұның өзі басқыншыларды
талқандауға зор үлес қосты.
1649 жылы Жалаңтөс
батыр қазақ қолын басқарып, Бұхар ханы Абдул Азиз
бен Иран патшалығының Хорасан, Балх үшін жүргізген соғысында жеңіске
жетті. Бұл соғыста Бұхар жəне қазақ хандықтары ортақ жауға қарсы күрес
жүргізу үшін одақтық келісімге келді. Хотажқұли бек Балхидың "Тарихи
қыпшақтар" анықтамалығы мəліметтерінде қазақ ханы Жəңгір
бұл соғысқа
100 мың адамдық əскермен қатысқаны айтылады. Жалаңтөс батыр Ташкент
пен Түркістанға үш жорық жасап, Қабыл мен Мешхедті бағындырды. Əскери
өнерді жетік білетін, керемет батырлығымен даңқы жайылған дарабоз
қолбасшыға қырғыз, қалмақ,
қазақ хандары, Үндістаннан, Хорезмнен жəне
Тибеттен
қымбат
сыйлықтар
ағыл-тегіл
келіп
жатты.
Академик
М.Е.Массонның айтуы бойынша, бұл сыйлықтар өзінің саны мен құны
жағынан мемлекет қазынасына түсіп жатқан барлық байлықтан асып түседі
екен. Бұл байлықтарды Жалаңтөс батыр əскерді қамтамасыз етуге ғана емес,
оларға арнап Самарканда үлкен құрылыстар, зəулім сарайлар мен медреселер
салуға жұмсады. Жалаңтөс батыр Самарқанның орталығы Регистанда 1619-
1633/36 жылдары "Ширдор" (Арыстан медресесі) медресесі мен 1647-1660
жылдары "Тилла-Кори" (Алтынмен апталган) медресесін салдырды,
кейінірек олар бүкіл елге əйгілі болды. Бұл архитектуралық ғимараттар өзінің
өсемдігімен,
əдемілігімен
дүйім
жұртты
таңдандырып,
Шығыстың
сəулетшілік өнерінде ерекше орын алады. Жалаңтөс батырдың сүйегі
Самарқаннан 12 шақырым жерде орналасқан Дагбит қыстауындагы зиратқа
қойылған. Жалаңтөс батырдың ұрпақтары бұл күнде Қызылорда облысының
Қазалы ауданында ғұмыр кешуде
Достарыңызбен бөлісу: