Бағдарламасы (Алматы, 2011) негізінде құрастырылған


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет67/114
Дата28.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#130819
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   114
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:


1.
Тəуке хан билік басына келген тұста Қазақ хандығының ішкі жағдайы 
қандай еді? 
2.
Елді басқару ісін дұрыс жолға қою үшін Тəуке хан қандай шараларды 
жүзеге асырды? 
3.
Билер Кеңесінің ролі қандай болды? 
4.
«Жеті жарғыны» жаңғырту, заңдастыру не үшін қажет болды? 
5.
«Жеті жарғының» Қазақ хандығының əкімшілік-құқықтық жүесін 
реттеудегі алатын орны қандай?
 Əдебиеттер: 
Ч.Мусин. Қазақстан тарихы. А, 2003 ж. 
Х.Маданов. Қазақ халқының арғы-бергi тарихы. А,1995. 
Қазақстан тарихы(көне дəуірден бүгінге дейін) ІІ том. Алматы, Атамұра, 
1998. 408 бб. 
Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в ХҮ-ХҮІІ веках: история, 
политика, дипломатия. Алматы, «Дайк-Пресс», 2002. 89-177 стр. 
№29 дəрiс 
Тақырыбы: Қазақ хандығы сыртқы саясатының бағыт бағдарлары 
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Орыс мемлекетімен байланыстар 
2. Қазақ хандығындағы орыс елшілерінің қызметі, қазақ феодалдары мен 
сібір хандығы 
3. Орта жəне Алдыңғы Азия елдерімен сауда –экономикалық 
байланыстар 
Дəрістің мақсаты: 
Қазақ хандығының ХҮІІІ ғасырдағы сыртқы саясаты 
жəне көрші мемлекеттермен байланыстары туралы баяндау. 
Дəрiстiң мазмұны: 
Тəуке ханның сыртқы саясаты атырабындағы елдермен 
тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда – саттық 
қарым – қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. 
Тəуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта 
Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға 
тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты 
тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған 
елшілер жіберген.
Ол кезде мейлінше жауласып алған жоңғарлар мен қазақтарды4 бітімге келе 
қоюы мүмкін емес еді.
XVII ғасырдың соңы мен XVIIІ ғасырдың басында жоңғар феодалдары қазақ 
хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрады. Олар Оңтүстік Қазақстанды жəне 
Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды 
кереуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты. 1681 – 1685 
жж. жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет жабуыл жасады, 
Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан ауылдарды күйретті. 
XVIIІ ғасырдың бас кезінде жоңғар əскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне 
жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып 
кірді .
Қазақ ханы Тəуке береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл 
күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға қарсы қалай 


төтеп беру мəселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық қазақ 
жүздерінің өкілдері бас қосты. Халықжасақтары құрылды, бұлар жоңғар 
əскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс баянды бола алмады. 
Өйткені бұл кезде жоңғарлар жұм (біріккен), қазақтар бытыраңқы болды. 
Қазақтың феодал шоншарларының арасындағы алаусыздық пен енжарлық, 
сыртқы жаудан қорғану үшін жалпы халық күшін жұмылдыруға кедергі 
болып отырды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар шабуылды қайта 
бастады. 1716 жылы бұлардың əскерлерінің негізгі бөлігі Іле өзенінен 
Аягөзге қарай жорық бастады. Нақ осы кезде жоңғарлардың отрядтары 
Абақанға қарай беттеп, Бие жəне Катун өзендерінің арасындағы жерді басып 
алды.
Тауке хан Россия мемлекетімен де тату, достық қарым – қатынас жасауға 
тырысты.
Алайда, Тəуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет 
етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халқының басым копшілігі 
көшпелі жəне жартылай көшпілі мал шаруашылығымен айналысқан жəне 
патриархалдық-феодалдық қатнас үстем болып отырған елде мұны жүзеге 
асыру мүнкін емес еді, оған қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүнкіндік 
бермеді. Сөйтіп, қазақ хандығы бытыраңқылық жағдайда кала берді. Əрине, 
бул бұрын- сонды Орта Азия өңірде тарих сахнасына шыққан көшпелі 
хандықтардың бəріне ортақ жағдай еді.
Солай бола турса да, Жəңгірдің баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында 
қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында «Əз 
Тауке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған сөң, қазақ 
хандығында асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты 
жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат 
жұмсаған мемлекет қайраткер деп, толық есептеумізге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет