Ескендір Зұлхарнайын Парсының патшасын қонаққа ша-
қырыпты да, аспазына:
– Сенің пісірген тамағың Парсының патшасын таңғал-
дыру керек! – деп тапсырма беріпті.
Аспаздың дайындаған асына қонақ түгіл Ескендір Зұл-
харнайынның өзі аузын ашып, көзін жұмып таңырқапты. Ең
ғажабы сол, дастарқанға қойылған тостаған ішіндегі то-
пырлаған қызыл шаянның бəрі қыбырлап жатыр екен.
– Мыналарың піскен бе? – дейді Ескендір Зұлхарнайын
сенер-сенбесін білмей.
– Иə! – дейді аспаз бас шұлғып.
– Өлген шаян жыбырлай ма? Қалай істедің?
– Оп-оңай, – дейді ақылды аспаз. – Қазанда қайнаған
шаяндардың астына жаны бар жалғыз шаянды салып қой-
дым. Сол жыбырласа, бəрі де жыбырлайды.
(Баяғы заманның əфсанасы)
Қанша досым қайнады қара суда,
Тағдыр, бəлкім, жазбады əрі асуға.
Ас болды деп патшаға қанша шаян,
Ағайынның, қайтейін, жаны ашуда.
Бастан өтіп барады баянды шақ,
Жақсылыққа сонда да жаям құшақ.
Өліп қалған өмірді
Жыбырлатар
Жалғыз тірі үмітім шаян құсап.
79
№36
Ж±МА С¦ЛЕМ
Дəрігер бір кісіден:
– Сіз түс көргенде тісіңізді қайрайсыз ба? – деп сұрапты.
– Жоқ!
– Шын айтасыз ба?
– Əрине!
– Шырт ұйқыда жатып оны қайдан білесіз?
– Қарағым-ау, мен түнде тісімді стақанға салып қоям.
(Қазіргі заманның қалжыңы)
Баласымын қаны бар байрақты елдің,
Сатираның «сартісін» қайрап келдім.
Стақанға салулы
Азу тісі
Біз жақтағы бірталай қайраткердің.
№37
Ж±МА С¦ЛЕМ
Шекесіне шеге қақса кірмейтін бір шенеунік диссер-
тация жазды. «Сегізді екіге бөлсең төрт болады» деген
«жаңалық» ашып, «кандидат наук» атанды да, көп ұзамай
докторлық қорғады. Тақырыбы – сол баяғы «Сегізді бөлу».
Ашқан жаңалығы екеу:
1. Сегізді көлденеңінен қақ бөлсең, екі «нөл» шығады.
2. Егер сегізді тігінен бөлсең, екі «үш» шығады.
(Қазіргі заманның қалжыңы)
Ілім-білімін атақ, мансапқа арнаған адам алтын қасық-
пен нəжіс жегенмен бірдей.
(Қасиетті хадис)
Шенеуніктер несіне жан қинапты?
Атақ қуып, ғылымды аңди қапты.
80
Əл-Фараби ашса да көп жаңалық,
Қорғаған жоқ ол бірақ кандидатты.
Бөкейханов бітірген көп тірлікті,
Көсемсөзден көреміз өткірлікті.
Атақ үшін алысса «Алашым!» деп,
Көздеген жоқ ол неге докторлықты?
Мынау күліп қараса, анау күліп,
Ғалымсымақ жандарда бар-ау былық?
Қайран ғылым,
Қашты ма қасиетің
Жыртығына мансапты жамау қылып?..
81
№38
Ж±МА С¦ЛЕМ
Бірде «Запорожец» «Мерседеске» мақтаныпты. Не деп?
– Бе-бе-еп! Сигналым күшті. Моторым мықты. Көле-
мі 1197 куб.см., 42 аттың күші бар, сағатына 120 км жыл-
дамдықпен құстай ұшамын!..
Сонда «Мерседес»:
– Слушай, «Запор», бұл достижение емес! – депті. –
Менің двигателімнің объемы 5789 куб.см., мощность 367
лошадиных сил, ты знаешь... менде 12 цилиндр бар. Макси-
мальная скорость 250 км/час. Так что засунь свой мотор
знаешь куда...? Артыңа тығып қой.
Лəм-мим демей, міне, содан бері «Запорождың» моторы
артында екен.
Достарыңызбен бөлісу: |