Сайрам
қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан ауылдарды күйретті.
XVIIІ ғасырдың бас кезінде жоңғар əскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне
жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып
кірді .
Қазақ ханы Тəуке береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл
күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға қарсы қалай
төтеп беру мəселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық қазақ
жүздерінің өкілдері бас қосты.
Халықжасақтары құрылды, бұлар жоңғар
əскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс баянды бола алмады.
Өйткені бұл кезде жоңғарлар жұм (біріккен), қазақтар бытыраңқы болды.
Қазақтың феодал шоншарларының арасындағы алаусыздық пен енжарлық,
сыртқы жаудан қорғану үшін жалпы халық күшін жұмылдыруға кедергі
болып отырды. Бұл жағдайды пайдаланған
жоңғарлар шабуылды қайта
бастады. 1716 жылы бұлардың əскерлерінің негізгі бөлігі Іле өзенінен
Аягөзге қарай жорық бастады. Нақ осы кезде жоңғарлардың отрядтары
Абақанға қарай беттеп, Бие жəне Катун өзендерінің арасындағы жерді басып
алды.
Тауке хан Россия мемлекетімен де тату, достық қарым –
қатынас жасауға
тырысты.
Алайда, Тəуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет
етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халқының басым копшілігі
көшпелі жəне жартылай көшпілі мал шаруашылығымен айналысқан жəне
патриархалдық-феодалдық қатнас үстем болып отырған елде мұны жүзеге
асыру мүнкін емес еді, оған қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүнкіндік
бермеді. Сөйтіп, қазақ хандығы бытыраңқылық жағдайда кала берді. Əрине,
бул бұрын- сонды Орта Азия өңірде тарих
сахнасына шыққан көшпелі
хандықтардың бəріне ортақ жағдай еді.
Солай бола турса да, Жəңгірдің баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында
қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында «Əз
Тауке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған сөң, қазақ
хандығында асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты
жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын
құруға қажырлы қайрат
жұмсаған мемлекет қайраткер деп, толық есептеумізге болады.
Достарыңызбен бөлісу: