Бағдарламасы (Алматы, 2011) негізінде құрастырылған


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет62/114
Дата28.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#130819
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   114
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 
1.
Жоңғар тайпаларының қазақ жеріне шабуылдары қашан басалды? 
2.
Жоңғар жорықтарына қарсы ерлік пен күрескен қазақ батырларының 
өмір жолы туралы не білесіз? 
3.
Жоңғарлар мен ойраттар шапқыншықтарынан көп зардап шекен
аймақтар? 
Əдебиет:
Қазақстан тарихы(көне дəуірден бүгінге дейін) ІІ том. Алматы, 
Атамұра, 1998. 408 бб. 
Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в ХҮ-ХҮІІ веках: история, 
политика, дипломатия. Алматы, «Дайк-Пресс», 2002. 103 стр.
 
№25 дəрiс 
ХҮІІ ғасырдың 30-50 жылдарындағы Қазақ хандығы 
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Жоңғарларға қарсы күрес. Есім хан 
2. Есім хан генеологиясы 
3. Қарақалпақ жəне қалмақтар мен қарым-қатынас.
Дəрістің мақсаты: 
Қазақ руларының сыртқы жауларға қарсчы ерлік 
күрестері туралы баяндай отырып, студенттерге отансүйгіштікке тəрбиелеу. 
Дəрiстiң мазмұны:
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ 
хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға 
дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің географиялық 
ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік 
еткен əскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. 
Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, 
қазақ 
хандығына 
үздіксіз 
шабуыл 
жасады. 
Ш. Уалиханов сол кездегі жағдай туралы: “XVIII ғасырдың алғашқы он 
жылдығы қазақ халқының өмірінде қасіретті кезең болды. Жоңғарлар,Еділ 
қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын 


ойрандады» 

дейді. 
Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары қыспақ көрсетті. Солардың ішінде ең 
қауіптісі 
шығыстағы 
Жоңғар 
мемлекеті 
болды. 
XIV ғ. II-ші жартысында Моңғолия территориясы екі иелікке бөлінеді.
Ойраттар белсенді рөл атқарған Батыс Моңғолия жəне бұрынғы Қытай 
императорының бақылауындағы Шығыс бөлікке. “Жоңғар” деген аттың 
шығуы – Шыңғысханның шапқыншылығы кезеңінде ойраттар қашанда 
армиясының “сол қанатын” құраған, моңғолша ол “зюнгор” деген мағынаны 
білдіреді. 
Содан 
“зюнгор” 
– 
жоңғар 
деп 
аталып 
кеткен.
Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау XV ғ. басталған болатын 
(Əбілхайырдың көшпенді өзбек хандығына күйрете соққы берген 1456 
жылы).
Кейіннен ойраттардың бірігіп 1635 жылы мемлекет құруынан кейін – қазақ 
хандығына 
қан-төгіс 
шапқыншылықтар 
күшейе 
түсті.
Басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653) Қазақ жеріне Жоңғар 
агрессиясының күшеюі Цэван Рабдан (1697-1727) тұсында болды.
Цэван Рабданның жаулап алу программасының ең шырқау шыңы – 1723 
жылы 
болған 
шабуылдан 
көрінді. 
18 ғасырда қазақтар үз жүзге бөлініп өмір сүріп жатты. Əр жүздің өз ханы 
болды. Кіші жүзді - Əбілхайыр, Орта жүзде - Сəмеке (Шахмұхамед), Ұлы 
Жүзде – Жолбарыс хандық етті. Түркістан қаласын астана еткен Үлкен 
Орданың ханы Тəуке еді. Қазақ жерінде орталықтанған мемлекет болмауын 
көршілері өз пайдасына шешуді ойлады. Оңтүстік-батыстан Жайық 
казактарының қолдауымен Еділ бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші 
жүзге тынымсыз шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары тыным 
бермеді. Орта Азиядағы Бұқара мен хиуа хандықтары да қазақ жерінен 
дəмелі 
болды. 
Олардың 
бəрінен 
асып 
түскен 
жоңғарлар 
еді. 
16 ғасырдың соңында ойраттар (қалмақтар) төрт тайпалық бірлестіктен 
тұрды. Олар Тарбағатайдан Шығысқа қарайғы өңірді алып жатқан 
торғауыттар, Ертістің жоғары ағысында қоныстанған дербеттер, қазіргі 
Дихуа қаласының маңындағы хошауыттар, Іле өзенінің жоғары жағындағы 
шоростар 
еді. 
Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым жер үшін күрес 15 ғасырда-ақ 
басталды. 16 ғ. соңында ойраттардың шағын бөлігі қазақ ханы Тəуекелге 
бағынды. 1635 ж. Хонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы 
құрылды. Қазақ-жоңғар қатынастары Батур хонтайшы (1634-1654) билік 
құрған кезде шиеленісе түсті. Онан кейінгі жоңғар хандары (Сенге, халдан) 
Оңтүстік қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетін қалаларды өздеріне 
қаратуға 
тырысты. 
1718 жылы Тəуке өліп, орнына Болат хан болған кезде, қалмақтардың қазақ 
жеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің 
артиилерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың əсері күшті болды. 1709 
жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына 
айдалды, осында Ертістің бойында Бухгольцтің экспедициясы құрамында 
Кереку қаласының маңында 1715 жылы қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 


жылға дейін қалмақтардың қолында болды. Ол қалмақтарға зеңбірек құюды, 
баспахана 
жасап, 
əріп 
құюды 
үйретеді.
Жан-жақты əскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 жж. қазақ жеріне 
басып кіріп соғыс жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені жағасында 
қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Келесі жылы жоңғарлар 
қазақтарды Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады. 
1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне тағы да соғысуға келді. 
Шуна Дабо деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі бағытта жүруі тиіс еді. 
Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, 
екінші бағыт қазақтарға соққы беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл 
жоспарды іске асыру үшін əскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу 
Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына 
топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың 
адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзені бойына, Кеген өзенінің солтүстік 
жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен тауы баурайына 
орналасты.
1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы болған еді. Осы жылдың көктемгі 
төл алу кезеңі мен жазғы көш-қону жұмыстарымен айналысып жатқан қазақ 
еліне тосыннан, күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы шапқыншы 
жоңғарлардың саны осылайша 70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ 
еліне кірді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, əн 
ұраны «Елім-ай», сол кездегі ауыр күндердің өшпес ескерткіші болып 
табылады. 
Бейғам отырған қазақтар аяусыз қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді 
қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа 
шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен Ходжентке 
қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы Хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың 
біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді 
"Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деп атады. "Елім-ай" деген əн туды. 
Халық жəне батырлар ең соңында бірігудің қажеттігін түсінді. Дəл осындай 
ауыр кездерде халықтың ішінен суырылып алға шығып, халықтың қамын 
ойлаған атақты Хандарымыз бен билеріміз жəне халықтан шыққан 
батырларымыз 
да 
болды. 
Бұқар жырау өзінің 29 толғауында қазақ батырларының аттарын атайды. 
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, 
Шақшақұлы Жəнібек, Албан Райымбек, Бəсентин Малайсары, Уақ Баян т.б. 
батырлар.
Осындай ауыр кезде еңсесі түскен елдің есін жиғызып, зар жылаған 
халықтың көз жасын тиғызған атақты билеріміз болды. Халықты алқалы 
жиынға шақырған да сол бабаларымыз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет