Бағдарламасы (Алматы, 2011) негізінде құрастырылған


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет60/114
Дата28.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#130819
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   114
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 
1.
Қазақ хандары Орта Азиялық билеуші Абдоллах хан қырқыстарының 
себебе неде? 
2.
Өзара ынмақтастық туралы келісімге алғаш болып ұсыныс жасаған 
кім? 
3.
Қазақ хандарымен өзара жауластық соғыстар Орта Азия билеушілері 
үшін қалай аяқталды?
Əдебиет: 
Қазақстан тарихы(көне дəуірден бүгінге дейін) ІІ том. Алматы, 
Атамұра, 1998. 393-408бб. 
Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в ХҮ-ХҮІІ веках: история, 
политика, дипломатия. Алматы, «Дайк-Пресс», 2002. 103 стр. 
http://www.testent.ru 
№23 дəрiс 
Тақырып: Қазақ хандығындағы ХҮІІ ғ. ішкі саяси жағдайлар 
Қарастырылатын сұрақтар:
1. ХҮІІ ғасырдың басындағы саяси теке-тірес 
2. Феодалдық тартыстар, өзара күрес
 
Дəрістің мақсаты: 
Қазақ хандығындағы ХҮІІ ғасырдағы ішкі жағдайлар 
туралы баяндау. 
Дəрістің мазмұны: 
Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін 
ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен 
оның қалаларын жəне Шайбани əулетінің аса ірі жері–Ташкентті Қазақ 
хандығының құрамына қосумен аяқталды. Бұл территорияларды Қазақ 
ханының құрамына қосу туралы 1598 жылғы шарт Мауараннахрдың 
Шайбани əулетінің орнына келген жаңа Аштархани Əулетінің өкілімен 
жасалды. Сөйтіп, Сырдария бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік қазақстанның 
территориясы үшін бір жарым ғасырға созылған күрес уақытша аяқталды.
Алайда, Есім ханнан (1598-1628 жж.) кейін Қазақ хандығының жағдайы одан 
сайын нашарлай түсті, феодалдық қарқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің 
бір бөлігін уақытша басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен 
қырғыздарды бағындырды. Бұхара əскерлері Ташкентті алып, қазақтарды 
ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жəнгір (1628-1652 жж.) Бұхара 
хандығымен одақтасып, жоңғар феодалдарынның шабуылына қарсы күресті. 
Жəнгір хан өз өмірінің деңін жоңғарлардың шапқыншылығына тойтарыс 
берумен өткізіп, оларға қарсы үшінші рет 1652 жылы болған шайқаста 
Жəнгір хан өлтірілді.
1680 жылы хандықтың тағы Жəнгірдің баласы Тəуке ханға (1680-1718 жж.) 
көшті. Тəуке хан 1680 жылы таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі жəне 
сыртқы саяси жағдайлары мəз емес еді. Феодал шонжарлардың арасында 


бақталастық пен алауыздықтар күшейе түстіп, əрбір сұлтан өз иелігіндегі 
ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге тырысты. Қазақ жүздерінің 
арасында бұрыннан келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір – бірінен 
оқшаулана түсті. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына 
тəуелді болғанымен іс жүзінде өз алдына билік жүргізді. Бұл жағдайлар 
жалпы қазақ халқын біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға кесірін 
тигізді. Алауыздық пен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшісінен батқан 
қазақтарға Шығыстан, Арқадан төтеп берген жоңғарлардың шабуылы 
күшейе түскен еді.
Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тəуке алдымен Россия жəне 
оңтүстіктегі көрші елдермен қарым – қатынасын түзей отырып, қазақ 
қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың 
уақытша болсада ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен 
батыл күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет