Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в ХҮ-ХҮІІ веках: история,
политика, дипломатия. Алматы, «Дайк-Пресс», 2002. 89-177 стр.
http://www.bankreferatov.kz/ru/kazakstan-tarihi
№28 дəріс
Тақырыбы: Қазақ хандығындағы құқықтық жүйе жəне батырлар мен
тархандар институты
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Тəуке ханның билер институтын қалыптастыруы
2. «Жеті жарғы» заңдар жинағы
3. Қазақ билер мен батырларының қызметі.
Дəрістің мақсаты:
Қазақ хандығындағы құқықтық жүйе жəне батырлар мен
тархандар институтының қалыптасуы туралы мағлұматтар жеткізу.
Дəрiстiң мазмұны:
Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ
қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы-
«Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан
қалыптасқан əдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде
мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат)
заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды.
Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне («ақсақалдар
ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мəнді өзгерістер енгізеді.
Халық бұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны
жаңадан көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап
кеткен.
Достарыңызбен бөлісу: